7


  • Учителю
  • Классный час на тему Қыс мезгіліндегі оқыс жағдайлар болған кездегі іс-әрекеттер 7 А класс

Классный час на тему Қыс мезгіліндегі оқыс жағдайлар болған кездегі іс-әрекеттер 7 А класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

№ 26 орта мектеп

















Тақырыбы:

Қыс мезгілінде оқыс жағдайлар болған кездегі әрекет





Сынып: 7 «А»

Өткізген: Жакупова А.О.









Мәншүк ауылы





Сабақтың тақырыбы: Қыс мезгілінде оқыс жағдайлар болған кездегі әрекет

Сабақтың мақсаты: қыс мезгілінде төтенше жағдайлар, адамның іс-әрекеттері жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізу объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары)

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс), үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

Егер көлікпен далада қалсаңыз...

Қылышын сүйретіп қыс келген соң өзінің түрлі мінезін көрсете бастайды. Қыстыгүні көлікпен ұзақ жолға сапар шегу өте қауіпті. Әсіресе, ауа райы құбылмалы аймақтарда. Күтпеген жерден небір келеңсіз жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Мысалы, қар көшкіні немесе көліктің бұзылып қалуы, көліктің қарға батуы сынды оқиғалар.

Олай болса, бұндай жағдайда не істеуіміз керек?

Ұзақ сапарда қауіптің алдын-алу үшін мына нәрселерді ала шығыңыз:

1. Жылы киімдер мен жамылғыштар;

2. Дәрі-дәрмектер;

3. Азық-түлік;

4. Көлік батып қалған жағдайда қарды күреу үшін керек болатын арнайы күрек;

5. Құрал-саймандар: арқан, тегершікке арналған шынжырлар т.б..



Көлік батып қалған жағдайда оны шынжырмен сүйреп шығару өте тиімді әдістердің бірі. Егер көлігіңізді сүйрейтін ешқандай көмекші көлік жоқ болса, шынжырды дөңгелекке мықтап орап, алға-артқа жылжытып көріңіз. Одан да нәтиже шықпаса, сізге көліктегі жылуды сақтап, көмекші топты күту керек. Мұндай жағдайда аюдың апаны ұқсатып көлігіңізді қармен көмуге тырысыңыз. Бұл әдіс көліктегі жылуды сақтауға көмектеседі. Қардың жылуөткізгіш қабілеті аз. Сондықтан, көлікті қарға көму арқылы жылу жоғалтпайсыз. Көлік ішіндегі желдеткіштің жұмыс істеп тұрғанын қадағалап отырыңыз. Көліктің бір есік тұсы мен газ шығаратын құбырын қармен көмбеңіз. Көліктің төбесіне құтқарушылар тобына білінетін белгі қойыңыз. Мысалы, қолыңызда бар ашық түсті матадан жалауша жасап қоюыңызға болады. Көлік ішінде бойыңыздағы жылуды сақтау үшін үнемі қозғалып отырыңыз. Кейін қалың киімдерді киіңіз, көп болса, тіптен жақсы. Көліктегі жолаушылардың бір-бірінің жылуын сақтап, бірігіп отырғаны абзал. Көлік ішіндегі жылуды ұзағырақ сақтау үшін көбірек бос кеңістіктің болғаны жөн. Бұны жасау, әрине, қиындау, әйткенмен, бұл әдіс өзінің оң нәтижесін береді. Көлігіңізді 10 минут сайын қыздырып тұрыңыз. Одан бұрын, қайғылы жағдай орын алмас үшін көліктің газ шығаратын құбырын қар бітеп тастамағанына көз жеткізіңіз.



Ал енді, өмірде болған жағдайдан бір мысал келтірсек:

Швецияның бір қаласының маңында 2002 жылы көлігімен омбы қардың астында қалған Умео атты 44 жастағы бір ер адам табылған. Ол 2001 жылдың 19 желтоқсанынан бастап қардан басқа нәр татпаған! Дәрігерлер бұл жағдайға таң қалды. Ол адам азықсыз 60 тәулік шыдап жатқан екен. Бұл кісі -30 градустық суық орманда азықсыз отырған. 17 ақпан күні қалыңдығы бір метр болатын қардың үстімен жақын маңның екі тұрғыны өтіп бара жатқан. Алғашында омбы қар боп көрінген көлікке екеуінің көзі түседі. Олар бұны біреудің қажетіне жарамай, тастап кеткен көлігі болар деп ойлайды. Қаркешкіш көлікпен жүрген екі жолаушыға бұл өте қызық болып көрінді. Сөйтіп, ішіне үңілуге бел буады. Көлік ішінен бір қозғалысты көрген оларға көлікті өз күштерімен ашу оңайға түспеді. Сондықтан, құтқарушы топты, кейіннен полицияны шақыруға тура келді. Көлікті ашқан соң түнемел қаптағы (Түнемел қап - туристерге арналған арнайы "төсек".) қалың киімді ер адамды байқайды. Ол өте әлсіз және әбден қалжыраған екен. Ер адамды көліктен шығарып, бірден Норланд университетінің ауруханасына апарады.



Міне, осы секілді оқиғалар адмзат баласының басынан өтіп жатыр. Сондықтан, сіз де қандай қиын жағдайға тап болсаңыз да, мойымай, өмір сүруге талпыныңыз.

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері

Қыс қаһарына мініп, судың беті тоңдана бастады. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген даналықты ұстана отырып, осы тоңның қыңыр тосын мінез танытуынан қорғану амалдарын сіздерге ұсынғалы отырмыз. Есіңізде жүрсін және туыстарыңызға, достарыңызға айтып бөлісіңіз!

* Мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса - берік, ақ болса - беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзалырақ.

* Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз.

* Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.

* Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз. Егер, бірінші тепкіден аз мөлшердегі су көрінсе немесе мұз бетінде аз-кем жарықшалар пайда болса, мұз жұқа және оның үстімен жүруге болмайды дегенді білдіреді. Бұл жағдайда міндетті түрде судың жағасына келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Аяғыңызды иық тұсымен мұздан алмай, жеңіл адымдап жүріңіз, себебі, күш бір нүктеге түспеуі керек.

* Мұздан өтерде, осыған дейінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер бұндай із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, жететін орныңызды жете біліп алыңыз.

* Топ болып, мұздан өтетін болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер.

* Қатқан өзенді (көлді) шаңғымен өткен дұрыс. Есіңізде болсын: ақырын қозғалыңыз, шаңғының ілмегін білегіңізге ілмеңіз, себебі, қауіп туғанда қолыңыздан шеше алмай қалып жүресіз.

* Егер, сөмке асынсаңыз, тек бір жақ иығыңызға ғана асып жүріңіз. Бұл қауіп кезінде тастай салуға ыңғайлы болмақ.

* Бұл кезде өзіңізбен бірге 20-25 метрлік қатты арқан ала шығыңыз. Арқанның бір ұшына ауыр салмақтағы бір затты түйіншектеп байлап қойыңыз. Жаныңыздағы серігіңіз мұзға түсіп кеткен жағдайда, арқанның ауыр зат байлаған жағын серігіңізге қарай лақтырыңыз. Жапа шегуші арқаннан ұстап, ауыр затты қолтығына қысып тұрсын, сіз өзіңізге қарай ақырын тартыңыз.

* Қыстыгүні 10 см қалыңдықтағы тұщы және 15 см қалыңдықтағы тұзды мұздың үстімен жүруге болады. Егер бұл көрсеткіштен жұқа болса, әсте жоламыңыз.

* Ата-аналарға үлкен ескерту: балаларыңызды мұзға (балық аулауға, шана не шаңғы тебуге) қараусыз жібермеңіз.

* Мұзға түсіп кетуге себеп болатын көп жағдай - алкогольді ішімдікті тұтынудан болады. Ондай жағдайда адам қауіптен қаша алмай қалып, қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.

Егер мұзға түсіп кетсеңіз...

Қыс қаһарына мініп, судың беті тоңдана бастады. Алдыңғы жазбамызда</<font color="#000000"> мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері мен алғы шарттары туралы айтқан едік. Соның жалғасы ретінде абайсызда мұз жарылып, суға түсіп кетсеңіз немесе осындай жағдайға тап болған екінші бір адамды көрсеңіз қалай көмектесіз? Құтқарып алғаннан кейін қандай алғашқы көмек көрсетуіңіз керек? Міне, бүгін осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітеміз.

