7


  • Учителю
  • Тәрбие сабағы. Алтын сақа сайысы

Тәрбие сабағы. Алтын сақа сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тақырыбы: «Алтын сақа»

Мақсаты: Оқушыларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу, білімдерін тиянақтау, ана тілін сүюге тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

  1. Мерекенің басталуы

  2. Әр топтың сәлемдесуі

  3. Топтар сайысы

  4. Өнер кезегі

  5. Қорытынды

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Сіздерді бүгінгі тілдер күнімен құттықтаймыз.Сіздерге тек қана жақсылық тілеймін. Бүгінгі «Алтын сақа» сайыс мерекесін ашуға рұқсаь етіңіздер. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топ алдында көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.

Сәт-сапар тілейік!

1 кезең: «Сәлем беру»

Қазір біздің сайыскерлеріміз бір-біріне сәлем береді.

2 кезең: «Атадан балаға»

Әр топқа тапсырмасы ретінде қазақ халқының ұлттық ойындарын атаулары керек. Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз.

3 кезең: «Сен білесің бе?»

Келесі берілетін тапсырмамыз қазақ халқының ұлттық заттары мен киім-бұйымдарын және ыдыстарын атау. Бұл кезеңде оқушылар кезекпен атаулары қажет.

4 кезең: «Сұрақтарға жауап бер»

Әр топтан бір-бір оқушыны шақырамыз. Оларға жіребені алғызамыз.

Сұрақтар:

  1. Тіл туралы мақал-мәтелдерді атау

  2. Қазақтың батырларын атау

  3. Ұннан жасалған тағамдарды атау

  4. Ұлттық салт-дәстүрлерді атау

Сайыскерлеріміз дайындалғанша, келесі кезекті қазылар алқасына береміз.

5 кезең: «Жеке тапсырма»

Ал келесі тапсырма мынадай болып келеді; әр топқа жеке-жеке тапсырма береміз.

  1. Сүйінші қай уақытта сұрайды?

  2. Жар-жар, беташар әндері қай тойда айтылады?

  3. Қымыз қай малдың сүтінен дайындалады?

  4. Түйенің сүтінен дайындалған сусынның аты қандай?

  5. Сүттен қандай тағамдар жасалады?

  6. Қазақ қыста жейтін малының етінен не деп айтады?

6 кезең: «Сен білесің бе?»

Келесі кезең тыйым салынатын сөздерді атау. Мысалы: Нанды баспа. т.б. Кезек-кезекпен айтамыз.

7 кезең: «Өнер сайысы»

Әр топтың сахналық көрінісі. Келесі кезекті қазылар алқасына береміз. Сонымен бүгінгі сайысымыздың жүлдегері «Тапқырлар» тобы болып табылады. Жүлдегерлерді құттықтаймыз.

Құрметті қонақтар, «Алтын сақа» сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Келген қонақтарға және де сайыскерлерімізге көптен-көп рахмет. Сау болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал