- Учителю
- Т-Д дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету
Т-Д дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету
Күні: | |
Маманның аты-жөні:
| Смагулова К - логопед |
Баланың аты-жөні:
| Нұржігіт Ислам |
Туған жылы:
| 20.12.2000 |
Аңгарымы: |
РОПЦНС, ЗПР
|
Тақырыбы: | Т-Д дыбыстарын дұрыс айтуға уйрету
|
Мақсаттар: Білімділік:
Дамытушылық: Тәрбиешілік:
|
Т-Д дыбыстары жайында балаға жасына және диагнозына сүйене отырып толыққанды мәлімет беру.
Тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасауларын дамыту. Өзін-өзі қадағалауға,өздігінен жұмыс істеуге үйрету Мәнерлеп оқу,сөйлеу қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорын байыту. Берілген тапсырмалар арқылы логикалық ойлау қабілетін, зейінің дамытып, сабаққа деген қызығушылығын тудыру.
Сабақ барысында ұстамдылыққа , шыдамдылыққа баулу.
|
Көрнекіліктер: | Мақта, сөйлеу ережесі, сюжеттік сурет, тақпақтар құстар туралы |
І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Дем алу жаттығулар ІІІ. Артикуляциялық жаттығулар ерінге және тілге
IV.Кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар.
VII. Сергіту сәті. VІII. Дәптермен жұмыс ІХ . Қорытындылау
Х. Үй жұмысы | Сабақтың барысы:
Психологиялық күйге келтіру Біз амандастық, ал біздің саусақтар бір-бірімен амандасқан жоқ Бас бармақ пен балан үйрек, Бас бармақ пен ортан терек, Бас бармақ пен шылдыр шүмек, Бас бармақ пен кішкене бөбек.
-«Қатты жел» - мұрынмен терең дем аламыз, ауыздан үрлеп шығарамыз. - Жел қалай соғады? /терең дем аламыз, шығарғанда үстел үстіндегі мақтаға үрлейміз/.
«Сағат» «Түтікше» «Жымию»
-Көк түске қарай қарайық. -Көк түс қай жақта орналасқан. -Оң жақта. -Қызыл түсті геометриалық фигураға қарайық. -Қызыл түсті геометриалық фигура қай жақта орналасқан? -Сол жақта.
1. Қайталау Сөйлеу ережелері: -Сөйлегенде асығыстық жасама -Әрдайым деміңді шығарып сөйле. -Әр сөйлем соңынан үзіліс жаса.
2. Айтбек бүгін екеуміз т-д дыбыстарымен жұмыс істейік. Сурет пен жұмыс. Л: - Мына суреттерде не бейнеленген? (Әліппе 40 бет)
3.Мен бастайын сен аяқта (ойын). Логопед сөз бастайды, бала «Т» дыбысын айтады. Логопед оқушы Логопед Ха т хат Са т сат Сү т сүт Кү т күт
Оқушы «Д» дыбысынан бастайды, логопед сөз жалғастырады. Оқушы логопед оқушы Д ос дос Д оп доп Д оға доға Д ана дана Д ала дала 4. «Қателеспе» ойыны Логопед: Мен бірнеше дыбыс, буын , сөз айтамын. Ал сен «т» дыбысын естісен қолынды көтер. А,л, м, р,л,т,а,м,б,т,ф,ж,г,т. Логопед: Мен бірнеше дыбыс, буын , сөз айтамын. Ал сен «д» дыбысын естісен қолынды көтер. И,л,д,б,р,д,г,ш,д,с,а,д.
Ептеп - ептеп жерден бидай терейік , 5. Әріп жұмбақ шешу. Ыдыста бар, кітапта жоқ. Допта бар, жапрақта жоқ. Дана деген сөзде, дараланып басында тұр.
6. Қатарды қайтала.
Т Д.....
«Добым менің» тақпақ жаттау. Добым менің, добым менің, Өзің неткен көңілді едің. Зымырайсың, қутындайсың, Бірақ менен құтылмайсың.
|