Егер мұзға өзіңіз түсіп кеткен жағдайда:

* Басыңызбен суға батып кетпеу үшін мұздың жиегінен қолдарыңызды екі жаққа созып, ұстап тұрыңыз.

* Мүмкіндік болса, ағыс сізді мұз астына батырып алып кетпеу үшін жылымға (жылым - адамның мұзға түсіп кеткен жері, ойылған тұсы) қарай қозғалыңыз.

* Мұздың жиегін сындырып алмай, оқыс қозғалыссыз мұз үстіне жаймен шығып, бауырыңызбен жорғалап, аяқтарыңызды бірінен соң бірін шығарып алуға тырысыңыз.

* Мұз жылымынан шығып, келген бетіңізбен жорғалап жағаға жетіп алыңыз.

Егер мұзға түсіп кеткен адамды көрген жағдайда:

* Оған көмекке келе жатқаныңызды білдіріп, міндетті түрде айқайлаңыз.

* Қолдарыңызды екі жаққа созып, жылымға қарай ақырын жорғалап келіңіз.

* Міндетті түрде өзіңіздің астыңызға шаңғы немесе тақтай қойып, бауырыңызбен жорғалап сырғанап барыңыз.

* Жылымның дәл қасына бармаңыз, әйтпесе, өзіңіз суға түсіп кетесіз.

* Белдік, бөкебай немесе тақтай, шаңғы, шана болса да, суға батып бара жатқан адамды құтқаруға көмектеседі.

* Бір-бірімен байланған заттарды алдыңызға қарай ұстап, жапа шегуші ұстай алатын қылып, дәлдеп 3-4 м қашықтықтан лақтыру керек.

* Қолыңыздағы затты жіберіп алмай, мықты ұстаңыз.

* Шешімді тез әрі нақты қабылдаңыз, абдырап қалмаңыз.

* Зардап шегушіні мұз үстіне шығарған соң, келген бетіңізбен мұзды жорғалап жағаға қарай беттеңіздер, себебі сіз келген жол тексерілген.



Мұзға түсіп кеткен жапа шегушіге алғашқы көмек қандай болмақ?

* Ең бірінші жедел жәрдемге хабарласу керек. Және олар келгенше өз бетіңізбен төмендегі әрекеттерді жасай беріңіз.

* Тыныс алу жолдарына су кірген болса, зардап шегушінің ауыз қуысын тазалау керек.

* Зардап шегушіні басы төмен қарап тұратындай қылып, тізеге етпетінен жатқызып, жауырынынан қатты күш түсіріп басу керек. Бұл әдіс іштегі және өкпедегі суды шығарады.

* Одан кейін ақырын қолдан дем алдыру тәсілін бастаңыз.

* Зардап шегушінің үстіндегі киімдерін шешіп алып, құрғақ киімдер кигізу керек, егер таза киім болмаған жағдайда, полиэтиленмен орау керек: әдетте, көшетханаларда өсімдіктерді суықтан қорғау үшін үстін полиэтиленмен жабады. Сондықтан, адамды суықтан қорғап, жылыту үшін полиэтиленмен ораған жөн.

* Жапа шегушіні жылы орынға апарып, ыстық шай беріп, астына жылытқылар (жылытқы мақсатымен қолданылатын ішіне ыстық су құйылған ыдыс - грелка) қою керек.

Қар көшкінінен қалай қорғанамыз?

Қыз мезгілінде қолымыз қалт ете қалса, шаңғы теуіп, шанамен сырғанау үшін тау жаққа бет аламыз. Бұл мезгіл сонысымен де қызық. Дегенмен, қыс қызығын тауда сезінгісі келетін жандар қар көшкіні туралы толық ақпаратты біліп жүргені абзал. Статистикалық мәліметтер сүйенсек, қар көшкінінің астында қалған әрбір үшінші адам өз бетінше аман қалады екен.

Құтқарушылардың айтуы бойынша, қыстыгүні тауға шыққанда, кетіп бара жатқан туристік топ пен олардың жүретін жолдары алдын ала тіркелуі керек. Бұл мәліметтер қайғылы жағдайда оларды тауып, құтқаруға көмектеседі. Сонымен қатар, тауға шығар алдында құтқарушылардан кеңес алсаңыз, өміріңізге төнген қауіптілікті азайтасыз. Осы ретте, біз де оқырмандарымызға пайдасы тиер деген ниетпен "қар көшкінінен қалай қорғанамыз?" деген сұраққа жауап береміз. Кеңестерімізді ойыңызға түйіп, қауіпсіздік ережелерін жадыңызда сақтаңыз.

♦ Қарлы аймаққа шығарда, міндетті түрде, хабар таратқыш құрылғыларды жаңызға алып алыңыз. Оған қоса, барлық хабар таратқыш құрылғы қосулы тұрғаны абзал. Құрылғыны киіміңіздің ішіне салып қоюғаныңыз жөн. Себебі, егер сөмкеңізге салсаңыз, қар көшкіні кезінде сөмкеңізден айырылып қалуыңыз мүмкін.

♦ Жаныңыздағы серігіңіз көшкін астында қалса, құрылғыны іздеу режиміне қойыңыз. Құрылғы қызметінің радиусы 50 метрге дейін жетеді. Осы аралықта жоғалған серігіңіздің хабарлағышын тапқан уақытта, сіздің құрылғыңыз қатты дыбыс беруі мүмкін. Яғни, сіздің досыңыз құрылғы бағыттаған маңда.



♦ Егер құрылғы болмаған жағдайда, қауіпті аймақтан жоғалған адамды бір ғана адамның іздегені дұрыс. Ал қалған топ мүшелері оның қимылын бақылап тұрғаны жөн. Себебі, тағы да көшкін туса, оны қар басқан маңды жаттап қалу керек.

♦ Білектеріңізге қызыл түсті жіп немесе бау тағыңыздар, көшкін кезінде бір-біріңізді табуға септігін тигізеді. Егер киіміңіз қызыл түсті болса, тіптен жақсы.

♦ Көшкін кезінде биік жерге, мысалы, мүмкіндігіңізше, терекке өрмелеп шығып кетуге тырысыңыз.

♦ Егер аяғыңыздың астынан қозғалған қабатты сезсеңіз, бар күшіңізді жинап, көшкіннің шетіне қарай ұмтылыңыз.

♦ Сөмкеңіз бен шаңғыңызды тастаңыз. Себебі, мұндай жағдайда артық жүктің пайдасы болмайды.

♦ Көзіңізге түскен қандай зат болмасын, тас не ағаш болсын, ұстап тұрыңыз. Ол сіздің өміріңізді құтқарып қалуы мүмкін.

♦ Көшкін астында қалсаңыз, ең бастысы, тыныс алу мүшелеріңізді қар тозаңынан сақтаңыз. Ол үшін бөкебаймен, капюшонмен не болмаса қолдарыңыздың көмегімен аузыңыз бен мұрныңызды басыңыз. Көшкін астында аяқ пен қолдың көмегімен кеңістікке шығуыңыз керек.

♦ Қар тоқтағанша көшкін бетіне жақындай беріңіз. Ал төмен-жоғарыңызды бағыттап білу үшін, тәжірибелі құтқарушылардың айтуы бойынша, түкірген жөн. Оның көмегімен бағытыңызды тауып, «қар асты жолын» жасаңыз.

♦ Көшкін тоқтаған соң, айналадағы қарды деміңізбен және бойыңыздағы жылумен барынша ерітіп, жоғарыда айтылған тәсілмен қар бетіне шығуға әрекеттеніңіз.

♦ Өз-өзіңізді сабырға шақырып, бар күш-жігеріңізді жинаңыз. Қорқыныш пен қобалжу тек кері әсерін береді.

♦ «Өз-өзімді құтқара аламын!» деген сенімнен айрылмаңыз. Және өзіңізге сеніңіз.

♦ Айқайламаңыз, өйткені, қар сіздің даусыңызды айналаға естіртпейді.

♦ Қар астында ұйықтап кетпеңіз! Құтқару тобы келгенге дейін, осы кеңестерді ойыңызға алып, өз бетіңізбен әрекеттенгеніңіз жөн.



Бекіту:

Оқушылар екі топқа бөлініп, плакатқа білгендерін түсіріп, қорғайды.



Қорытынды: рефлексия



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал