- Учителю
- Ш дыбысын буындарда машықтандыру
Ш дыбысын буындарда машықтандыру
Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысын буындарда машықтандыру
Мақсаты:
Білімділік: ш дыбысының артикуляциясы мен жеке айтылуын анықтау. Ш дыбысын буындарда дұрыс айтуға үйретуді жалғастыру. Сөздердегі аталған дыбысты табуға жаттықтыру
Түзетушілік: бағытталған ұзақ ауа ағынын қалыптастыруды жалғастыру. Саусақ бұлшық етін дамыту
Тәрбиелік: жануарларға деген сүйіспеншілікті арттыру
Көрнекіліктер: суреттер
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Назарларын сабаққа аудару. Күннің жадын сұрау.
ІІ. Мақсатты баяндау
Бүгінгі сабақта ш дыбысын буындарда машықтандыруға үйренеміз.
ІІІ.Артикуляциялық жаттығу
Ерте-ерте ертеде бір көңілді тіл өмір сүріпті. Ол өте тынымсыз екен. Тіл өмір сүретін үйдің қоршауы әдемі және биік болады. «Қоршау» жаттығуын жасау. Таңнертең Тіл қоршаудан шығып, шеңбермен жаттығу жасағанды ұнатады. «шеңбер» жаттығуын жасау. Жаттығу жасап болғаннан кейін Тіл міндетті түрде серуендеп келеді. «серуен» жаттығуы. Серуендеп келгеннен кейін Тіл шай ішіп алғанды жөн көрді. «кесе» жаттығуы. Шай ішіп болғаннан кейін су жағасына барады. Судан үлкен қайықты көреді. «қайық» жаттығуын жасау. Бір кезде қатты жел соғады: -шшшшшшш
ІV. Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға байланыстырып сөйлеуіне енгізу
Буындарды қайталау
Ша
Шо
Шу
Ше
Ши
Суретпен жұмыс
-Балалар енді берілген суреттерден ш дыбысы кездесетін сөздерді табыңдар.
Шапан, кеудеше, шұлық
VI. Дыбыстық талдау және жинақтауды қалыптастыру
-Шұлық сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (ш)
-ал екінші дыбыс ше? (ұ)
-үшінші дыбыс? (л)
-төртінші дыбыс ше? (ы)
-бесінші дыбыс? (қ)
-сөзде неше дыбыс бар? (5)
-неше дауысты дыбыс бар? (2)
-неше дауыссыз дыбыс бар? (3)
-сөзде неше буын бар? (2)
Шұлық сөзін қатыстыра отырып, сөйлем құрастырыңдар.
-Мен сендерге сөз айтам сендер сөздің бірінші дыбысын тыңдап отырыңдар. Бірінші дыбыстардан жаңа сөз шығады. Шағала, аққу, мысық- Шам сөзі шығады.
VII. Үйге тапсырма
Ш дыбысына қатысты сөздер ойлау және оларды суреттеуге болады.
VIII. Қорытынды
-Қай дыбыспен жұмыс жасадық?
-Сабақ ұнады ма?