7


Р дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Р дыбысы мен әрпі.

1 Дыбыстың артикуляциясын,әуезін білу.

2 Көру,есту,еске сақтау қабілеттерін фонематикалық түйсіктерін .сөздік қор, таным белсенділіктерін дамыту.Грамматикалық құрлым,байланыстырып сөйлеуін дамыту.

3Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.

Материалдар:Суреттер қысқы ойындар,құстар,жануарлар,жеке суреттер,сюжеті суреттер,өлең,мәтін,жұмбақ,жаңылтпаш.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.

Қазір қандай жыл мезгілі?

Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

Видео жаттығу:Оқушылар сабақты бастамас бұрын жаттығулар жасап алайық.

Сабақтың тақырыбын хабарлау. Тақтаға ит пен қасқыр ілініп, қандай жануарлар екендігін сұрау. Қандай дыбыс шығарады. Р дыбысы

Бізде р дыбысын қолданамыз. Қане сендер айтып көріңдер.

Артикуляциялық,акустикалық белгілеріне мінездеме Р-Тіл ұшы таңдайдың алғы жағынакөтеріледі,қатыңқы,арқа тұсы көтеріңкі,бүйірлері жоғары азуларға тиеді.жабысқан.Еріндер аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді.Тістер жақындаған кезде кішкене саңылау 1-2мм қалады. Дыбыстың белгісі,қандай үйге орналастыратындарын айту Р-дауыссыз,көк үйде орналасады.

Рдыбысын дыбыстағанда неге ұқсайтынын айту.(күннің күркүріне,мотор,ұшақ тұтанд.)

Буында айту. а)ра-ро-ро, ро-ру-ру-ра рұ-ро-рұ-рұ

Сөзді аяқта: Бо - ррр, то - ррр, қа - ррр, та - ррр, со - ррр

Саусақ моторикасын дамыту: мозайкамен Р әріпін жазу.

Алақанды қаламсаппен жаттықтыру. Дәптерге Р әріпінің үлгілерін бастырып жазу.

Саусаты жаттықтыру: Бала, бала, балақан,

Қане қайссы алақан.

Саусақтарың әйбат.

Былай, былай ойнат.

Балан үйрек, ортан терек

Шылдыр шүмек, кішкене бөбек,

Бас бармақты ұмыттық,

Саусақтар болу үшін тату.

Оларды керек қосу, қимылдарды орындату.

Фонематикалық қабылдауларын дамыту. а)Р дыбысы бар сөзге қол соғу.

ә )Р дыбысының орнын көрсет.

Ғарыш,шағала,торғай,құс,қарлығаш,табиғат,мысық,радио,орман,арба,лақ,

Тақтамен жұмыс: жануарлар мен құстарды ажырату, және атап шығу

- Қандай Р дыбысы бар сөздер білеміз? (күрте, тор, бор.т.б)

Қандай құстар бар?(қарға,торғай,қарлығаш,бүркіт,сұңқар)

Сергіту жаттығуы . Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Сұраққа жауап бер. Жатыр еді сұр күшік,

Өте берді бір мысық.

Күшік оған: «Ыррр» - деді

Мысық тұрып: «Бррр» - деді

Күшік қайтты?

Мысық қайтты?

Суретті ата: берілген суретті атау, және түсіндіру.

</ Қортынды . Қандай дыбыспен таныстық? Қандай тапсырма қиын болды?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал