7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Салқын тағамдар Көктем салаты

Тақырыбы: Салқын тағамдар Көктем салаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Абай атындағы орта мектебі» ММ

Арнайы сынып мұғалімі

Амалбаева Раушан Қанатқызы

Сабақтың тақырыбы: Салқын тағамдар «Көктем» салаты.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Салқын тағамдар түрлерін, дайындау тәсілдерін үйрете отырып, қандай тағамдарды жатқызуға болатынын айтып түсіндіру, соның ішінде «Көктем» салатын дайындау тәсілдерін көрсету арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз беттерімен ас дайындай білу үшін керек азық түліктерді ажыраттыра отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, салатты дайындау арқылы ұсақ және ірі саусақ моторикасын жетілдіру, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Ас үйде жүріп күнделікті білуге тиіс гигиеналық талаптарды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай білуге дағдыландыру, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мерекелік дастархан дайындау үлгісі, ас үй құралдары, ыдыстары, майлық (салфетка) салқын тағамдар суреттері, «Көктем» салатының бейнебаяны және салат дайындауға қажет азық - түліктер, алжапқыш, бас киім.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, бейнебаян.

Жаңа сөздер: шалқан (редиска),

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

1. Психологиялық - педагогикалық дайындық жүргізу.

- Сәлеметсіңдер ме балалар! - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден өзгеше, себебі сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді тамашалау үшін сабғымызға апайлар қатысып отыр, олай болса амандасайық, Біз білімді баламыз, Сабақтан бестік аламыз. Қош келдіңіздер апайлар, Бүгінгі сабақта сіздерге Өте жақсы көңіл күй сыйлаймыз! - Бүгінгі көңіл - күйлерің қалай, қане мына смайликтер бойынша көрсетіп жіберейікші. - Көңіл - күйлерің өте жақсы болса, балалар сабаққа дайынсыңдарғой солайма?

Сабақ барысында балалар, мен сендерді бағалау үшін мынадай смайликтер (қуанған « 5», жымиған «4», мұнайған «3») беріп отырамын. Сондықтан сұраққа дұрыс жауап беріп, сабаққа белсенді қатысамыз.

Қауіпсіздік ережелері мен тазалық талаптарын қайталап өту. - Ең алдымен балалар біз күнделікті айтып өтетін қауіпсіздік ережелерін және тазалық талаптарын айтып өтейік, кім айтып береді?

Қауіпсізсіздік ережелері:

1.Техника қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауды естен шығарма;

2.Сулы қолмен электр тоғын ұстама;

3.Пышақ,шанышқы,қасықтармен ойнама;

4.Пышақты екінші адамға ұсынғанда сабын қаратып бер;

5.Пышақпен жұмыс істегенде абай бол;

Тазалық талаптары:

1.Отырған орнымызды таза,жинақы ұстау;

2.Әрбір оқушының өзінің алжапқышы,бас ормалы болуы керек;

3.Салат жасар алдында қолымыз жуылып,тырнақ болмауы керек;

4.Жасайтын салаттың көкеністері және ыдыстары,құрал-жабдықтар жуылған, таза болуы керек;

ІІ. Өткенді қайталау.

Мерекелік дастархан дайындау. - Жақсы, ал енді кім айтады өткен сабақта біз қандай тақырыппен танысып едік? - Мерекелік дастарқан дайындау.

- Олай болса, біз есімізге түсіріп бір қайталап жіберейік, кане кім маған мерекелік дастархан дайындауды кім көрсетеді? - Ас ішетін ыдыстарды аташы?

- Ас ішуге арналған құралдарға нелер жатады?

- Дастарханды сәндеу үшін тағы нелер қолдандық?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Дәптерге жазу.

Салқын тағамдар «Көктем» салаты. 2. Түсіндіру, көрнекіліктерді қолдану.

Қазақтың ұлттық салқын тағамдары мол болған. Бірақ оның кейбіреуі ғана болмаса дені ет өнімдерінен дайындалған. Мәселен, әсіп, бұжығы, қазы, қарта, жал, жая, піскен өкпе, бауыр, сүр ет, құйрық - бауыр, ішек - қарын секілдісалқын тағамдар ұлттық дастарханымыздың сәні. Оның үстіне бұл тағамдар ыстық күйінде де, салқын күйінде де тұтыныла беріледі. Қазір салқын тағамдар түрі, соған орай оның саны да күн сайын көбейіп, молайып келеді. Көптеген салқын тағамдардың құрамына көкөністер, көктер, дәмдеуіштер енеді. Ал олар витаминдердің, минералды</<font color="#252525"> тұздардың бірден-бір көзі болып табылады. Соның бірі көкөністерден дайындалатын «Көктем» салатымен таныс болайық.

Бейнебаян тамашалау. (күліп оян бағдарламасындағы Көктем салаты)

IV. Сергіту сәті.

Жай музыка ойнап тұрады.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.





V. Жаңа сабақты бекіту.

Ал, балалар, енді «Көктем» салатын өзіміз дайындайық. Арамызда саусағынан бал тамған аспазшымыз бар ма екен соны білейік, кім өз еркімен маған салат жасауға көмектеседі. Олай болса алдымен қолымызды жуып алайық, содан соң басымызға орамал, алжыпқышты байлап салат жасауға кірісеміз.

Бейнебаяннан тамашалағанымыздай бізге керек азық - түліктер: қияр(2),жұмыртқа (піскен 2), салат жапырағы (3), шалқан (5), көк жуа (2-3), сарымсақ (2), қаймақ (кесе).

Дайындалуы: барлығын жіңішке ұзыншалап турап ыдысқа салып, дәміне қарай тұз қосып қаймақпен араластыру. Енді тураймыз. Дайын болған салатымызды апайларға ұсынамыз, бізге бағасын берсін.

Астарыныз дәмді болсын!

Ал, кане балалар салатымыз дайын олай болса, мерекелік дастарханды дайындап жіберейік.

Оқушыларға дастархан жайғызу.

VI. Қорытынды. - Балалар, бүгінгі сабақта біз нені үйрендік, кім айтады? - Сендерге сабақ ұнадыма? Несімен ұнады? -Олай болса мен сендерді алдарыңдағы жинаған смайликтерің бойынша бағалаймын.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал