- Учителю
- Конспект на тему 'Имя прилагательное' (1 класс)
Конспект на тему 'Имя прилагательное' (1 класс)
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті бойынша технологиялық карта
Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаты: заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру,оларды дұрыс орнымен пайдалану.
Түзету-дамыту мақсаты: танымдық белсенділігін арттыру,тыныс алу ,артикуляциялық аппараттың саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын жетілдіру,ойлау ,есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, бірлікке,татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,ойын,түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер, микрофон,мақтадан кішкене шар.
Қызмет кезеңдері
Логопедтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Ұйымдастыру кезеңі
«Қайырлы таң!» жаттығуы
Балалар микрофонды қолдарына алып,көңіл-күйін немесе тілегін айтып береді.Сөзін «Қайырлы таң!» деп бастайды.
Ұйымдастыру -іздену
Тыныс алу жаттығулары: «Ұзақ жылы жел
үрлеу»
«Футбол »- мақтадан кішкене шар жасап ол доп болып саналады.Екі кубиктен қақпа жасаймыз.Бала допты қақпаға туралап үрлеуі қажет.Екі кубиктің арасынан доп кірсе, «гол» болып есептеледі.
-Заттың түрін,түсін, сапасын білдіретін
сөздерді сын есім дейміз.Сын есімдерге қандай ? қай? деген сұрақтар қойылады: көк, әдемі, тәтті, жақсы, үлкен.
«Тапқырлық» ойыны
... - аппақ ,суық.
... - түзу ,ұзын.
... - жыртқыш ,қорқау.
... - домалақ ,тәтті,қызыл.
... - кең ,жарық, түзу.
Суреттегі заттарды салыстыр
Сұрақтарға жауап бер
Қиярдың түрі қандай? Алмұрттың түрі қандай?
Қиярдың түсі қандай? Алмұрттың түсі қандай?
Қиярдың дәмі қандай?Алмұрттың дәмі қандай?
Қимылды жаттығулар: «Ырғақ»
«Партизан»
қызыл«Кім жылдам?»ойыны
ащы
қара
сүйірТүсі:
Дәмі:
қышқыл
ұзын
кішіКөлемі:
Пішіні:
домалақ
сопақ
үлкен
тәтті
Жаңылтпаш
Ұғымпаз бала
Болар дана.
Ұгымсыз бала
Қалар шала
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Заттың сынын білдіретін сөздерді мағыналарына қарай топтап жазады.
Жаңылтпашты жаттап айтады.
Рефлексивті - түзету
«Сипаттап бер» ойыны
-Түлкі қандай аң?
-Түсі қандай?
-Оның құйрығы қандай болады?
-Түлкі қандай жерде мекендейді?
-Ол немен қоректенеді?
-Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
-Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
Сұрақтар бойынша түлкіні сипаттап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: заттың сынын білдіретін сөздерді тауып,ажырата білу керек.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмбақ шешу, тапсырмаларды жылдам,
тапқырлықпен орындау,жаңылтпашты жаттау.
Умарова Молдир Жанабергеновна
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс орта мектебі
Мұғалім-логопед