- Учителю
- 1 Cыныпқа арналған логопедиылық сабақ 'Ш дыбысы пен әрпі'
1 Cыныпқа арналған логопедиылық сабақ 'Ш дыбысы пен әрпі'
Сабақ тақырыбы: « Ш дыбысы мен әрпі»
Сынып: 1 сынып
Сабақ мақсаты:
1.Дыбыстың артикуляцясын, әуесіз білу.
2. Көру, есту,еске сақтау қабілеттерін, фонематикалық түйсіктерін, таным белсенділіктерін дамыту, сөздік қорын байыту.Грамматикалық құрылым, байланыстарын сөйлеуін дамыту.
3. Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру. Логопедиялық сабақтың ережесін қайталау:
Дыбыстарды дұрыс дыбыстаймыз,
Зер салып тыңдаймыз,
Әріптерді қатесіз жаза,
Оқимыз біз тамаша!
-
Сабақтың тақырыбын хабарлау.
Жұмбақ оқу.
Шананың да, шардың да,
Мен тұрамын алдында,
Менен ғана басталар,
Шұғыла да, шалғында.
(Ш әрпі)
-
Артикуляциялық, акустикалық белгілерін мінездеме. Ш-тіл ұшы таңдайдың алғы жағына көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, бүйірлері жоғары азуларға тиеді, жабысқан. Еріндер аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді.Тістер жақындаған кезде кішкене саңылау 1-2мм қалады.
Дыбыстың белгісі, қандай үйге орналастыратындарын айту.(Ш дауыссыз, көк үйде орналасады). Ш дыбысын дыбыстағанда неге ұқсайтынын айту (қаздың, жыланның ысылы, орман шуылы,дөңгелектің жарылы, шардан ауа шығаруы)
-
Әріппен таныстыру. Дәптерге жазу, не нәрсеге ұқсайтынын анықтау.
-
Буында айту. а) ша-шо-шо, шо-шу-шу-ша,шұ-шо-шұ-шұ
ә)Ұйқастар құрау: ша,шал,шар,шағала т.б
-
Фонематикалық қабылдауларын дамыту.
а) Ш дыбысы бар сөздерге қол соғу.
ә) Ш дыбысының орнын көрсет: ғарыш,шағала, шана,шалқан,қайшы.
б) Ш дыбысы бар сөздерді көшір: ғарыш, шағалай, торғай,құс, қарлығаш,табиғат,мысық,шалқан,шана,сақа,қайшы.
7. Ш дыбысын сөзде айту. Тез жауап береміз.
-Қандай Ш дыбысы бар құстарды білеміз? (Шымшық,қарлығаш,шағала, қаршыға)
-Ш дыбысы бар киімдерді ата? (шапан,шұлық)
- Ш дыбысы бар тағамдарды ата? (шұжық,шекер,тоқаш,бәліш, қалаш)
- Ш дыбысы бар мамандықтарды ата? (құрылысышы,ұшқыш,әнші,жүргізуші)
8.Сергіту сәті. Саусақты жаттығу
Құстар ұша жөңелді,
Қанаттарын сермеді,
Бір-біріне қарады,
Қанаттарын тарады.
9. Жаңылтпаш айту. Шеше, шеше неше кесе сынды кеше?
10. Ұйқас табу.
Аш-аш қарағай,шырша (ағаш)
Шу-шу әжем шашты (шашу)
Ша-ша балалық шақ (тамаша)
11. Байланыстырып айту. Аталған іс қимылдарына қарап кім? не? туралы айтып тұрғанымды табындар. Не себепті олай ойлайсыңдар?
Шырылдайды,ұшады,шоқиды.(торғай)
Баласы туралы ойлайды,бұзық болсаң ұрсады.(шеше)
12. Қорытынды. Қандай дыбыспен таныстық? Қандай тапсырма қиын болды? Келесі сабақта қандай тапсырма орындағыларын келеді?
13. Орындаған тапсырмалары (үшін балаларды мадақтау.