7


  • Учителю
  • Н-Ң дыбыстарын ажырату (1 сынып)

Н-Ң дыбыстарын ажырату (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 2 күні 21.22.26 айы 01.2016 Логопед: Мауленова М.C

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: [Ң] -[Н] дыбысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

[Ң] -[Н] дыбыстарының айтылуын және артикуляциялық қалпын дамыту. : [Ң] -[Н] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір - бірінен ажыратуға үйрету.

Түзетушілік:

Оқушыларға «ң», «н» дыбыстарын жеке буында, сөзде дұрыс айтуын бекіту. Оқушының фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін дамыту, сөздік қорын көбейту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды үйрету.

Тәрбиелік:

Логопедті мұқият тыңдауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: [Ң]-[Н] әріптері, суреттер





Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсің бе!

- Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

- Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай?

- Бүгінгі сабағымыз қызықты өткелі отыр

Артикуляциялық жаттығулар



«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру - айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

«Сылақшы» ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау.









  • ІІ. Жаңа сабақ: Суреттердің атын атап және алғашқы дыбысын анықта. (Суреттер: карта,кілт,көбелек, ғарышкер, т.б.)

  • Суреттердің атаулары қандай дыбыстардан басталып тұр?

  • [Н] және [Ң] дыбыстары.

  • Олай болса, бүгінгі сабақта «н» және «ң» дыбыстарын сөз және сөйлем ішінде ажыратамыз.

  • Ң дыбысы:

  • Ерін - күліп тұрады

  • Тіл - астыңғы тістің түбіне тиеді

  • Н дыбысы:

  • Ерніміз жай ғана ашылады

- Тіліміз жоғарғы және төменгі тістердің ортасына тиеді.

1.Тапсырма Фонематикалық қабылдауын дамыту

«Дыбысты ұста» ойыны

[с],[к],[н],[ғ],[ң],[з],[н],[л],[н].

2.Тапсырма.Буын арқылы ажырату.

на-аң-ңе ни-иң-на аңа-ану-аңо

3.Тапсырма.Буын мен сөз арқылы ажырату.

«Мен бастаймын,сен аяқта!» ойыны

На-на-на-нан не-не-не-немере ің-ің-ің-теңіз

Оң-оң-оң -тоң но-но-но-ноқта Ең-ең-ең-тең

III.Сергіту сәті

Қорытынды.

</ -Балалар, бүгін қандай дыбыстармен таныстық?

-Қандай дыбыстарды ажыраттық?

-Ажырату барысында біз нелер жасадық?

Үйге тапсырма беру: [Ң]-[Н] дыбыстарын ажырату.Сөздер жаз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал