- Учителю
- Сабақтың тақырыбы 'Аяз би' 5 сынып
Сабақтың тақырыбы 'Аяз би' 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: « Аяз би » ертегісі
Сыныбы: 5 «А»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - «Аяз би» ертегісі бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау;
Дамытушылық - логикалық ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру;
Тәрбиелік - адамгершілік, инабаттылыққа, үлкенді сыйлауға, сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Мазмұнға байланысты міндет: ертегінің мазмұнын еске түсіре отырып, кейіпкерлерге мінездеме береді.
-
Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: проблемалық сұрақтарға жауап іздейді, кейіпкерлер іс- әрекеттеріне баға береді.
-
Топтық міндет: ынтымақтаса жұмыс атқарады, оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бірін - бірі тыңдайды.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық , интер. тақта, қима қағаздар,суреттер
Оқыту әдісі: Блум таксаномиясы
Сабақтың қаншалықты сәтті өткенін қалай білемін?
Сабақ соңында оқушыларға стикер таратамын, олар сабақ туралы рефлексия жазады.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру
кезеңі
2 минут
Сыныппен қалай сәлемдесемін?
Әдебиет бүгінгі күннің бірінші сабағы болғандықтан, барлық балаларды ортаға шақырып «шаттық шеңберін » құрамыз.
Оқушыларды қалай топтастырамын?
Ертегі түрлері бойынша топтастырамын
-
Қиял ғажайып ертегілері;
-
Хайуанаттар туралы ертегілер;
-
Шыншыл ертегілер.
Сабақты қалай бастаймын?
Сыныптың сабаққа деген көңіл-күйлерін анықтау.
Бір - біріне амандасып,бүгінгі күнде адам бойына қажетті жақсы қасиеттерді тілейді.
Ертегі түрлері бойынша топтасады.
Білу
3 минут
Миға шабуыл
Ертегінің басты кейіпкері - Жаманның ертегіде Аяз би атануының себебін анықтаңдар
Әр топтан бір - бір оқушыдан шығып, өз ойын дәлелдейді.
Түсіну
5 минут
Ой шақыру.
1. Мен адамды қалай бағалаймын?
"Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа ! Аяз әліңді біл" деген сөзді қалай таратып айтып берер едіңдер және қандай мақал - мәтелдермен ауыстыруға болады.
Бұрын елді хандар биледі, ал қазір елді кімдер басқарады?
Сен әкім немесе президент болсаң елің үшін не істер едің?/ Жазбаша
ой - пікірін айтады
Президент, әкімдер, министрлер, директорлар т.б
Өз ойларын дәптерлеріне түсіріп, болған соң, қалған топтармен ой бөліседі.
Қолдану
7 минут
- Есірген хан елді ермек етер.
- Көп жасаған білмейді,
- Көпті көрген біледі.
-Ақылды адам айтқызбай біледі,
-Ақсұңқар қаққызбай іледі.
- Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам
- Ақылды жетер мұратқа,
-Ақылсыз қалар ұятқа.
1/Хан бұйрығы
2/ Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі.
3/ Меңдінің Жаманды таңдауы.
4/ Жаманның сертке беріктігі
5/ Ханның өтірігіне жаманның жауабы.
6/ Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы.
Талдау
15 минут
Оқулықпен жұмыс
1.Уәзірлер не үшін жаманды адамның жаманы деп шешті?
2.Хан уәзірлерімен келісіп, жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды?
3.Уәзірлер неліктен құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?
4. Хан Жаманды қайда көшіріп жіберді
«Топтастыру» стратегиясы бойынша ертегінің тәрбиелік мәнін ашу
«Аяз би» ертегісінен қандай тәрбие аламыз?
1. Жаман мен уәзірлердің бойындағы қасиеттерді салыстыра отырып оларға ортақ қасетті табыңдар.
1 топ . Жаманның бойындағы қасиеттер боынша постер қорғайды.
2 топ. Уәзірлердің бойындағы қасиеттерге байланысты постер қорғайды
3 топ. Ертегілердегі халық арманы
- үстіндегі жыртық тоны мен басындағы тері тымағына, ұсқынсыздығына қарап
- Барсакелмеске
- Үстінде жүні жоқ, құстың жаманы осы деп қырғауылды атайды
- Ақша ханның еліне
Жинақтау
10 минут
1. Жаманға ұқсағың келе ме?
2. Қай қасиеті көбірек ұнайды.
3. Қазіргі жастар бойында осындай қасиеттер кездесе ме?
«Менің ертегіден алған әсерім».
Эссе жазу.
Бағалау
2 минут
Сен осы ертегінің қай жеріне өзгеріс енгізесің?
Ой бөліседі
Кері байланыс
1 минут
Оқушылар «Білім теңізі»арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Кеме,теңіз және маржан тастар арқылы кері байланыс жүргізеді.