7


  • Учителю
  • Сабықтың тақырыбы: «Р» дыбысының буындарда, сөздерде дыбысталуын сабақта бекіту.

Сабықтың тақырыбы: «Р» дыбысының буындарда, сөздерде дыбысталуын сабақта бекіту.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Сабықтың тақырыбы: «Р» дыбысының буындарда,сөздерде дыбысталуын сабақта бекіту.

Сиқырлы зообаққа саяхат.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: «Р» дыбысының дұрыс дыбысталуын бекіту.Фонетикалық естуді дамыту.Буындарда,сөздерде «р» дыбысын анық айта білу.

Түзету:Сөйлеу аппаратының қозғалысын , ойлау процесін бекіту.Есту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды сабақ бойы жұмыс істеуге, достыққа тәрбиелеу,

Көрнекі құралдар: Үлестірмелер.

Буын тізбектері

Траффареттер, қарындаштар,айналар, ойыншықтар

АКТ.

I Ұйымдастыру кезеңі:Балалар, бүгін біздің сабаққа қонақтар келді.Бәріміз Амандасамыз.

-Сәлеметсіз бе!(отырамыз)

Бір бірімізге жылы жүзбен қараймыз ,жұмысты жақсы қөңілмен бастаймыз.

II Бізге сабаққа арыстан келді

-Арыстан қайда тұрады?

-Орманда, далада.Иә, Дұрыс.

- Тағы қайда тұрады?

-Зообақта болады.Қандай аңдарды білесіндер?(Қасқыр, түлкі, аю, піл,қоян т.б.)

Балалар, тіл мен ерінге арналған жаттығуларды орындаймыз, кім дұрыс орындайды, арыстан соған жұлдыз силайды.Дұрыс отырамыз, қолымызға айна аламыз, менімен бірге қайталайсыңдар.


Артикуляциалық жаттығулар

1 «Күрекше» - тілімізді шығарамыз ерінге жатқызамыз, бос ұстау.

2 «Кесе» - тілімізді шығарамыз,айнала көтереміз, «кесеге» тіліміз

ұқсайды

3 «Ине» - тілімізді шығарамыз, алға созамыз


4 «Тісімізді тазалайық» - тілімізбен жоғары және астынғы тісті тазалайық.


5 «Тоқылдақ» - тілімізбен жоғары көтеріп, таңдайымызды тоқылдатамыз.


Біздің тіліміз «Р» дыбысын қайталау, мысалы : Р-Р-Р-Р

III Дыбыс мінездемесі, дұрыс артикуляциалық дыбыс

«Р» - дыбысын айтқанда, тіліміз қайда болады?

  • Үстінде, тіліміздің ұшы қозғалады.

«Р» -дыбысы дауысты ма,дауыссыз ба?

«Р» -дауыссыз дыбыс.

IVБалалар, біз сиқырлы зообаққа саяхатқа барамыз.

Зообақта қандай аңдар тұрады?

- қасқыр

- жолбарыс

- арыстан

Тағы қандай аңдар бар?(Қоян, түлкі, піл т.б.)

Зообаққа біз барамыз

Барған сайын қуанамыз

Пингвиндер мен балықтар,

Арыстан мен аюлар

Қасқыр да бар, түлкі бар

Бәрі жақсы, тату -тәтті тұрады


Арыстан аңдардың патшасы, ол маған ақырын айтты,тамағым аурып тұр ырррылдамайды.Біз көмектесеміз.Иә.

V«Р» дыбысының буындарда, сөздерде байланысы/тақтамен жұмыс/

Р -дыбысына А -дыбысын шақырамыз

Қандай буын пайда болады?

Ра ,қайталаймыз Ра

Р - дыбысына О -дыбысын шақырамыз

Қандай буын пайда болады?

Ро, қайталаймыз Ро

Р -дыбысына У - дыбысын шақырамыз

Қандай буын пайда болады?

Ру, қайталаймыз Ру


Ра -Ро-Ру -сиқырлы буындарды созамыз

Балалар, Арыстан сендерге рахмет айтты.

VI Логоритмика

Балалар, Арыстан бізбен дем алсын.


Қолыңды соз оңға

Одан кейін солға

Отыр , тұр, еңкей, шалкай .

Шыныға бер, талмай!


VII Антонимдерді табу.Тілдін қызметінің дамуы. Талдау және синтезі

Арстанға жағымды және жағымсыз сөздерді айтамыз

Жақсы - қарақшы

Еңбеккор - еріншек

Қуану -ренжу

Бірге қайталаймыз

VIII «Р» дыбысын сөздерде анықтау.

Арыстан,қасқыр, батыр, раушан,қарға, жапырақ,бор,робот,шар,рация

/менімен бірге қайталайды/.

IX «Р» дыбысы мен арыстан дос болды.

Достыққа арналған мақалды еске алайық.

Жолдасы көптің - олжасы көп.

X. Қазір мен, сендерге аңдардың суретін беремін, сендер суретті айналдыра сызып өтіндер(баяу музыка аясында)

Балалар ,бүгін біз сабақта «р» дыбысымен жұмыс жасадық.

Қалай арыстан ырррылдайды? РРР.Жақсы.

Бүгін арыстан бәріңізге жұлдыз силайды /жұлдыз тарату/.


Рахмет!Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал