- Учителю
- Конспект на тему 'Түстер Ш дыбысы'
Конспект на тему 'Түстер Ш дыбысы'
Технологиялық карта
Күні,айы,жылы : 14.01.2016 ж
Түзету сабағының тақырыбы: Тіс аралық дыбыстарды қою және автоматтандыру ш дыбысы
Сабақтың тақырыбы : Дыбыс және әріп «Ш» Түстер әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: түстер тақырыбын меңгерте отырып,ш дыбыстын буында,сөзде дұрыс,анық айтуға үйрету .Дененің бұлшық еттерін және артикуляциялық аппаратты ерікті түрде меңгерту біліктіліктеріне үйрету.
Дамытушылық мақсаты: фонематикалық есту қабілетін жетілдіру,ойлау қабілетін,қабылдауын дамыту.Балалардың ұсақ қол моторикасын ,тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: түстерді ажыратып үйрету.
Көрнекіліктер : айна,суреттер, кемпірқосақ, жалмауыз кемпірдің суреттері
Іс -әрекет кезеңдері
Логопедтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -оятушылық
-Саламатсыздарма оқушылар?!
Сәлемдесейік иіліп,
Жылы жүзбен жымиып.
Қызығы мол сабақта
Ойнайық та күлейік.
Балалар хормен айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Ұсақ қол моторикасын дамыту
«Саусақтар сәлемдеседі»
«Жұдырық,тақтай,алақан»
Артикуляциялық жаттығу
-
«Күрекше»
-
«Алтыбақан»
-
«Сылақшы»
Тыныс алу жаттығуы: «Көбелекті гүлге қодыр»
Жаңа сабақ
-Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Түстер әлеміне саяхат» деп аталады.Ендеше,балалар,қандай түстерді білесіңдер?
-жарайсыңдар!Түстер адамға сән береді,айналаны құбылтады.Егер түстер болмаса барлығы көңілсіз болар еді.Сондықтан түстер бізге қажет екен.Ал мынау кім балалар?
-Дұрыс айтасыңдар бұл Кемпірқосақ пен Жалмауыз кемпір.Кемпірқосақ көңілсіз,себебі оның түстерін Жалмауыз кемпір тартып алыпты. Ал мыстан кемпір түстерді берсін десеңдер,мына мыстанның тапсырмаларын орныдау керек.
-Енді сол әрбір түсте бір тапсырма бар.Кім түстердің тапсырмасын жақсы орындаса сол кемпірқосақты бояйды.
1-тапсырма. Қызыл түс
Ш дыбысының айтылуын еске түсіреміз.Ш дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұқсайды.Тілдің ұшы жоғары тістерге тіреледі,жылы ауа пайда болады.
Тілді жоғары:ша-ша-ша -біздің шана тамаша
2-тапсырма.Көк түс
«Кім зейінді?» ойыны
Әртүрлі буындардың ішінен Ш дыбысын естігенде жалаушаны көтеріп,буында қайталайсыңдар: са,му,қа,па,ша,су,ма,ле,шу,ба,ме,лу,ше.
3-тапсырма,Сары түс
Кім жақсы естиді екен? Мен Ш дыбысына сөз айтамын.Ал сендер ш дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында кездесуін қолдарындағы сандар арқылы анықтайсыңдар.Шана,қуыршақ,шалбар,машина,қаш.
4-тапсырма.Жасыл түс.
«Қай баған?» дидактикалық ойын.
Сурет бойынша с дыбысынан басталған сөздерді с бағанына,ш дыбысынан басталған сөздерді ш бағанына орналастару қажет.
5-тапсырма.Қызғылт-сары түс
Жаттамақты жаттап айтады.
Ша-ша-ша біздің мектеп тамаша.
Ші-ші-ші менің ағам суретші.
Ша-ша-ша әжем шашты шашу.
6-тапсырма.Ал қызыл түс
«Бұл қалай өзгереді?» ойыны
-Мен түбір сөздер айтамын, ал сендер түбірге тиісті жұрнақ жалғау арқылы жаңа сөз жасайды.-шы немесе -ші
Мал ...
Сауын...
Би...
Оқу ...
7-тапсырма.Күлгін түс
«Мен бастаймн,сен аяқта» ойыны.
Мен сөйлемді бастаймын,сендер суреттен көргендерің бойынша сөйлемді аяқтайсыңдар.
1 Шора (шанамен ойнады)
2Пештің қасында сары (мысық отыр)
3 Әжем (шәйнекпен шай ішті)
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Дөңгелекті құрайық.
Қолымызбен шапалақтап,
Алақанда ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Сауық-сайран құрайық.
Бас,иық,тізе саусақ.
Аяқ,аяқ,аяқтар,
Саусақ,саусақ,саусақтар.
-Кемпірқосақты бояп,мыстанға сыйға тартайық.
Жаттап айтады.
Мадақтау