7


Л дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Л дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Л дыбысын сөдер арасында, басында, аяғында дұрыс айтуға машықтандыру.

Түзете - дамытушылық мақсаты: баланың сөйлеу тілін, белсенді және енжар сөздік қорын, фонетико - фонематикалық есту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: баланы ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, айна, кеспе - әріптер, компьютер, кеспе - сөздер.





Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Біз тамаша баламыз,

Жайнай берсін даламыз.

Табиғатпен дос болып,

Қамқорлықпен қараймыз.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қандай ай?

  • Аптаның қай күні?

II. Артикуляциялық видео жаттығулар жасау.

  • Ал енді біз сабағымызды әдеттегідей артикуляциялық жаттығулардан бастайық.

  • «Күрекше» - тілімізді шығарамыз ерінге жатқызамыз, тілді бос ұстаймыз.

  • «Кесе» - тілімізді шығарамыз, айналасын көтереміз, «кесеге» тілімізді ұқсатамыз.

  • «Ине» - тілімізді шығарамыз, алға соғамыз.

  • «Тісімізді тазалайық» - тілімізбен жоғарғы және астыңғы тістерді тазалаймыз.

1. Дауыс жаттығуы: Өтілген дыбыстарды музыка әуенімен қайталау.

А ---- а ---- а О ---- о ---- о

А ---- у ----у А --- у ----о

- Балалар, Л дыбысының артикуляциялық кескінін естеріңе түсіріңдер.

- Л дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тиеді.

1. Буындарды дұрыс оқу.

Ла, лә, ло, лу, лү, лы, лі, ли, ле

2. Суреттерді ата. Л әрпін тауып көрсету

Лақ Піл Түлкі Жолбарыс Гүл Алма Алмұрт Қалам

3. Сергіту жаттығуы:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып - ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

4. Саусаққа арналған жаттығулар.

Бала, бала, балақан,

Қане қайссы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай, былай ойнат.

5. Дәптерге жазба жұмыстарын орындау: дәптерге Л әрпін жазу.

6. Буын тізбектерін қайталау.

Ла - ла - ла Ло - ло - ло

Ли - ли - ли Ле - ле - ле

Лу - лу - лу Лы - лы - лы

7. Л әрпін кеспе әріптер арасынан тауып көрсету. Таяқшалардан Л әрпін жазу, тақтаға үлкен және кіші Л әріптерін жазу.

8. Суретке жай сөйлемдер құрастыру.

</<font face="Times New Roman, serif">9. Сабақты қорытындылау

- Біз бүгін сабақта не істедік?

- Оқыдық, тыңдадық, сөйледік



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал