7


  • Учителю
  • Конспект к уроку 'Параллельное и последовательное соединение' (10 класс)

Конспект к уроку 'Параллельное и последовательное соединение' (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Цель урока: познакомить учащихся с последовательным и параллельным соединениями проводников, систематизировать знания о закономерностях последовательного и параллельного соединений проводников, развивать способности учащихся анализировать, сравнивать, делать выво
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: § 41.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау ережелерін түсіндіру, алған білімдерін күнделікті тұрмыс қажеттілігінде қолдана білуге үйрету

Ә) Тәрбиелік: оқушыларды ептілікке, іскерлікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Б) Дамытушылық : оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз бетімен ізденуге дайындау, шығармашылық дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: тәжірибелік, сұрақ-жауап,түсіндіру,деңгейлеп оқыту,тестік жүйе

Пән аралық байланыс: математика, информатика, сызу,тарих.

Пайдаланатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, карточка, тест, ток көзі, жалғағыш сымдар, амперметр, вольтметр, шамдар, кілт.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Өткен тақырыптар бойынша сұрақ-жауап жүргізу

1.Өткізгіштің кедергісі оның температурасына тәуелді бола ма? Формуласы қандай?

2. Кедергінің температуралық коэффициентінің өлшем бірлігі қандай?

3. Сұйық өткізгіштердің кедергілерінің температураға тәуелділігі туралы не білеміз?

4. Асқын өткізгіштік дегеніміз не?

5. Электр тогы дегеніміз не?

6. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай айтылады?

7. Ток күшін қандай әріппен белгілейді,қандай құралмен өлшейді,

өлшем бірлігі?

8. Электр кернеуін қандай әріппен белгілейді, қандай құралмен

өлшейді. өлшем бірлігі?

9. Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не, өлшем бірлігі?

Б) Миға шабуыл: Суретте берілген сызбалардан жіберілген қателерді табыңдар.




В) №4 есеп.Есептер жинағы

Бер: l=2 км = 2∙103м Шешуі: Есептелуі:

R=8,5 Ом

ρ =1,7∙10-8 Ом∙м

Т/к: m-?




Жауабы: m=71,2 кг.


III. Жаңа сабақ

§ 41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.


  1. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса,онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.


I = I1 = I 2 = ... = In

U = U1+ U2 +... +Un

R =R1 + R 2 +... + R n


  1. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.

U = U 1 = U 2 = ... = U n

I = I1+ I2 +... +I n

1/ R = 1/ R1 + 1/ R 2 +... + 1/ R n

ІҮ. Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс

20-жаттығу № 3 есеп.

Бер: R1= 20 Ом Шешуі: Есептелуі:

R2= 30 Ом Iт= U/ (R1+R2) Iт= 24В / (20 Ом+30 Ом)= 0,48 А

U= 24 В Iп = U /R1+U/R2= Iп= 24В∙ (1/ 20 Ом + 1 / 30 Ом) = 2 А

Т/к: Iт=? Iп=? =U∙ (1/R1+1/R2)

Жауабы: Iт = 0,48 А In=2 А

20-жаттығу. №2

Бер: R1=44 Ом Шешуі: Есептелуі:

I1= 5 A U1 = U2 R2=5 A∙ 44 Ом / 0,8 А = 275 Ом

I2= 0,8 A I1 R1 = I2R2

R2 = I1 R1 /I2

Т/к: R2-? Жауабы: 275 Ом


20-жаттығу № 4.

Бер: R1=R2=R3=R4=R5=120 Ом Шешуі: Есептелуі:

U= 220 В I = I1+I2+I3+I4+I5 I=5∙220В/120Ом≈ 9,2 А

Т/к: I-? I= U∙(1/R1+1/R2+ 1/R3+

+1/R4+ 1/R5)= U∙5∙1/R1=

=5 U /R1


Жауабы: 9,2 А



№ 583 - есеп (Есептер жинағы.В.И.Кем,Б.А.Кронгарт)

Бер: R1=60 Ом Шешуі: Есептелуі:

R2=12 Ом Rт=R1+R3+R4 Rт=60 Ом+15 Ом+3 Ом=78 Ом

R3=15 Ом 1/Rж=1/ Rт+1/R2 Rж=78 Ом ∙ 12 Ом/(12 Ом+78 Ом)=

R4=3 Ом 1/Rж=(R2+Rт)/Rт∙R2 =936 Ом2/90 Ом= 10,4 Ом

Т/к: Rж-? Rж= Rт∙R2/ (R2+Rт)

Жауабы. 10,4 Ом

Сергіту сәті.Интернеттен мәлімет


Ү. Жаңа тақырыпты бекіту

А) Тест сұрақтары

Б) Сәйкестендіру тесті

В) Кестемен жұмыс.


р/с

Өткізгіштерді қосу

Ток күші

Кернеу

Кедергі

1

Тізбектей қосу

I=I1=I2


U=U1+U2

R=R1+R2

2

Параллель қосу

I=I1+I2

U=U1=U2


1/R=1/R1+1/R2


ҮІ. Оқушыларды бағалау


ҮІІ. Үйге тапсырма §41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

20-жаттығу №1.


Сәйкестендіру тесті «Дәлдеп көзде»


Электр өткізгіштер

Жауабы

р/с

Шартты белгілер


Кілт


1

Электр шамы


2

Амперметр


3

Гальвани элементі


4

Вольтметр

5


Қосылмаған сымдардың түйісуі


6

Кедергі


7

Гальванометр


8

Өткізгіш сымдар


9


Оқушының аты-жөні -----------------------

Оқушының аты-жөні -----------------------

Тест сұрақтары

1.Өткізгіштерді қалай жалғағанда ток күштері тең болады?

А) Тізбектей В) Аралас С) Параллель Д)Тізбектей және параллель


2. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеу бірдей болады?

А) Параллель В) Аралас С) Тізбектей Д) Тізбектей және параллель


3. 7 кА болатын ток күшін Ампермен өрнекте.

А) 7000 А В) 700 А С) 0,7 А Д) 0,007 А


4. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланылады?

А) 220 В В) 120 В С) 360 В Д) 25 В


5.Өткізгіштерді жалғаудың неше тәсілі бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 1


6.Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншісінің соңы үшіншісінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды қалай атайды?

А) Тізбектей жалғау В) Параллель жалғау С) Тізбектей және параллель Д) Аралас жалғау


7. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесіне, ал ұштарын екінші В нүктесіне жалғасақ, онда мұндай жалғауда қалай атайды?

А) Параллель В) Тізбектей С) Аралас Д) Біртіндеп


8. Тұрмыстық қажеттер үшін өткізгіштерді қалай жалғау тиімді?

А) Параллель В) Тізбектей С) Аралас Д) Біртіндеп


9.Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін қалай атайды?

А) Түйін В) Қоспа С) Қиылысу Д) Жалғау


10. Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштің кедергісі, жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең бола ма?

А) Иә В) Жоқ С) Айырмасына тең Д) Көбейтіндісіне тең



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал