7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Діни экстремизмге тосқауыл'

Тәрбие сағаты 'Діни экстремизмге тосқауыл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы


Тақырыбы:

«Діни экстремизмге тосқауыл!»


Сынып жетекші: Мырзағалиев М.Т


2015-2016 оқу жылы

«Діни экстремизмге тосқауыл!»


Бекітемін:__________ Күні:_________________ Сыныбы: 10 а


Мақсаты: Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, бірлікке шақыру. Діни секталардағы қылықтардан бойын аулақ ұстауға жұмылдыру, оқушыларға елімізде кең етек жайған діни секталар туралы, олардың оғаш іс - әрекеттерін түсіндіру арқылы ол қылықтардан бойларын аулақ ұстауға баулу. Діни экстремизмге тосқауыл қою, бүгінгі қоғамда діни секталардан алшақтату амалдарын талқылай отырып, студенттердің діни сауатын ашу. Болашақта жақындарының, достарының діни секталар шырмауына шатасып түспес үшін, күнделікті өмірде мұсылман мен өзге діни өкілдерін ажырата білу үшін баланың өз ойын білу, діни танымын қадағалау.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: Дөңгелек үстел


Сабақтың барысы: Кіріспе сөз


Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Қазақстандағы аталмыш ағымдардың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті.

Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
Басқа елдерден келген діни конфессиялардың Қазақстанға үгіт-насихат жұмыстарын жасаудағы мақсаты не? Қазақстандағы ұлттарға қажеті бар ма? Олардың іс-әрекеттері мемлекеттің заңдарына қайшы емес пе? Жастардың болашағына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан келтірмей ме?

Міне, осындай сұрақтар кез-келген азаматтың, елдің қамын, болашағын, мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтастығын ойлаған саналы тұлғаның ой толғандыратын мәселесі. Кез-келген партиясының, саяси ұйымның, діни ұйымдар мен бірлестіктердің, конфессиялардың белгілі бір мүддесі болады. Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады: 1. Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар; 2. Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар. Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не? Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Мысалы XX ғасырдың соңында пайда болған Ахмеди жамағаты мұсылмандарды тұтастай мұсылмандар емес, олар кәпірлер деп қарайды. Ал олардың іс-әрекеттерін кейбір газет-журналдар немесе бұқаралық ақпарат құралдары исламмен тікелей байланыстырады. Ал шын мәнінде Ахмеди жамағатының іс-әрекеттері исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Міне, олардың іс- әрекеттері нағыз ұлт араздығын тудыру, халықтардың берекесін кетіру болып табылады немесе, XX ғасырдың ортасында Палестинада пайда болған Хизб-ут-Тахрир (бостандық партиясы) партиясының өзін діни, саяси партия атап, ислам халифалығын құру идеясын үгіттеп, қарсыластарды дұшпан, кәріп деп атап, өзін жанкешті құрбан етуді жихад санауы да исламның принциптеріне қайшы әрекет. Себебі, ислам догматикасында дінде зорлық жоқ деп қарастырады. Ал, өзін-өзі өлтіру үлкен күнә (айып іс) деп есептеледі. Осы үндеулер халықтардың берекесін кетіріп, қоғамда діни араздықты тудырып, ұлттардың ар-намысын қорлайтын белгілерді көруге болады. Біз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді мәнгі ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Басқа діни секталардың арбауына түсіп өз дінін, өз отанын сату деген сөз. Себебі, дін біздің рухани болмысымыз, бүгінгіміз бен ертеңіміз және болашағымыз. Біз түрімізбен қазақ емес, керісінше тілімізбен және салт- дәстүрімізбен қазақпыз. Діни секталардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Діни секталардың арбауымен алдауынан сақтану шаралары халықтардың ынтымақтастығы, ауызбіршілігі, мемлекеттік ішкі қауыпсіздігімен тұрақтылығы үшін жасалады. Бұл бір ғана адамның немесе мемлекеттің жасайтын ісі емес. Діни секталардың арбауы мен шырмауына түсіп қалмас үшін оның алдын алу қажет; Діни секталарды тіркеуге алу ҚР Әділет министірлігі, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдіктар, жоғары оқу орындары, мектеп, ата-аналар діни секталрдың арбауына түспес үшін мынадай шаралар жүргізуі қажет. - біріншіден- Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни секталарға қарсы мешіттерде халыққа ақ пен қараны ажыратып, діни секталардың шынайы бет-пердесін ашып беруі, діни басқармада және әрбір облыс мешіттерінде діни танымдық газет-журналдар ашуы, жастардың діни сауатын ашу үшін 1-2-3-айлық курстарын ұймдастыруы; - екіншіден- бұқаралық ақпарат құралдары діни секталардың заңсыз және жағымсыз іс-әрекеттерін халыққа дер кезінде және шынайы түрде баяндап отыруы, беделді дін танушы ғалымдарының діни мәселелер, имандылық тақырыптарындағы бағдарламаларын ұйымдастыруы қажет. - үшіншіден- әрбір жоғары оқу орындарында университет, ұжым болып діни секталардың ланкестік іс-әрекеттеріне қарсы, семинарлар, лециялар ұйымдастыруы; Төртіншіден- мектептерде мектеп ұжымы, сынып жетекшілері де жас буынға дін негіздері, имандылық, әдеп сабақтарын жүргізуі. Бесіншіден - әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне, сабағына, жүрген ортасына, немен айналысып жүргеніне мән беруі, имандылық пен инабаттылықты жастайынан бойына сіңіру қажет. Қазіргі таңда басқа діни секталарға өтіп кеткен жастар көп. Айталық Иегова куәгерлері, баптист, Ахмеди жамағаты, Хизб-ут-Тахрир партиясы сияқты ағымдарды айтуға болады. Мұны жастардың діни сауатының төмендігінен, фундаментальді білімнің жоқтығынан, ой- өрісінің тарлығынан деуге болады. Сол секталарға өтіп кеткен жастарды ауыл болса ауыл ақсақалдарын, қала болса дінтанушы ғалымдарды, мешіт имамдарын шақырып, олармен сұбаттасып, нақтылы дәйектермен дәлелдеп, алған бетінен қайтуды өз санасымен мойындап қабылдауы керек.

Олай болса, құрметті оқушылар мынадай сұрақтарға жауап берулеріңіз сұралады.

  1. Діни ағымдар туралы ойларыңыз.

  2. Қазіргі таңда Қазақстанда кең етек жая бастаған қандай секталарды білесіздер?

Қазіргі кезде Қазақстанда пайда болған секталардың бірқатарына тоқталатын болсақ.

«Бахаи» - Ирак пен Иранда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған, заманауи космополитикалық дін. Бахаизм ілімі мұсылмандық баббиттер тайпасының негізінде пайда болған. Іс жүзінде ислам мен бахаизм арасындағы алшақтықтың көп екендігі соншалық, «Бахаи» өз қауымдастығын жеке-дара ілім, әлемдегі ең ақиқи дін ретінде санайды. Барлық дәстүрлі емес культтер сияқты, «Бахаиге» де Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуге ұмтылыс сипаты тән. Сектаның символы тоғыз көрнекті діни ұйымды біріктіретін, тоғыз шолақты жұлдыз бейнеленген логотип болып табылады. 2008 жылдың 1 қаңтарына елімізде «Бахаи» ағымындағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркелген. Оған құлшылық етушілердің саны шамамен Қазақстан бойынша 600 діндарды құрайды.

«Иегова куәгерлері» - 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. «Иегова куәгерлері» - протестанттық ілімнің бірі. Олар Кресті христиандықтың символы ретінде жоққа шығарады. Аталған конфессия Христі Құдай ретінде санамайды, оны Құдайдың ұлы деп таниды. Куәгерлер құдайдың дұрыс аты - Иегова, ол өзін осылай атаған деп, сол себепті оның ізбасарлары Құдай ретінде соған құлшылық етеді. Куәгерлердің айтуы бойынша, адам мәңгілік өмірге «Иегова куәгерлері» қауымдастығына кіру арқылы ғана ие болады.

«Кришнаны тану қоғамы» да дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына жатады. Басты қасиетті кітаптары «Бхават - Гита» және «Шримад - Бхагаватам» болып табылады. Ұйымда рухани өмірдің төрт кезеңі айқындалады: шәкірттік, отбасылық өмір, отбасылық өмірден тысқары, жарық дүниеден толықтай қол үзу. Бұл кезеңдер діндарлардың құлқына деген талаптарды айқындайды. Ерлі-зайыпты жұптар қызметшілер-тәлімгерлер тарапынан іріктеледі. Тәлімгерлер діндарлар монахтық өмірге қабілетті емес деп шешкенде ғана, некеге тұруына болады. Діндарлар ұдайы Кришна құдайының атын қосып храмдарда - ашрамдарда өтетін жиында құдайға құлшылық жасау керек. Құдайға құлшылық етудің ажырамас бөлігі прасадты (вегетариандық тұрғыда әзірленген тағам, алтарьдің қасына қоюға арналған) жеу болып табылады. Культтік дәстүрлер Қасиетті есімдерді Кришна - санкританды таңертеңгілік және кешкі бірге шырқаудан тұрады.

«Саентология шіркеуі» АҚШ-та 1954 жылы пайда болды. Негізін қалаушы - жазушы-фантаст Лафайет Рональд Хаббард. Өзінің діни ілімі бо-йынша саентология буддизм мен Хаббардтың жеке бақылауларының қосындысынан құралған. Л.Р.Хаббард шығармаларының негізгі құрайтын бірінші кезекте «Дианетика»: жан саулығының заманауи ілімі», сондай-ақ, индуистік және буддистік мәтіндер болып саналады. Дианетика саентологтар тарапынан ақыл-ой туралы, жан саулығы туралы, зиянды әдеттер мен мінезден арылу технологиясы туралы ілім болып табылады. Хаббардтың айтуы бойынша, ол кез келген адамды аурудың барлық түрінен емдеуге мүмкіндігі бар.

«Ахмадие жамағаты». Ол 1889 жылы Үндістанда Кадианнан шыққан Хазрат Мырза Гулмом Ахмад тарапынан құрылған. Қауымдастық атауын Мухаммедтің екінші аты - Ахмедпен байланыстырады. Мұсылман-ахмадиеліктер өздерін ақиқи исламды қалпына келтірушілерміз деп санайды (Пәкістанда ахмадиеліктерге мұсылманбыз деп айтуға тыйым салынған). «Ахмадие» орталығы Лондонда орналасқан. Ахмадиелік қозғалыс Еуропа және ТМД елдері және Азияда барлығы шамамен 12 миллион адамды қамтиды. Олар Англияда, Германияда, Голландияда, Испанияда, Австралияда және басқа да мемлекеттерде 12 мыңнан аса мешіт тұрғызған.

«Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы - өзін құдай және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысы Шонжы кентінің тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина (Қасиетті Нина, Нина Ана) айналысады. Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Емдеу курсы Фархат атаның энергиясына қосылу арқылы басталады. Яғни, «Өмір формуласы» - «Алля Нина Ана Жаратушы Фархад ата, алля аят 37406810, алля Лязат Селеной, алля уйгур аят алля», мұнда «алля» - сәби (ұйғырша), «Селенная» - өмірге бастайды, сақтандырады, «Фархат ата» - Абдуллаевтың өзі, «Нина ана» - Фархаттың әйелі. Цифрлары: «37» - Фархаттың туған жылы, «40» - әйелінің туған жылы, олардың «6» баласы, отбасында - «8» адам, «10» - Жаратушының күші, «1» - оның өзі, «0» - күн.

«Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол»). «Ақ жол» ұйым ретінде өзінің қызметін 1997 жылдың ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы» атауын алып, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде (ЖШС) тіркеуден өтті. Ұйымдастырушысы - Қыдырәлі Тарыбаев. Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері, рухани-танымдық «Ата жол» журналы, «Ата жолы әліппесі» брошюрасы және басқа да баспа өнімдері бар. Аталған ұйымның негізгі мақсаты белгілі бір сомаға қарапайым адамнан әулие жасау болып табылады. Емдеу курсына Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әулиелі-әмбиелі жерлерді аралап, балалардың аруағымен сөйлесу кіреді. Адамға әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін және оның адамдарды емдеуге мүмкіндігі бар екендігін сендіріп бағады. Егерде ол аруақтардың айтқанына құлақ аспаса, ол бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін дегенді санасына сіңіреді. Елдің құқық қорғау органдары «Ата жолы» «Алля Аят» ағымы сияқты ізбасарлардың міндетті қаржылық қорынан құралатындығын айқындады. Қаржыландыру принциптері «қаржылық пирамидаларға ұқсас», өйткені ағымның әрбір мүшесі құрылымның деңгейін әрі қарай арттыру үшін өзімен бірге жаңа ізбасарларды тартуы тиіс.

Ендеше, оқушылар, біздің дінімізге жат, оғаш қылықтардан аулақ болайық. Қазақта «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген аталы сөз бар. «Сен мұсылман емессің, мұсылман болсаң дәлелде. Намаз оқы, мойны ашық киім киме. Қыздарға тырнақ өсірме, ерніңе далап жақпа, жүзіңді ашық ұстама. Ер балаларға таспиық сана, шалбарыңды шұлғауыңа ора» - деп ақыл айтатындардан алыс жүрейік.

Президентіміз Назарбаевтың ислам туралы көзқарастарынан: «Біз - тегіміз түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап - құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек.» Біз өз дінімізді өгей қылмауымыз үшін, құран мен пайғамбарымыздың хадистерін өзімізге басшы етіп алуымыз, сондай - ақ ата - бабамыздан бізге дейін жеткен ислам дінін азғантай ақшаға сатып, басқа діндерге секталарға кіріп кетпеуге тиіспіз. Басқа дінге өтіп кеткен қандастарымызды қайтаруға әрекет етуіміз керек. Исламда тұрып, басқа дінге кету - үлкен күнә. Олар туралы алла тағалаға құран кәрімде: «Сендерден кімде - кім өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл дүниеде де , қияметтеде түкке тұрмайды ондайлардың орны - тозақ, сонда олар мәңгі қалады», - деп барынша қатаң ескертеді. Сондықтан да басқа діндермен секталарға еліктемей, өз дінімізді толық ұстануымыз керек.

Осымен, тәрбие сағатымыз өз мақсатына жетті деп ойлаймын, өз дінімізді биіктетіп, өзге діннің жетегіне еруіміз әркімнің өз жігеріне, ақыл - санасына, адамгершілігіне байланысты. Тек «Сақтансаң, Құдай сақтар» дегенді естен шығармайық!

Бекіту сұрақтары

  1. Діннің қандай түрлерін білесіз?

  2. Діни ағымдарға (секталар) көзқарасыңыз?!

  3. Отыз күн тамақ ішпейтін күн. (ораза)

  4. Дүние жүзінде қанша мыңнан аса мұсылман бар? (5 - мың)

  5. Мұсылман дінінің негізін салушы? ( Мұхаммед Пайғамбар.)

  6. Діннің қасиетті кітабы қалай аталады? (Құран)\

  7. Рамазан айындағы қасиетті түн. (Қадір түні)

  8. Хадис дегеніміз не? (Мұхаммед Пайғамбардың даналық сөздері жиналған құраннан кейінгі ең қастерлі кітап)

  9. Бес мезгіл оқитын мұсылманның парызы. (Намаз)

  10. Қандай адамдар ораза ұстауға міндетті?

  11. Иман дегеніміз не? (Сенім)

  12. Құранда қанша сүре жазылған? (6666)

  13. Мұсылманның парызы. (Қажы)

  14. Пайғамбарымыз кім? (Мұхаммед)

  15. Ораза тұту қай айда? (Рамазан)

  16. Бізді билеуші иеміз кім? (Алла)

  17. Рамазан айында мешітте өткізілетін жарлыларға берілетін төлем.(пітір)

  18. Таңғы намазға шақыру рәсімі. (азан)

  19. Отыз күн ұсталатын парыз. (ораза)

  20. Мұсылман мерекесі. (Айт)


Қорытынды

Оқушылардың пікірін тыңдау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал