- Учителю
- Спортшылар мен спорт командаларын психологиялық қолдау
Спортшылар мен спорт командаларын психологиялық қолдау
СПОРТШЫЛАР МЕН СПОРТ КОМАНДАЛАРЫН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
Жаттығу кезіндегі спортшылардың экстремалды жағдайға ұшырауы жүйке күйзелісіне себепкер болады. Сол себепті жарыс кезеңінде өзінің шеберлігін дәлелдеу үшін спортшы келесі әрекеттерді істеуі қажет:
1) Өзге адамдардың қысымына бағынбай, әртүрлі жағдайларда әрекет ету.
2) Қателіктер саны аз болу үшін, керекті жаттығулар мен іс-әрекеттерді жоғарғы дәрежедегі нақты дәлдікпен істеу.
3) Жарыс кезіндегі жағдайлар мен шешімдерді тез әрі дұрыс бағалау кезінде, көп ойланып толғанбау.
4) Өз бетінше жүйке жүйесінің өзгерісін бақылауда ұстау.
Мұндай нәтижеге тек дұрыс психологиялық дайындық арқылы қол жеткізуге болады. Осы тәсілмен спортшыларды дайындаудың мақсаты - олардың психикалық жағдайының жоғарғы дәрежеге жеткізуі осыған байланысты олар жарыстарда өзінің функционалдық және арнайы дайындығын жарыстарда толық түрде максималды мүмкіншілікке қол жеткізе алады. Көптеген жарыс алдындағы жарыстық факторға, теріс ықпал және келіспеушілік білдіретін функцияларға қарсы тұра білу, демек жарыс кезінде жоғарғы сенімділік көрсете біледі. Спортшылардың психологиялық дайындығы деп спортшының жоғарғы ұйымшылдық және басқармалық іске асыру процесі, оның потенциалдық мүмкіншіліктер нәтижесіне тең болар мүмкіндіктерін айтады. Сондықтан психологиялық дайындық жалпы системалы - спорттық жаттығулардың қосалқы бөлігі болып табылады және оның физикалық, техникалық, тактикалық сияқты басқа түрлеріне тәуелді болып келеді. Физикалық тұрғыдан төмен дәрежеде жетілсе, оның психикалық регуляцияның жағымды әсеріне қарамастан, команда немесе спортшы жоғарғы көрсеткіш жетістіктерге жете алмайды. Мұндай жағдайда нәтижесі мүмкіндігіне тура келетін болады, демек жоғары емес.
Шартты түрде психологиялық қолдаудың үш түрі айқындалады:
- жалпы психологиялық дайындық;
- жарыстарға арнайы психологиялық дайындық;
- белгілі жарыста теріс ықпалға қарсы психологиялық көмек.
Жалпыланған түрінде өз алдында спортшының психологиялық адаптация арқылы жүктеме жасау. Ол екі түрмен жүзеге асады. Біріншісі, спортшының экстремалдық жағдайларда универсалды жағынан адамды техникалық жағдайларға үйретеді. Өз эмоцияларын бірқалыпты сақтау тәсілі, әсер етерліктей дәрежені іске қосу, назар аудару мен назарды ұстап тұру, еріктік және физикалық тырысудың қосылуы болып табылады. Екінші тәсіл өз алдында жарыстық қарбаластарға жағдайлардың ыңғайын келтіруді үйрету.Ол қарбалас сөздік модель арқылы жүзеге асырылады. Соның арқасында спортшы негативтік жағдайларға қарсы тұра алуға ықпал жасайды.
Арнайы психологиялық дайындық спортшының жарыстық іскерлікке әсерлі дайындалуына бағытталған, ол басты жеке мәселелерді шешеді. Олар:
а) Спортшыға маңызы болар әлеуметтік құндылықтар.
б) Спортшыда психикалық «Ішкі тіректің» қалыптасуы.
в) Психологиялық кедергілерден асу, әсіресе белгілі қарсыласпен болатын жарыстарда.
г) Алда болар күресті психологиялық жобалау.
д) Жарыс алдындағы психологиялық істер жобасын дайындау.
Психологиялық қорғаныс тұлғаның тұрақтылық қалпын жүйеге келтіру жүйесін жөнге келтіруге,үрей сезімдерін төмендетуге, оның ұрыс пен байланыста болуына қарсы бағытталған. Бұл негізінде жедел түрде психологиялық педагогикалық жағынан жаттықтырушының араласуы немесе спортшының негативік жағдайының өтемақысы болып табылады. Спортшының белгілі сайысқа жалпы психологиялық дайындығы, оның өз қатысуындағы мүмкіндіктерінен бастап, соңында қатысу финалымен аяқталады. Осы уақыт аралығын жүйелі түрде үш кезеңге бөлген дұрыс:
1- кезең. Алда болатын жарыстар туралы алынған хабарламадан бастап, жеребе кестесін алуына дейін.
2- кезең. Жеребе нәтижелерімен танысқаннан бастап, жарыстың бірінші кезең басталуына дейін.
3- кезең. Жарыстың басталуының бірінші кезеңінен соңына дейін.
Психологиялық дайындықта белгілі қазіргі таңдағы психологтар әдіс-тәсілдерінің мазмұнын, мысалдарын кеңінен қолданады.
Оны төмендегі дәрежелеу анықтайды:
Психологиялық дайындықтың әдіс-тәсілдерін келесісін айқындау:
Қолдану мақсаты бойынша: іске қосушы, корригерлеуші, түзеуші, демалдырушы.
Мазмұны бойынша: психологиялық - педагогикалық (сендіруші, көбіне бағыттаушы) әсіресе психологиялық, түрлендіруші (сөз және тұлға арқылы әсер ету), әлеуметтік ойын арқылы: психо- физиологиялық-ақпараттық, психо-фармакологиялық, тыныс алушы, жинақтаушы (қозғалысты тыныс алушылық).
Ықпал етуі бойынша: Интелектуалдық аймақты түзелеуге, эмоционалдық аймаққа әсер етуі тәсілі, ақылдылық аймаққа еш нәрсе етпеу.
Мекен-жайы бойынша: Жаттықтырушының психикалық жағдайына бағытталған күштер, командаға және спортшыларға басшылық ету.
Қолдану уақыты бойынша: Жарыс алдындағы ескертуші, жарыстық, жарыстан кейінгі ескерту.
Қолдану түріне байланысты: Өзінің ұстау (ауто әсер ету), гетерореттеу (өзге психологиялық - педагогикалық процесс иелерінің қатысуымен - жаттықтырушы, психологтар, дәрігерлер, уқалаушылар, педагогтардың әсері).
Жеке тұлғамен жұмыста спортшының жеке психологиялық қабілеттерін ескермесек, ешбір жаттығулар, оқу тәсілдері керекті нәтижеге жеткізбейді. Индивидуалдық дайындық кезіндегі шешетін белгілі мәселелер - адамның барлық потециалдық мүмкіншіліктерін қолдану, барлық жеке күшін сарп ету, адамның мінезін, психикалық жағдайда шешілетін мәселелердің мақсатын ескере отырып, қолдануға болатын тәсілдерді пайдалану. Тұлғалықтың дәрежесі, оқу-жаттығулықтың тәрбиелік жұмысының түрлері әр түрлі болады. Біріншіден, бәріне бірдей мүмкіншілігінше қисынын табу. Бұл жағдайда тұлғалыққа бөлінудің мәнісі қажеті жоқ болады. Екіншіден, қол астындағылармен жұмысты олардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып істеу. Бұл жерде жеке тұлғамен жұмыс екені көрінеді. Үшіншіден, ұқсастығына байланысты мүмкіндігінше спортшыларды топтарға бөлуге болады. Жеке тұлғалық оқу, спортшыларды әртүрлі мәселелерге бағыттап жұмыс істету - назар аударуға тұрарлық. Осындай шешімді пайдаланып, спортшының жеке қабілеттерін еске сақтау керек. Әрі практикалық нұсқауларды арнайы психологиялық әдебиеттерден іздеп тапса болады, кеңесті психолог- маманнан алуға болады. Тұлғалық ыңғаймен қатар, дифференциялық ыңғай туралы айтсақ болады. Бұл жерден спортшылардың істейтін арнайы жұмыстарын, олардың айырмашылықтары мен жалпы түсінігін ескереді: жынысы бойынша, білімі, тәжірибиесі бойынша. Бұл тұлғалықтан бұрын пайда болды. Дифференциалдық ыңғай онша зерттелмеген. Дифференциалдық ыңғай туралы жалпы мәліметтер кӛп. Жыныстық айырмашылық: кеңінен жайылған мәліме; ер адамдар әйел адамына қарағанда спортқа жақын, спорттық күреске икемді, бәсекелестік рухы жоғары, алдына қойған мақсатқа жете біледі, күйзеліске тұрақты, көңіліне алмайды және төзімді, ұрыс-жанжалға жақын емес, бәрін бірдей тыңдай бермейді. Әйелдерде спорттық байланысты бірсыпыра жақсы мінездеме болады. Олар: зергерлік нақтылық істерді жоғары нәтижеге көрсетеді. Бірқатар бірқалыпты, жолықтырар жұмысты атқарады, тәртіпті
болады, бірақ олар қиын мінезді келеді, ұрыс жанжалға жақын келеді өздеріне жаттықтырушының көп назар аударғанын қалайды. Жастық айырмашылық: спортта жоғары мәртебелі дәрежеге қазіргі кезде көп спортшылар жас шағында (16-18 жас) жетеді, бірақ бұл жаста адам әлі тұлға ретінде толық қалыптасқан жоқ; оның сезімі қалыптаспаған, пікірі тұрақты емес, көзқарасы, қарым - қатынасы және т.б Қазіргі жастар жоғарғы дәрежелерге ерте қол жеткізуде. Бұл дамушы ағзаның психикалық қорының бар екенін айтады. Әдетте спортта және жарыстарда олар қауіптің және әлеуметтік жауапкершіліктің көрсетілген нәтижеге теріс әсер ететінін жөндеп біле бермейді. Осыдан қандай да бір дәрежеде қатты психологиялық күйзелісті сезбейді. Әдетте жас спортшылар толықтай өз жаттықтырушысына сенеді. Сондықтан жаттықтырушының дәлелі мен дайындық тәсілдері, тиянақты ойластырушы болуы керек. Әрине жас спортшы өзінің дайындығына аз ғана өзгеріс енгізе алады. Осы ерекшеліктерді назарға ала отырып, жастар командасына авторитарлық басшылық стилін қолданған дұрыс. Спорттық тәжірибе. Тәжірибесі мол спортшылар, командаға жаңадан келген спортшыларға көбірек мөлшерде қарауды қажет етеді. Олардың әлеуметтік қорғанысы аз. Олар өздеріне айтылған нұсқаулар мен ескертпелерді ауыр қабылдайды. Осыған байланысты осындай спортшыларды жаттықтыру кезіндегі жаттықтырушының басты мәселесі - спортшыларда өзін-өзі жоғары бағалау сезімін қалыптастыру. Оны қолдау арқылы, тәжірибелі спортшылардың тәжірибесіздерге дұрыс қарауы арқылы әлеуметтік қорған болады.
Психологиялық даму: жүйке жүйесіне тән қасиеттердің білінуі, темперамент, психологиялық қасиеттер.
Жаттығу кезіндегі қарым - қатынас пен тәртіп: абайлау, тәртіпшілдік, жинақтылық, еңбекқорлық, белсенділік, жақсы көңіл-күй, ұнайтын және ұнамайтын жаттығулар, тапсырмалар, әртүрлі жағдайлар, жиі сапарға көзқарасы, керекті заттардың ауысуына, жаттықтырушының көмегі мен сөздеріне көқзқарасы. Жарыс кезіндегі қарым-қатынас пен тәлім тәрбие: кәдімгі старт алдындағы жағдай, жарыс кезеңіндегі түс, спорттық күрес кезіндегі жүйкенің таусылуы, басында және жауапты сәтінде, әсіресе жаттығу кезінде жарыс кезеңіндегі психикалық жағдайдың жақсы жаққа ӛзгеруі, спорт төрағасына деген көзқарас, әсіресе кеңес берерде.
1. Адамбеков Қ.І. Балалар мен жасөспірімдердің дене қасиеттерін тәрбиелеу және оның тиімділігін бағалау. - Алматы, 1993.
2. Ақпаев А.Т. Спортшылар мен спарт командасының психологиялық дайындықтар негізі - Алматы, 2003.
3. Ақпаев А.Т. Дене шынықтыру дайындығының негіздері - Алматы, 2002.
4. Алексеев А.В. Ключи к резервам психики.- Краснодар, 1995.Вестник КазНП У имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г.
5. Мапкин В.Р. Управление психологической подготовкой в спорте. - Екатеринбург, 2001.
6. Психология ФКиС / Под ред. Родионова А.В. - М., 2007.Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. Қ.І. Адамбеков - п.ғыл.д., профессор,К.Д. Ахинжанов - биол.ғыл.к., психология доценті,С.А. Солтекова - психология магистрі
7. Родионов А.В. Практическая психология ФКиС. - Махачкала, 2002.