7


  • Учителю
  • Баяндама 'Тұтықпаны түзету әдістері'

Баяндама 'Тұтықпаны түзету әдістері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Метепте сөйлеу тілінде ауытқулары бар оқушылармен арнайы педагогикалық бағытта,яғыни логопед мұғалімдердің түрлі тіл жаттығуларына арналған сабақтар аладды. Баланы еркін сөйлеуге тәрбиелеу үшін,алдымен оны асықпай,жәймен сөйлеуге үйрету қажет.Асықпай сөйлеу темпі
предварительный просмотр материала

№1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы

Автор:Жолтаева Меруерт Бекболатқызы

Тақырыбы: Тұтықпаны түзету әдістері



Қызметі: Педагог-логопед

Тұтықпаны түзету әдістері.

Баланы еркін сөйлеуге тәрбиелеу үшін,алдымен оны асықпай,жәймен сөйлеуге үйрету қажет.Асықпай сөйлеу темпі баланың асықпай қимыл қозғалыс жасауымен бірге жасалады.Әңгімелеу кезінде өзін салмақты әрі қалыпты ұстау сөйлеу әрекеті кезінде сөйлеу темпінің айқын шығуына көмектеседі.Толқуды жеңе білу, қорқыныш-үрейді жойып,тұтығатын баланың осы мақсатқа машықтанудың нәтижесін тұрақтандырады.Асықпай сөйлеу темпіне тәрбиелеген кезде сөздің анықтылығымен,жасанды емес,шынайы болып шығуына көңіл аудару керек.Сөздерді еркін айта алатын бала,өзінің сөйлеуінен рақат алады,ол өз сезім пікірлерін білдірген кезде дауыс ырғағын,мимикалық жесттерді кеңінен пайдаланады.Ал тұтығу баланы осы мүмкіндіктерден айырады. Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеуде сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру маңызды.

Тілдік сабақтың мақсаты: қорғаныштық режимін қалыптастыру,алдағы сабаққа ынталандыру,нақты мақсатты анықтау.Қорғаныштық режим-баланың психикасын кері әсер ететін факторлардан қорғау,жайлы орта,жағымды және айналадағылармен теңдік қарым-қатынас,дұрыс сөйлемеу жағдайын ұстап қалуға жол бермеу керек.

Жұмыс барысында жеңілдетілген деп саналатын мынадай сөйлеу формаларын пайдаланамын.Ілеспелі және шағылысқан сөз,сыбыр,нақты сұраққа жауап,өлеңдер оқу,ән айту,жеке дыбыстармен буындарды оқу.Өз жұмысымда түсіндіру,сендіру,ұғындыру,тұтығуды түзетуде А.Н.Стрельникованың парадоксальдік және цигун әдісін, сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолданамын.

  1. Қорғаныштық режимін қалыптастыру.Айна алдында бала өзін еркін ұстау үшін психологиялық тұрғыдан дайындау.

2) Артикуляциялық және мимикалық бұлшықеттерге арналған релаксациялық жаттығулар.

 Тісімізді көрсете отырып,барынша күлеміз.Зейінді беттегі қысымға аударамыз.

 Түтікше, езу тарту.

 Ерінді алға шығара отырып,10 секунд бойы үрлейміз.

 Алдыңғы тіске тілді тірейміз,зейінді тілдегі қысымға аударамыз.

 Ауызды ауаға толтырып,көзімізді барынша ашу.

3) Дауысты дыбыстармен жұмыс

Тіл кемістігі бар балаларға сөздегі дауысты дыбысты бөліп айтуды үйрету үлкен нәтиже береді.Кейбір дауысты дыбыстарды созып айту сөйлеуді жеңілдетіп,тілдегі құрысуларды болдырмайды. Дем шығару арқылы дауысты дыбыстармен жұмыс

А-о А-о-у-ы М-м-м-м-м-а-а-а М-м-м-м-м-у-у-у

А-о-у А-о-у-ы-и М-м-м-м-м-о-о-о М-м-м-м-м-ы-ы

4) Санау жаттығулары

Бір тыныста терең тыныс алып,санау.

 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,… сандарды кері қарай санау.

5) Тыныс алу жаттығулары

Стрельникованың пародоксальдік тыныс алу әдісі.

 Мұрыннан шулы тыныс алып,жылдам дем алу.

 Насос

 Серіппе

 Өз-өзіңді құшақта

 Мысық

6) «Цигун» қытай жаттығуы.

Босаңсып,терең тыныс алып,ұзақ тыныс шығару.Ішпен тыныс алып,дем шығарғанда ішті ішке тарту.Терең тыныс алып,тілді жоғары көтеріп,дем шығарғанда тілді төмен түсіру керек.

1.Дөңгелек шар

2.Бамбук

3.Феникс

7) " Қабырғаға қарап оқу" стратегиясы

Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы. Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек

әл-Фараби

8) «Келісемін, келіспеймін» стратегиясы

«Абай жолы» романын жазған Мұхтар Шаханов.

Ақынның туылған жері Көкшетау өңірі.

9) «Сурет салу» стратегиясы

Оқушыға тапсырма беріледі,салынған сурет бойынша мәтін немесе баяндап беруі арқылы логикасын дамыту.

10) «Бейнелі оқу» сратегиясы

Ақ киімді денелі,ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

11) «Ой қозғау» стратегиясы.Сұрақ-жауап.

12) «Ыстық орындық» Еркін тақырыпта сұрақ-жауап

13) «Ән айту»

Желсіз түнде жарық ай Қалың ағаш жапырағы

Сәулесі суда дірілдеп, Сыбырласып өзді-өзі,

Ауылдың жаны - терең сай Көрінбей жердің топырағы

Тасыған өзен күрілдеп. Құлпыраған жасыл жер жүз

Қорыта айтқанда, баламен түрлі әдістерді қолдану арқылы сөздік қорды молайтып қана қоймай, сөздің лексика-грамматикалық құрылымын сауатты байланыстыруды,сөйлеу мәнері мен тұтықпай сөйлеуді,ортада өзін еркін сезінуді үйренеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.В.М.Шкловский .Жасжеткіншектер және ересек кекештенушілер. Москва 1991.

2.А.В Ястребова .Бастауыш сынып жасындағы балалардың тұтығуы. Москва/ 1995.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал