- Учителю
- Урок Жақсылық - жан шуағы
Урок Жақсылық - жан шуағы
Бекітемін:
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Г.Алғалиева
Мектеп: «Көктүбек орта мектебі»КММ Мерзімі: 21.09.2016 ж
Мұғалім: Нугыманова Г.К. Сабақ: 3
Сынып: 11 Оқушылар саны: 11
Тақырып: Жақсылық- жан шуағы
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік.Сабақтың мақсаты:
Жақсылық жасау арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;
Оқушылардың бір - біріне деген, айналаға деген мейірімділігін дамыту;
Жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
( белсенді тақта,кітап,дәптер,стикерлер,маркерлер, «Сүйкімді бүлдіршін» атты әңгіме,қиылған жеміс - жидектердің суреттері,А.Ораловтың «Жақсы адамдар»әнінің әуені т.б.)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, 5 Т ережесін еске түсіру,
жеміс - жидектер арқылы топқа бөлу.
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Жайлы,баяу музыка қойылады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Г.Молдағалиеваның «Шипалы түн»әңгімесінің мазмұнын сұрау.
1.Әңгіме сендерге қалай әсер етті?
2. Адамды жақсылық жасауға мәжбүрлеуге бола ма?
3. Әңгімедегі қай кейіпкердің іс -әрекеті нағыз жанашырлыққа жатады?
4. Біреуге жақсылық жасаған кездерің болды ма? Егер жасасаңдар қандай сезімде болдыңдар?
Дәйексөз
«Жақсылық істеуден жалықпа,
Істеген жақсылығыңа өкінбе!»
Кабуснама
Дәйексөзді оқушыларға бірнеше рет оқытып, талдау.
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
3.Әңгімелеу
Саудагер айналаны бақылап,терезеге ұзақ қарап тұрды.Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған моншақты нұсқады.
-Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? - деп сұрады бүлдіршін.
Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып:
-
Сенің қанша ақшаң бар? - деп сұрады.
Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды.
-
Бұл жете ме? - деп сұрады.Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті.
Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.
-
Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келді.Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді.Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді.Ақықтың түсі көзімен жақсы үйлесетін еді,- деп бүлдіршін мақтана түсті.
Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті.Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.
-Ала ғой құлыным! Жолда абайлап жүр.Жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды.
Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріпткелді.Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты,қаптаманы және лентаны болек - бөлек қойды.
-
Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма?Оның бағасы қанша? - деп сұрады бойжеткен.
-
А! - деді саудагер, - Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.
-
Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын.Ал мына моншақ таза ақықтан жасалған емес пе?Оның бағасы да қымбат болу керек.Мұны қалтамыз көтермейді,- деп ағынан жарылды бойжеткен.
Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды.
-
Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...
Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.
Өзіміз бала тәрбиелейміз деп жүргенімізде сәбилердің ұстаз болатын кездері бар.Жүрегі махаббат пен мейірімге толы сәбилерден үйренеріміз көп.
1.Бұл әңгіменің мазмұны не жайлы айтылған?
2.Кішкентай қыз дүкенге келіп, моншақты неге алғысы келді деп ойлайсыңдар?
3.Саудагер кішкентай қызға жақсылық жасай алды ма?
4.Кішкентай қыз бен саудагердің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
5.Біреуге жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласыңдар?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
1 топ: Ақын ретінде өздерің берілген өлең жолдарын аяқтап көріңдер
...... төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
............... сөйессең,
Көңілің ...............
Биік төбеге шықсаң
Көзің ашылады.
Жақсымен сөйлессең,
Көңілің ашылады.
М.Әлімбаев
2 топ: Төмендегі жағдаяттың шешімін тауып, сахналап беріңдер:
Ербол үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығын түсініп тұрса да, қалай ашуланғанын сезбей қалады.
Ербол неліктен қарт адамдарды түсінбейді?
Ерболға қандай кеңес бересіңдер?
5. Топпен ән айту
Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар - бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ ниетті бар адамдар!
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
</<br>
6. Үй тапсырмасы
З.Ахметованың «Шуақты күндер» мәтінің оқып келу.
7.Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізде сақтаймыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!