7


  • Учителю
  • АҚЖЕЛКЕН *2015 ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ АЛУ КЕШІНІҢ СЦЕНАРИИІ

АҚЖЕЛКЕН *2015 ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ АЛУ КЕШІНІҢ СЦЕНАРИИІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

С.Н.Имашев орта мектебі


«Ақжелкен-2015» аттестат алу кешінің жүру барысы

Армысыздар құрметті ата -аналар, ұстаздар, мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі күні 11 сыныптардың аттестат алу кеші «Ақжелкен-2015» салтанатты жиынына қош келдіңіздер ! Биылғы жылы ягни 1997-1998 жылғылар үшін биыл тым ерекше өйткені олар еліміздегі айтулы мерекелер қазақстан халқы ссамблеясының 20 жылдығы , Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Ата Заңының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдық мерекелерімен тұспа тұс келуі.Кеше ғана мектеп табалдырығын атап тарыдай болып кіріп келген бүлдіршіндер бүгін міне таудай болып шыққалы тұр.Бүгінгі салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді ,

Көңіл шіркін тасып толып өседі

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты

Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.

Бүгінгі 2014-2015 оқу жылының мектеп бітіруші түлектерін ортаға шақырайық

Жүзіңнен шуақ тарайтын,

Көздері неткен арайлы,

Биіне жұрты тамсанып

Әрдайым жылы қарайтын

Айзада бүгін әдемі бақытты болшы жарайсың!

Құрарова Айзаданы шақырамыз

Жолың ашық, айың күлсін алдыңнан

Өмір саған берсін несібе молынан

Мектебінің мақтанышы Айгүлдің

Әркез бағы жана берсін жолынан

Түсекеева Айгүл

Күлімдеп көзің әрдайым биік ұша бер

Қалаған арамн мақстаттарыңды құша бер

Мектебің саған көп үміт артады Бибінұр

Заңғар да биік , асқар таулардан аса бер !

Жанарың нұрлы жүзіңді еш мұң баспасын

Білімінің кілтін табыстап кеттің ұлы өмір енді бастарсың

Досыңның алды, еліңнің адал қызы бол

Найзагүл саған тілейміз әркез аппақ жол.

Спортты сүйді , қалады жаны ойнады,

Білімді қатар арқалап алыс бойлады,

Елімінің атын шығарар биік Айдана

Тек аман жүр, қайда болсаңда қайда да.

Қалаған арамн мақсатың орындалсын

Білімінің тартысында бағың жансын

Сәттілік тілейікші Венераға

Тілегімізіді бір алла қабыл алсын.

Ақылына көркі сай,

Бол тек әркез осылай .

Жансын биік жұлдызың,

Жер жаһанға жарқырай

Айзадаға тілейік , табыстарды толағай!

Сүйкімді өзі әдемі

Сыпайы қыз әдепті

Румияға тілейміз

Әдемі осы тілекті.

Жаны жайсаң жайдарлы

Күндей күліп жайнады

Мақпалдайын қызымыз

Өр мінезі айбарлы

Жүзінен нұр төгілген

Әркез сен күліп жүресің

Милана саған сәттілік

Өмірің сенің төрешің


Тілекшіге тілекші боп жүрейік

Қуанышына бүгін қуанып күлейік.

Арманының асқарына шығуына

Аппақ алғыс, аппақ тілек тілейік!

Спортты жаны сүйеді,

Сабағына да көңіл бөледі

Жақсы оының әдебі

Салтанат қыздың әдебі.


Табабыңа нұр жаусын

Жүйрік болсын шабысың

Нәсіп саған сәттілік

Жүре бер тек шат күліп.

Тұйық мінезді , әдепті

Ешбір артық сөзі жоқ.

Әсемгүл қызға тілейміз

Маман бол деп білікті.

Өзі сұлу сымбатты да әдепті

Ал әндері тербетеді жүректті.

Алтынайға асқақ бақыт тілейміз.

Маман бол деп қызмет етер білікті.

Өзі сондай ұқыпты

Сыныпта ең көрікті

Қошеметпен шақырайық

Сатыбалды деген жігітті.


Өзі әнші , сері жігіт ол Қайрат

Талай әнді шырқатып тербеп айтады

Бағың жансын өмірдің асуында

Жүзің әркез жүрсін тек бал-бұл жайнап.

Өзі сондай салмақты да әдепті

Спорт құмар болып келеді білекті.

Біз Сакеге бар жақсылық тілейміз.

Азам бол елін қорғар жүректі.

Сымбатында еш мін жоқ.

Тәртібіде төзімді.

Найл саған сәттілік

Ұмытпа мектеп кезіңді.

Өзі тұйық , қабағы әркез қатулы

Аман сауы дұрыс бірақ ақылды.

Абзал жігіт азамат бол ардақты

Мақтаныш қып айтатындай жан-жақты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

Түлектерді құттықтау, аттестат тапсыру мектеп директоры Ризабек Құмарұлына жолданады.


Келесі құттықтау сөзі аттестат тапсыру рәсімі кешкі мектептің жетекшісі Светлана Саламатқызына жолдаймыз.

Әлі есемде әліппені ашқаным

Есіміңді есте мәңгі сақтадым.

Жүрегімде нұрын құйып жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып.

Түлектердің алғашқы ұстаздары атынан Құбайдулина Калекен апайға жолдаймыз.

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын

Шәкірттер жатыр ұшқалы

Өмір деген қас -қағым

5 сыныптан бері жақсылығын асырып , жамандығын жасырған сынып жетекшілері атынан Харесова Рауиля апайға сөз кезегін береміз.

Ата -ана тәрбиелеп балапаның

Әлдилеп аялаған алақаның

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын.

Сөз түлектердің ата -аналары атынан --------------------------------------


Толқымайды дәл бүгін қалай жаным

Мектеппен бірге атты талай таңым.

Сынай тұрып қараймын қимастықпен

Ұстаздардың ақ шалған самайларын.

Мектеп түлектері атынан Түсекеева Айгүл Маратқына жолдаймыз.

Тұрсыздар міне, болашақ күнге жол ашып

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана.

Аттестат алдың, мектепте тұрсың соңғы рет

Жол ашып асқар өмір атты белеске,

Арманың әркез орындалсын өмірде

Жұлдызың жансын, бақытты бол тек әрқашан.

Қиындықтар мойытпасын сендерді

Батылдықпен асыңдар сан белдерді

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті

Жақсы іспенен қуантыңдар енді елді.

Осы жиынның куәгерлері мектеп түлектері! Сендердің өмір жолдарыңа сәттілік, амандық тілейміз. Әрқайсысың ерекше бір жұлдызсыңдар. Бүгіннен басталған өмір атты ғаламшардың ең жарық жұлдызы болуыңызға тілектеспін. Қалаған мамандық иесі болып, қалаған оқу орнына түсініздер, Ата үмітін ақтаған ұлы мен қызы болыңыздар! Қош сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал