- Учителю
- Мұғалім мен ата -ана әрекеттестігінің тиімді жолдары
Мұғалім мен ата -ана әрекеттестігінің тиімді жолдары
</
Тақырыбы: Мұғалім мен ата -ана әрекеттестігінің тиімді жолдары
Күні: Тоқсан: ІІІ Сыныбы: 6
Мақсаты: ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын
қалыптастыру, мектеппен қарым-қатынастың тиімді моделдерін
іздестіру, балалар өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар
бере отырып пікіралмасу, балалардың дүниетанымын, қабілетін,
дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның
рөлін дамтыу, ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, интерактивті тақта.
Өткізу әдісі: пікір аламсу
Түрі: еркін микрофон
1.Кіріспе сөз. «Баланың бас ұстазы-ата-анасы»
Бала тәрбиесі- ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы
өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-анаың орны бөлек. Тындаған
тәлім-тәрбиелік жарасымдыдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта,
бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас
шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға бейім
болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың
көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала
тәрбиесіне ықпалы зор.
Ұлы ғалым, философ Әбу-насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім
емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.
Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледідеген екен». Бұдан шығатын
түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы,
ұстамдыдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Қадірлі ата-ана, отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып
жерге қаратпасын десеңіз балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер, бала
тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі
мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мектеп өзара
тығыз байланыста болса, балаға бірдей талап қойылса, тәуелсіз
еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары
сөзсіз.
2. ІІІ тоқсан қорытындысы
1) Ата -аналар міндеттері
-
Бала тәрбиесінің негізі ата-анада жатқанын естен шығармау.
-
Мектеппен және білім беретін мекемелермен тығыз байланыста болу, баланы сабақтан қалдырмау. -
Балалардың өмірі үшін, оқуы үшін олардың рухани және қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау. -
Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету. -
Мектепте сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен байланыс жасап, оқушыны оқулықтармен қамтамасыз етілуін ескеру. -
Оқушы мектепке кешігіп қалмау үшін таңертең уақтылы балаларын үйден шығарып салу. -
Жыл мезгілдерінің ауа-райына байланысты киімдерін қадағалау. -
Үйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау. -
Көше ережелерін сақтауын еске салып тұру.
2) Ата-аналарға жадынама
1.Баланың оқуына, тәрбиеленуіне, баланың белсенділігінің артуына
тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын
түсініңіз. Мұғалім-сіздің отбасыңыздың досы.
2.Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының
үлгерімін қадағалаңыз.
3.Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз. Бүгін
қандай жаңа ұғым алды, нені үйренді? Тек қандай баға алғанымен
қанағаттанбаңыз.
4.Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер
бала қиналатын болса көмектесіңіз,керісінше өзіңіз орындап беруге
үйретпеңіз.
3.Сұхбат бөлімі.
«Пікірталастан шындық туады, шындық кірлеген ойды жуады»
Ата-аналарға жағдаяттар
№1 жағдаят
Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл
аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?
№2жағдаят
Қызыңыз немесе ұлыңыз сіздің алғашқы махаббатыңыз туралы білгісі
келеді. Не істер едіңіз.Сіз не айтар едіңіз?
№3 жағдаят
Сіз балаңыздың темекі тартқанын байқап қалдыңыз.Не істер
едіңіз.Өзіңіз темекі тартар ма едіңіз?
№4 жағдаят
Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді.Соған оқушылар
жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болды. Сіздің
ұлыңыз машианмен алып шықпақшы болып сыныптастарына уәде беріп
кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрады. Сіз не
істер едіңіз?
№5 жағдаят
Телефон шырылдайды.анасы немесе әкесі баласына «Мені жоқ дей салшы»
деді.Теріс тәрбие беріп тұрған жоқсыз ба?
№6 жағдаятСіздің жанұяңызда үлкен анаңыз бар. Ол кісімен сіздер
үнемі келіспей қаласыздар. Сондықтан да жанұяда үнемі ұрыс-керіс
туындайды. Үлкен кісіге қатты-қатты сөздер айтасыздар.Бұл бала
тәрбиесіне әсер етеді деп ойламайсыз ба?
Жұмбақ кейіпкер: Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте
жақсы еді. Мұғалімдер мақтағанда төбем көкке бірақ елі жетпей
қалушы еді. Оның алып келген 5-тік бағаларына ақша беріп
отырдым.Елден ерекше киіндірдім, өйткені ол менің жалғыз ұлым
еді.Өсе келе ол мектепке соңғы сабақтардан қашып кететін
болды.Күнде ақша сұрайтын болды. Неге керегін сұрасам, «Мектепте
мереке күніне» немесе «Туған күнге баруым керек, сол үшін» дейді.
Бір күні сынып жетекшісі үйге келіп, баламның мектептегі өрескел
қылықтары ( темекі шегіп, сабақтан қашатындығы) туралы айтты. Бұл
жайды әкесіне айттым.Әкесі қатал кісі еді. Баламды ұрды, ұрысты.
Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты.Бұрынғыдай еркелемейді,
ашылып әңгіме айтпайды. Мектепке барғысы келмейді. Мен түсінбедім.
Маған не айтар едіңіздер?
Сұрақ. Сіз бұған кімді кінәлайсыз?
Қорытынды
Сонымен құрметті ата-аналар, бүгінгі кезекті жиналысымызда мектеп
пен отбасының ынтымағын арттыра отырып, баланы қалай азамат етіп
тәрбиелейміз деген мәселені шешеуге тырыстық. Бірлесе отырып
осындай тығырықтан шығудың жолын іздедік. Сондықтан да бұдан әрі де
осы істерімізді аяқсыз қалдырмай, дәстүрге айналдырамыз деп
ойлаймын. Балаларымыздың жарқын болашағының мәнді болуына ат
салысайық. Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақтылы білім
алуларына күш салайық. «Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген, ел
сенімін ақтап, ата даңқын шығарара, тәуелсіз еліміздің болашағын
алға апарар білімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу ұлы парызымыз деп
білейік.
«Көктүбек орта мектебі» КММ
Пікір аламасу
Сынып жетекшісі: Г.Нұғыманова