- Учителю
- «б-п» сөйлемдер мен мәтінде ажырату, сабақ жоспары
«б-п» сөйлемдер мен мәтінде ажырату, сабақ жоспары
«б-п» сөйлемдер мен мәтінде ажырату
Фонетико-фонематикалық қабылдауы толық жетілмеген,
оқу жазу жағы дамымаған .
2 «а» класс.
Мақсаты: Білімділік: Сөз соңында «б» мен «п» дауыссыз дыбыстарын жазуда ажырата білуді меңгерту. Сұрақтарға толық жауап бере білуге дағдыландыру. Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдерін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Сауатты көркем жазу дағдыларын, дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыту. Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету-фонематикалық есту қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлауын, сурет бойынша сөйлем құрап айту дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі: суреттер, карточкалар, айна
І Психологиялық жаттығу
-Біз бәрін де білеміз, біздің қолымыздан бәрі келеді.
-Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.
-Біз сабағымызды жақсы өткізуге тырысамыз.
-
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
-
Көктем мезгілі қандай? (Көктем жылы)
-
Бүгін сәуірдің нешінші жұлдызы?
-
12-сәуір қандай мереке?
-
Дұрыс-ақ... «Ғарышкерлер күні».Олай болса, ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім? Біздің Қазақстаннан ұшқан ғарышкер кім ?
-
Жарайсыңдар, балалар.
Ал, енді сабағымызды жалғастырайық!
І тапсырма.
-
Төмендегі сөздерге «ы,і» әріптерінің тиістісін қосып жаз.
Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, көп, шөп, талап.
-
Бұл сөздердегі «п» дыбысының «б»-ға айналуы қай дыбыстың әсерінен деп ойлайсың?
-
Жарайсыңдар балалар! Олай болса, балалар, сөз соңында «б» естілгенімен «п» әрпі жазылу керектігін меңгереміз.
-
Ал, енді балалар, «Тіл туралы ертегіні» айтайық.(артикуляциялық, дем алу, шығару жаттығулары)
ІІ тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, мақалды жатқа жаз.
а) Кіта...-білім бұлағы.
Мекте...-білім бесігі.
ә) Кәсі..., тү...і, нәсі...і.
Сергіту сәті.
Саусақтарды қосамыз,
Қолдарымызды созамыз,
Аспандағы бұлттарды
Жан-жаққа біз қуамыз.
Ребусты шеш
«Естігенде шапалақта» ойыны. (Ойын барысы : берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардың, сөздердің арасынан, берілген дыбысты белгілейді.)
А,с,ғ,б,т,ш,ц,ж,п,м,з,к,б,т,л,п,д
Ма, ба,ға , ша,ту,па, бе, су, ме, жу, бу, ре, пе, до.
Күз, барыс, кітап, қалам, сурет, мектеп, ұстаз, гүл, құмыра, апа
ІІІ. Тапсырма Мәтінмен жұмыс. Көп нүктенің орнына «п,б» әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемді оқу.
-
Болат төрт сұраққа жауа... жазды. Бір сұрағының жауа...ы дұрыс болмады.
-
Жарысқа алты то... қатысты. Бақыттың то...ы жеңімпаз атанды.
Саусақ-қол жаттығуы: күріш пен бұршақты пайдалана отырып, п және б дауыссыз әріптерін жазу.
ІV. Тапсырма. Суреттегі б,п дыбыстары кездесетін сөздерді ата.
(Кітап, доп, дәптер)
V. Қорытындылау
-
Біз қандай ойындар ойнадық?
-
Сөз соңында «б» естілгенімен қандай әріп жазылады?
V. Бағалау.
Пригород орта мектебі
«б-п» сөйлемдер мен мәтінде ажырату
Логопед Жанбаева Ж.К.
2015-2016 оқу жылы