- Учителю
- Внекласная работа
Внекласная работа
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп
зияткерлік ойыны
(5-сыныптар)
Өткізген: Иманбаева З.Ж.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Асыл сөз» зияткерлік ойыны
Мақсаты:
1.Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.
2. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
3. Өз ана тілін қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар,сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі тіл. Қазақстанда тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтейді.
Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ана тілімізді қадірлеу керек.
1-Жүргізуші:
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2-Жүргізуші:
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!
-
Жүргізуші: - Құрметті әдебиетті, өнерді, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен ардақты оқушылар! Тілдер апталығы аясында өткізіліп отырған 5-сынып оқушыларына арналған «Асыл сөз» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
-
Жүргізуші: -Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса- қырандай қалқыған, ойға салса- қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! (Н.Ә.Назарбаев)
Бұл жанды тіл- менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Бірлік, достық, татулық жүрегі боп
Жасай бер, Ана тілім-қазақ тілім!
1-Жүргізуші: -Бүгінгі «Асыл сөз» зияткерлік ойынына қатысушы топтарды қарсы алыңыздар «Қазақ тілі - өрісі мол қазына» тобы:
1.
2.
3.
4.
5.
6.