7


  • Учителю
  • «Біз өмірдің гүліміз» тақырыбындағы сабақ

«Біз өмірдің гүліміз» тақырыбындағы сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Біз өмірдің гүліміз»

(тұтығуды түзетуде логоритмиканы пайдалану)


Коррекциялық міндеттері: негізгі сөйлеу бұзылуын түзету, дұрыс тыныс

алудан бастап, негізгі психомоторлық қасиеттерді

дамыту.

Білімділік міндеттері: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру, қозғалыс

түрлерін музыкалық әуенмен, ырғақпен, өлшеммен,

музыканың мінезімен таныстыру және сәйкестендіру.

Тәрбиелік міндетері: балаларды Отансүйгіштікке, ұқыптылық пен

ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық түзете -дамыту

І.Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық жаттығулары.



ІІ.Дұрыс тыныс алу жаттығулары, музыкалық-ритмикалық қимылдар, ойындар, қысқа қайырымдар, жалпы дамытушылық тақпақтар, жаттығулар.

-Балалар, мына тақтадағы сызба бойынша тыныс алу жаттығуларын жасайық.

А.Н.Стрельникованың дем алу гимнастикасы.

  • «Өрт шықты ,сөндірейік» барлығы жұмыла үрлеу.

  • «Жанып жатырмын, иіс шығады» шұғыл шумен ауа жұту.Дем алу қысқа ,белсенді табиғи.Тек дем алу туралы ғана ойлау.(1 ереже)

  • Дем шығару -дем алу нәтижесі әрдайым дем алған сайын дем қанша, қалай шығуына бөгет жасамау-бірақ ауыздан шығару. Гимнастика жасау кезінде ауыз аздап ашық болу керек. Балалар ойнағанда жабайы адамдардай ойнайды. (2 ереже)

  • музыкалық-ритмикалық қимылдарымызды көрсетейік, аяқпен ұшбұрыш жасап, 2,4,8 сандарын айтып ритмикалық қимыл көрсету ( 3 ереже)

  • Бой жазу (разминка). Орныңда тұрып, алға-артқа бір аяқтан екінші аяққа ауысып жүру.Қадам басқанда ұзақ дем алу мүмкін емес. «аяғым маған ауа толтырып жатыр» деп ойлаңдар.

Қимылды меңгерген соң аяқты көтеріп, аздап сол аяққа жүгіне отыру, сол аяқты көтеріп -оң аяққа.Рок-н-ролл биі шығады.дем алуды ырғақты және жиі қайталау.(4 ереже)

Басты қимылдату.

1.Бұру.басты оңға,солға бұру.Басты бұрған сайын бір мезгілде мұрыннан дем алу.

2. «Құлақтар» Дене бұрылмайды,иықтар қозғалмайды.басты шайқаған сайын бір мезгілде дем алу.

3. «Кішкентай маятник» басты алға-артқа изеу,дем алу-дем алу.

-«Мысық», «Насос» басты қимылдар жасау.


«Шалғында » жаттығуы қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға және дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуге арналған.


Шықты үйрек шалғынға -

Кря-кря-кря...

Көңілді қоңыз ұшады -

Ж-ж-ж...

Мойынын созып қаз шықты -

Га-га-га...

Бұтақтарды жел шайқап -

У-у-у...

Суда қамыс шулады -

Ш-ш-ш...

Тағы да тыныштық орнады -

Ш-ш-ш ...


Қызықты логикалық тапсырма.


1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді Барлығы қанша болды?

2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан екі алма аз өсіп тұр.Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?




ІІІ.Фонетикалық естуді, артикуляциялық және ұсақ моториканы дамытуға арналған қол-қимыл ойындары.

А-а-а о-о-о у-у-у э-э-э


-үйде кішкентай бөпелеріміз бар ма?

жыласа қалай жұбатамыз?

(а -а- а, о-о-о,у-у-у,э-ээ)


  • тәтті тосап -сылақшы

  • ине -саңырауқұлақ

  • әткеншек -аттың тықылы

«Шешуін тап» ойыны


Мұғалім ауада саусақпен әріп таңбаларын жазады, ал балалар қай әріп екенін тез айтулары керек.Кім белсенді жауап берсе, сол оқушы жеңімпаз атанады.

А, Р, Л, С, П, Ш,И,М, Н,О







ІY.Ән айту,ойындар,билер.


Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің гүліміз

Жайнап өскен,

Жайдары төккен

Біз өмірдің гүліміз

Бал достыққа

Жолдастыққа

Шақырады әніміз

Тыныштықта

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз.

(ән айтып, билеу)




Y.Тыңдау-релаксация.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал