7


  • Учителю
  • «Кішкентай сұлтан -2014» сайысы (2 сынып)

«Кішкентай сұлтан -2014» сайысы (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Кішкентай сұлтан -2014».

Сабақтың мақсаты : Өз халқының , Отанының азаматы деген қасиетті ұғымның қалыптасуына көмектесу. Жігіттердің бойына ұлттық салт-дәстүрімізге сай қасиеттерін сіңіріп, ептілікке, ержүректілікке, сегіз қырлы, бір сырлы болуға тәрбиелеу.

Барысы: Бүгінгі 2-а сыныбында өткізгелі отырған «Кішкентай сұлтан-2014» сайысына қош келдіңіздер! Алдымен 7 мамыр ҚР Қарулы Күштерінің және Отан қорғаушылар күнімен ардақты сарбаздар мен жас ұландарды құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Армысыздар ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Бармысыздар, жан күйер сыныптастар!

Бүгінгі сайысты біз бастайық,

Сайыста көңілменен қол соғалық ,

Біздерде ойын-сауық басталады ,

Тамаша би биленіп , ән салады.

Сайыс десе таза біздің арымыз ,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын кішкентай сұлтандарды,

Қарсы алайық қошметтеп бәріміз.(сұлтандар ортаға шығады ,нөмерлерін суырады).

(Сұлтандардың құрметіне Диляра мен Айлана би билеп береді).

Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,

Туралықтан ешуақытта қайтпайтын ,

Әділдікті қолдайтын баға беріп ,

Жіберейін қазыларды таныстырып.(әділқазылар төрт адамнан тұрады).

Байқауымыздың өтетін бөлімдерімен таныстырып кетейін.

1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер».(Таныстыру).

2. «Ел іші , өнер кеніші» .(өнер көрсету).

3. «Білімді жүзден озар».(3 санына байланысты ұғымдар).

4. «Мақал- сөздің мәйегі» . (мақалдың жалғасын табады).

5. «Шынықсаң - шымыр боласың» .(ұзындыққа секіру, оджимание жасау ,шеге қағу).

6. «Ескірмеген- есті сөз».(қаруға байланысты сөздер).

7.Газетті , киімді , төсбелгіні бағалау.

8. «Шебердің қолы ортақ».(өз қолынан жасаған заттарын көрсетіп, айтып береді) .

Ал енді сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін ,

Бір басына өнері жетер деймін,

Бәсекеге түскен сұлтандар кезектесіп ,

Өздерін таныстырып өтер деймін.(ортаға кезектесіп шығады, бағалары сұралады) .

«Ел іші , алтын кеніші» бөлімін бастаймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салады

Сұлтандар байқауында бәйге алуға,

Жігіттер аянбай жан салады.(кезектесіп ортаға шығады, бағалары беріледі).

«Еңбек ердің -санаты, білім елдің қанаты» демекші ,Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннанда өтсең егер сүрінбей ,

Жүлде сенде қуана бер күлімдей -дей отырып, сұлтандарымыз сұрақтарға жауап береді.

Үш арсыз. Үш би. Үш дана. Үш тәтті.

1.Ұйқы арсыз. 1.Төле би. 1.Абай. 1.Ананың сүті тәтті.

2.Күлкі арсыз. 2.Қазыбек би. 2.Шоқан. 2.Баланың күлкісі.

3.Тамақ арсыз. 3.Әйтеке би. 3.Ыбырай. 3.Туған жер.

Үш жақын. Үш тоқтам.

1.Жарық дүние. 1.Ақыл арқан.

2.Балаң. 2.Ой өріс.

3.Жарың. 3.Адам қазық.

(билет суырады, бір сұраққа бір ұпайдан беріледі ).

А.Аружан ән орындайды .

«Мақал-сөздің мәйегі» бөлімі кезеңі әр сұлтан мақалдың жалғасын табады.

1.Балам өсті дегенше ,

Батыр өсті десеңші.

2.Бала-адамның бауыр еті.

3.Байлық байлық емес,

Бірлік байлық.

4.Еңбек ерлікке жеткізеді,

Ерлік елдікке жеткізеді.

5.Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

6.Жақсы қыз- жағадағы құндыз,

Жақсы ұл- аспандағы жұлдыз.

7.Өнер іздеген өсер,

Өсек іздеген өшер.

8.Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

9.Ерлік білекте емес, жүректе.

10.Ел үмітін ер ақтар ,

Ер атағын ел сақтар.

11.Ақыл-дос, ашу -дұшпан.

12.Өнер-ердің қанаты.

(билет суырады, әр мақалаға бір ұпайдан беріледі).

Бибинұрды үнді биімен ортаға шақырамыз.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай ,

Күш өнері білінбес ,

Бәйгіге түсіп жарыспай - демекші келесі бөлім «Шынықсаң -шымыр боласың» деп аталады.Бұл бөлімде спорттық тапсырмалар орындалады.(Бұл сайысты Бекболат Тоғжанұлы жүргізеді).

«Ескірмеген есті сөз» кезеңі бойынша қазақ халқының көне қаруларға байланысты сай атауларын айтады.

1.Түйреу қаруы. а).Найза. ә).Сүңгі.

2.Шабу қаруы.а).Айбалта.

3.Соғу қаруы.а).Шоқпар.

4.Ату қаруы.а)Мылтық.ә).Садақ.

5.Кесу қаруы.а).Алдаспан.ә).Қылыш.б).Сапы.в).Семсер.

6.Ат сауыттары.а).Береңгелі кежім.ә).Зере кежім.б).Көбе кежім.в).Қияқ кежім.г).Қаттама кежім.

(билет суырады ,жауаптарына сай бір ұпайдан беріледі).

Дана ән шырқайды .

Жігіттің көркі -өнері ,

Талап- кісі мұраты.

Өнері қалмақ артында,

Дүниенің өшпес шырағы-дей келе сұлтандарға берілетін бөлім «Шебердің қолы ортақ» деп аталады.(ортаға кезекпен шығып, өз жұмыстарын таныстырады, баға беріледі).

Аружан .Б. би билейді.

Төсбелгі мен газетке , киімге баға беріледі.

Жылдар ,жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгінімен , өткені. Осымен , «Кішкентай сұлтан-2014» атты сайысымыз мәреге жетті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші , бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз (марапаттайды).

«Жүзден-жүйрік » күшімен,

«Мыңнан- тұлпар» шықты шын.

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді,

Сұлтан болған баланы,

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы,

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жағылсын!

Осымен сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал