7


Рр дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Рр» дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: Білімділік:«Рр» дыбысын буында, сөзде дұрыс айтуға «Р» дыбысын сөзде дұрыс естуге, дыбысты әріппен сәйкестендіруге, ажыратуға, сөздерді буынға бөлуге үйрету.

Түзетушілік: Оқушының фонетико - фонематикалық есту қабілеттерін дамыту, зейіндерін, көріп қабылдауларын, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Мұғалімнің сөзін мұқият, тыңдауға, үлкендердің сыйлауға үйрету.

Көрнекіліктер: «Рр» дыбысының профилі, артикуляциялық жаттығулардың суреттері, айна, дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс, сөз сызбасы, сөйлем сызбасы, кеспе әріптер,суретті карточкалар.

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық:

  • Екі көзі не үшін керек?

  • Барлық жақсылықты көру үшін.

  • Екі құлақ не үшін керек?

  • Ақыл - кеңес тыңдау үшін керек?

  • Екі қол не үшін керек?

  • Елге көмек беру үшін.

  • Екі аяқ не үшін керек?

  • Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

II. Мимикалық гимнастика:

  • Көзімізді ашып - жұмамыз (қатты - жәй). Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз. «Жымию».

« Р дыбысының артикуляциясы» Алдымен «Р» дыбысының артикуляциясын назар аударамыз.

  • Ерін аздап дөңгеленіп тұрады.

  • Жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді.

  • Тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі.

III. Бағанадағы сөздерді оқытып, тексеру.

Ра -Ра - Ра Ри- ри - ри Сара

Ры - ры -ры Ро - ро - ро Тары

Ру - ру - ру Ру - ру - ру Сару

IV. Теріп оқу

  1. Буын санына байланысты оқу.

  2. Әріп санына байланысты оқу.

  3. Екі буынды сөздерді оқу.

  4. Үш буынды сөздерді оқыту.

V. Жаңылтпашпен жұмыс:

Қырық құрықтық,

Сырық қырықтық.

Ара- ара аралар,

Орманның бәрін аралар,

Гулдерден сорып бал алар,

Алысқа ұшып бара алар,

Бал тәтті ғой балалар.

***

Қырық құлып,

Қырық құрық.

Құлып та қырық,

Құрық та қырық.

VI. 1. « Қарға» тақпағын мәнерлеп оқу:

Қарға, қарға, қарғалар.

Қар үстінде жорғалар.

Шаң тозаңы қағылар,

Көбік қарға шомылар.

Құндыздай жүні құлпырар,

Қызынып буы бұрқырар.

Қарқ - қарқ етсе қарғалар,

Қар үстіне қар жауар.

2. Тоқылдақ ағашты қалай ақырады көрсет ( тр-р-р-р-р, тр-р-р-р-р).

Мысық қалай дауыста ( мр-р-р-р-р-р, мр-р-р-р-р)

Қарға қалай дауыстайды ( қар-р-р-р-р, қар-р-р-р-р).

VII. Балалар өз көңіл күйлерін қағазға салады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал