7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Математикалық ертегілер 1 сынып

Ашық сабақ Математикалық ертегілер 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Математикалық ертегілер



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,

танымдық, шығармашылық белсенділігін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: Цифрлар, үйрек, сәбіз, үй(сарай) алтын

сандық, алма, алмұрт.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ

Әлемде үлкен ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрларда өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Олар тату - тәтті өмір сүріп жатады, мысалы біреу он бес десе 1және 5цифрлары қатар тұра қалып 15 деген санды жаза қояды. Күндер өтіп жатады, не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп: Біз көппіз, ал сендер бар болғаны 10-сыңдар сондықтан біз сендермен мықтымыз дейді сандар. Цифрлар сандарға ренжіп қалады.

- Мақтаншақтар жоқ елге кетеміз. Сандар өздері қалсын деп цифрлар кетіп қалады.

Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады әркімнің өз үйінің есігіне нөмір жазайын десе жаза алмайды. Сонда сандар өз қателерін біліп, цифрларды іздеуге шығады.

- Балалар, цифрларды табуға көмектесіңіздерші дейді.

Ал енді осы сандарға цифрларды табуға көмектесейік.

«Ғылымдар патшалығында» әлемді таңқалдырған сарай бар екен. Бұл сарайға жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен. Ақылды, білімді, зейінділердің өзі сарайдың 4 қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді екен.

- Ал енді, біздерде өз білімімізді көрсетуіміз арқылы сандарға көмектесейік.

І - қақпа Жұмбақ шешу

1. Аулада бес үйрек

Қорада үш үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? (6)

2. Бүкірлеумін имекпін

Мойынындай үйректің

Сабағыңды білмесең

Мені аласың күнде сен

Бұл қандай баға? (2)

3. Бір шеңберде бір шеңбер

Көтеріп тұр білесіңдер (8)

4. Алмаға кеп күнара

Қонушы еді бір ара

Бүгін үш туысын

Ертіп келді бұл ара

Сонда бүгін алмаға

Келіп қонды қанша ара? (4)

5. Табақта 3 сәбіз

Қолымда 2 сәбіз

Қосқанда барлығын

Болады неше сәбіз? (5)

6. Бес алмұрттың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (2)

ІІ - қақпа «Тас қақпа»

Оқушылар математика патшалығына ену үшін алдымен «Тас қақпаны» ашуымыз қажет екен.

Тас қақпаның шарты мынадай екен:

Ал достарым, келіңдер

Біріңе - бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп

Өрнетің мәнін табыңдар

1. 4+а а=2,3,5

a-5 а=6,7,9

a+2 a=1,4,6

2. 5+2=? 8-?=7

2+?=4 ?-1=8

?+5=10 4+2=?

ІІІ. Қақпа «Күміс қақпа»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік

Арамызда тапқыр достар бар екен

Солардың енді жұмыстарын көрелік.

1. Тапсырма «Салыстыру»

4-4*2-2

3+2*2+4

8-3*5+4

6+2*8-5

7-3*4+4

5+2*3-2

2. Тапсырма «Жоғалған сандарды табу»

1,2,3,5,6,7,9,0

Сергіту сәті

Бір, екі, үш

Қарлығаш боп ұш

Төрт, бес, алты

Қарлығаш боп қалқы

Жеті, сегіз, тоғыз, он

Қарлығаш боп қон.

ІV. қақпа «Алтын қақпаны» ашу үшін бізге логикалық тапсырмалар берілген.

1. Айсара бір түсте қызыл 6 қызанақ жинады және қызанақтың көк түсінен 3 қызанақ жинады. Айсара қанша қызанақ жинады?

2. Теректе бес торғай отыр еді. Оның 2-і ұшып кетті. Теректе қанша торғай қалды?

3. Себетте 4 алма болды. Айжан себетке тағы да 3 алма әкеліп қосты. Себетте неше алма болды?

- Жарайсыңдар балалар, барлық қақпалардан өтіп міне цифрларды да таптық. Енді балалар, осы сандардың үйіне нөмірін қойып берейік.



Қорытынды:

- Балалар, біздер бүгінгі сабақта қандай ертегімен таныстық?

- Бүгін біз қандай тапсырмаларды орындадық?

- Осы тапсырмаларды қалай орындадық?

- Иә, дұрыс айтасыздар балалар ойлау арқылы ойымыздың шыңына жеттік. Ойлау арқылы бінеше тапсырмаларды орындадық.

- Сонымен сан неден құралады?

</ - Цифр нешеу болады?

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан

- дей келе бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал