7


  • Учителю
  • Сценарий классного часа 'Достық' 4 класс

Сценарий классного часа 'Достық' 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Достық

Мақсаты: Өлеңдерді, мақалдарды жатқа оқуда негізгі ойды анықтап айта білуге үйрету;

Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту,сөздік қорларын байыту;

Өзара жолдастық көмек көрсетуге дайын болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: проектор, слайдтар, тақырып бойынша оқушылардың салған аппликациялары, суреттері, шарлар, мақал- мәтелдер.

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

«Достар» әні орындалады.

  • Бұл ән не туралы, балалар?

  • Қалай ойлайсыңдар, біздің сабағымыз неге осы әннен басталды?

/Өйткені, біздің сабағымыз достық тақырыбында болмақ/

-Олай болса, сабақтың тақырыбымен танысайық.

Тақтада «Сәлем. Достық. Достық деген не? Дос деп кімдерді айтамыз? Достарды қайдан кездестіруге болады?»

Мұғалім: - «Жақсы адам- тәңірдің нұры» дегендей өзің жақсы болсаң досың көп, жаман болсаң, досың жоқ, орташа болсаң, бір жақсыға ілесе аларсың» дейді екен халық даналығы. Бүгінгі сабағымызда әр адамның өмірінде достықтың қаншалықты қымбат екендігі туралы әңгімелесеміз. Алдымен тақырыпа сай өлеңдер жаттаған балаларды тыңдаймыз.

Аня:- Ән саламыз күнде біз

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.

Роксана:- сәлем, өрен достарым,

Өмірге кеп қосқаным.

Молайтыңдар шаттықты,

ән айтыңдар бақытты.

Алина: - балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, қайда да

сенімді боламыз.

Даяна:- достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз.

Мұғалім:- өлеңдер неге, қандай қасиетке тәрбиелейді? Негізгі ойы қандай? Дос болу деген не, жақсы дос деген қандай болады?

/Балалардың жауаптары/

Осындай әдемі өлеңге жазылған әдемі әнді тыңдайық. Балалардың орындауында «Достық туралы» әнін тыңдаймыз.

Сонымен, достық неден басталады екен?/Достық мейірімді көзқарастан, күлімсіреуден басталады/

-Өте жақсы. Ендігі кезек мақал- мәтелдерге келді.

Балалар тақтаға шығып өздері жаттаған мақалдарын айтады:

-татулық- табылмас бақыт.

- ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.

- досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.

- досы жоқ адам тұзсыз тағам.

- заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

- Нағыз дос дұшпан болмас.

- досы көпті жау алмайды.

- жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.

  • Жолдасы көптің олжасы көп.

  • Сыйласу екі кісіге бірдей.

  • Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

  • Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

  • Дос құшағы- жаз.

  • Доспен дос болғанша шаттан, дұшпаннан дос болғаннан сақтан.

  • Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын т.б. мақал- мәтелдер айтылады.

Мұғалім: - Мақалдарды қалай түсінесіңдер?

  • Айтылған мақалдардың негізгі мағынасы қандай?

  • Как вы их понимаете?

  • Какой смысл несет в себе каждая пословица?

/Оқушылардың жауаптары/

Мұғалім:- «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» немесе орысшасы «Один за всех и все за одного»деген нақыл сөздің төркіні бәрімізге де белгілі. Сондықтан осы мақал біздің сыныпқа сәйкес келе ме, жоқ па?Сыныптағы балалар достасуды біле ме мүмкін достасуды әлі де болса үйрену керек шығар? Соған көз жеткізу үшін қазір бір ойын ойнаймыз. Әр балаға жүрек түрінде фишка таратылып беріледі. Сол фишкаларды кіммен дос немесе кіммен достасқысы келеді сол балаға беру керек.

/Балалар фишкаларын береді/

  • Қазір ойын қорытындысын шығарамыз. Кімде 3-тен көп фишка бар?

  • Сонымен, балалардың көбісі -------------дос болғысы келеді екен, өйткені ол бала біздің сыныпқа жаңа келген оқушы. -----------шетке қақпай ортаға тарту үлкен достықтың бастауы. Бұларың өте дұрыс болды, ендеше біз дос болу дегеннің не екенін түсінеміз.

  • Негізі қалай дос болуға болады?

  • Дос болу үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек деп ойлайсыңдар?

  • Өлең, ән, мақал- мәтел айтудан басқа тағы не балаларды достыққа шақырады?

  • Әрине, ортақ іс, қызығушылығы бір болу, бір- бірін жақсы түсіну, мейірімділік, т.б.

Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.

  • Бұл би несімен қызықты және би арқылы қалай достық қарым- қатынас құруға болады? /Балалардың жауаптары/

  • Би кезінде партнерлардың ауысуы қайталанады, ал бұл тіл табысуға көмегін тигізеді.

  • «Қара жорға» биі қазақ халқының ежелден келе жатқан биі, бұл би 400 жыл бұрын пайда болған би екен.

Ендігі кезекте «Достық ережесі» атты тақырыпта сөйлесеміз. Мақал- мәтелдерге негізделген дос туралы пікірлер айтылып, ой қорытылады.

Тақырып «Жануарлар- біздің досымыз» атты бөлімге ауысады.Оқушылар өз беттерімен жаттаған өлеңдерін, орыс тілінде жануарлар туралы әндерін айтады. Слайд арқылы безендірілген тақтада шыққан сурет бойынша барлығы бірігіп «Қошақаным» әнін орындайды.

Сабақтың қорытындысы:- Мектептегі достықтың, өзара достықтың күші неде деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптары.

Бәрі бірге:

Балалар, келіңдер, дос болайық


- кім өтірік айтса, сол дос емес.

-жаман достан жақсы дұшпан артық.

-ақымақ дұшпаннан қорықпа, ақылсыз достан қорық.




№ 77 МЕКТЕП- БАЛАБАҚША КЕШЕНІ


Ашық сынып сағаты

3г сынып

Тақырыбы: «Күш- достықта»

Өткізген: Кадирова Т.Ж.

2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫ



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал