- Учителю
- Конспект урока Зейінді дамыту 4-сынып
Конспект урока Зейінді дамыту 4-сынып
4 сынып,ПДТ, дара жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Зейінді дамыту
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушының сөздік қорын арттыру
2. Кеңістікте бағдарлау қабілетін дамыту
3.Ойлау қабілетін жаттықтыру
Дидактикалық материалдар мен құралдар : кесте -кілт, санды кесте, суретті карточка, дәптер.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Психологиялық даындық
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа тапсырмалар орындау.
1 -тапсырма. Мына кестеге назар аударыңыз ! Бұл кестеге қарасақ, сандар адасып кеткенін байқауға болады. Сол сандардың ретін табу үшін әріптердін орындарын ауыстырыңыз. Енді, әріптерге назар аударайық. Кандай сөйлем шығады екен ? (Кел балалар оқылық !) Бұл кімнің айтқан сөзі? Бұл Абай атамыздың айтқан нақыл сөзі екен. А. Құнанбаевтың тағы қандай даналық сөздерін білесіздер?2 -тапсырма. Берілген кестедегі сандарды 1 минут ішінде, ретімен тауып көрсетіңіз,не байқадыңыз? Бұл жерде кай сан жоқ ? Сол санды жазыңыз
IV. Сергіту сәті.
Кел балақай ойнайық,
Орнымыздан тұрайық.
Қолды қойып бұйірге,
Жаттығулар жасайық.
Оңға, солға қараймыз,
1, 2, 3 жарайсыз !
Серігіп бір алдық біз,
Кел балақай оқылық!
3 -тапсырма. Графикалық диктант. Дәптерімізді ашып, қолымызға карандаш алып, менің айтқан бағытыма қарай, тор көз санын санай отырып сызамыз
</ 1→, 1↑ , 2→, 1↑, 3↓, 3→, 2↑, 2→, 1↑, 1←, 2↓, 1←, 4↓, 1←, 2↑, 2←, 2↓, 1←, 3↑, 2←, 1↑.Шыққан күшіктің суретін боя
4 -тапсырма. « 4 -інші артық» ойыны. Бір сөзбен қалай деп атаймыз?
V. Оқушыны бағалау. Ауызша
VI. Үй тапсырмас.