- Учителю
- Ұсақ моториканы дамытуға арналған саусақ жаттығулары (бастауыш сынып)
Ұсақ моториканы дамытуға арналған саусақ жаттығулары (бастауыш сынып)
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
Саусақтарыңызды жұдырыққа бүгіп, қолыңыздың буынымен оңға қарай, кейін солға қарай айналма қозғалыс жасаңыз. Әр бағытқа 10-20 реттен.
Қол буынын астыға-үстіге бүгіңіз.
Бір дегенде - бар күшіңізбен саусақтарыңызды жұдырыққа түйіңіз, екі дегенде - жан-жаққа тарбитыңыз.
Саусақтарыңызды жазып, бас бармағыңызбен алдымен оңға қарай, кейін солға қарай айналма қозғалыстар жасаңыз.
Саусақтарыңызды жайыңыз. Саусақтарыңыздың бастапқы екі бөлігін алма-кезек бүгіп, жайыңыз.
Шынашақтан бастап, әрбір саусағыңызды кезекпен жұдырыққа бүгіңіз. Кейін бас бармақтан бастап, сол жаттығуды қайталаңыз.
Жұдырығыңызды түйіңіз. Әр саусағыңызды бүгіп, ашыңыз. Басқа саусақтарыңыз жұдырыққа түюлі болғанын қадағалаңыз.
Қолыңызды үстелдің үстіне қойыңыз да әр саусағыңызды кезекпен көтеріңіз. Бір саусақты көтергенде, басқа саусақтарыңыз қозғалыссыз жатуын қадағалаңыз.
Бас бармағыңыз білекке жеткенше буыныңызды бүгіңіз. Оң және сол қолмен алма-кезек жасаңыз.
Қол буындарыңыздың саусақтарын алақандарыңыз жанаспайтындай етіп бір-біріне қысып ұстаңыз. Саусақтарыңыз бір-бірінен алшақтап кетпейтіндей серіппе қимылдар жасаңыз.
Оң қолыңызбен сол қолыңыздың саусақтарын ұстап, ақырындап тартыңыз. Басқа қолыңызбен қайталаңыз.