- Учителю
- 'Ана тілі-білімнің кілті' сайысының жүрісі
'Ана тілі-білімнің кілті' сайысының жүрісі
| Күні: 17.09.2015ж | Сыныбы: 6 «а», «ә» | ||
Сайыстың тақырыбы | Ана тілі-білімнің кілті ( Тіл білгірі сайысы ) | |||
Мақсаты | Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. | |||
Күтілетін нәтижелер | Оқушылардың сөздік қорлары , көшбасшылық қасиеттері артады, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйренеді. | |||
Пәнаралық байланыс | қазақ тілі, әдебиет,тарих | |||
Қолданылатын әдістер | СТО, АКТ | |||
Керекті жабдықтар
| Интербелсенді тақта, сладйтар, А4, А3 қағазы, маркер, стикерлер.
| |||
Барысы: | ||||
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Ұйымдас Тыру Психологиялық дайындық
| 2 мин | Шаттық шеңбер Оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын құру.
Топқа бөлу: Өлең ұйқасын табу арқылы топқа бөлу
| Шаттық шеңберде тұрып бір-біріне тілектер білдіреді Топ ережесін естеріне сақтайды оқушылар 2 топқа бөлінеді. | |
| 1 мин | Мұғалімнің кіріспе сөзі: Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Тіл - әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы - сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.Бүгінгі "Тіл білгірі" сайысымызды 22-қыркүйек-Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі күніне арнаймыз. Сайыстың ұраны: |
| |
Таныстыру.
| 1 мин | 1-топ:"Жас қыран". Ұраны - Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр 2-топ:'' Топжарған''. Ұраны:Белгісі болса - жолдан жаңылмас, Білімі болса - сөзден жаңылмас. | Топ басшысы өз тобын таныстырады
| |
Өлең- сөздің патшасы". ( көркемсөз оқу) | 2 мин | Тіл туралы көркемсөз оқу | Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды. | |
Сөз тапқанға қолқа жоқ ( әріптерден жауап айту)
|
2 мин | 1-топ- (А, Е, Т, О, С ). 1. Қандай елде тұрасың? |
Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулері керек | |
Сен білесің бе? ( ұяшықтағы сұрақтарға жауап) | 3 мин | Тақтадағы ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап беру 1-топ 1. Абайдың қанша қарасөзі бар? 5. Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын) 6. Киіз үй неден тұрады? (кереге, уық, шаңырақ) 8. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедханафия ) 9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 2-топ 1. Қазақ тілінде неше септік бар, оларды атап шығыңыздар? 2.(7септік: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес) 3. Бес асыл істі атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 4. Елтаңбаның авторы? (Ж.Мәлібеков.Ш.Уәлиханов) 10. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин) | Тақтада берілген ұяшықтарда сұрақтар бар. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап беруге тырысады | |
Кім жылдам? ( сөзден сөз құрастыру) | 2 мин | 1-топ- Тәуелсіздік 2-топ- Қазақстан | Берілген сөзден 1 минутта сөз құрастырады | |
Сөз мәйегі- мақал. ( Отан, достық, туған жер, тіл туралы мақал-мәтел айту) | 3 мин | Мақал-мәтел айтудан жарыс | Сайыскерлер Отан, тіл, туған жер, достық туралы мақалдар айтудан жарысады. | |
Кім тапқыр? ( тұрақты тіркестердің мағынасын айту) | 3 мин | Тұрақты тіркестердің мағынасын айту Берілген әріптерден басталатын тұрақты 5 тіркестер айту және мағынасын түсіндіру 1-топ- Е Екі аяғын (өкпесін) қолына алу - аяғы-аяғына жұқпау Екі аяғын бір етікке тығу - қысымға алу Екі көзі төрт болды - қорықты Ешкімнің ала жібін аттамау - қиянат жасамау Екі езуі екі құлағына жету - қуану 2-топ- И Инені жіпке тізу - бәле қуу Ине шаншар жер жоқ - толық, тығыз Ит терісін басына қаптау - ұрысу, балағаттау Иненің көзінен өткендей - пысық Иісі мұрнына кірмейді - ештеңе сезбеу | Топ мүшелері берілген әріптерден басталатын тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіреді | |
Жинақтау | 5 мин | Қазақ тілі сөзін топтастыру | Қазақ тілі сөзін топтастырып, постер қорғайды | |
Қорытынды | 3 мин | Білімнің мініп алып тұлпарына, Қиналмай шықты білім шындарына. Бүгінгі сайысымыз аяқталды, Сөз кезегі көрермендер назарына. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік | Жеңімпаздарды марапаттайды, қорытындылайды. | |
Кері байланыс ( рефлекция) | 2 мин | «Аяқталмаған сөйлем» кеспе қағазға бүгінгі шара туралы өз жазып қалдырады | Сөйлемді аяқтайды, өз ойларын жазады. |