7


  • Учителю
  • Абайдың қарасөздерінің тәрбиелік маңызы

Абайдың қарасөздерінің тәрбиелік маңызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Абайдың қарасөздерінің тәрбиелік маңызы

Мақсаты: а) Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі қара сөзінің мазмұнын меңгерту.

Ә) Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру және оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу

Өткізудің әдіс - тәсілдері:Сұрақ - жауап, электронды оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, талдау, слайд,бейнесурет

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, сызба, суреттер

  1. Ұйымдастыру. (Тәрбиелік шараның мақсаты туралы түсінік беру, топқа бөлу.)

Осыны оқып ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек.

Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,- деп сынып оқушыларын «Ақыл», «Қайрат», «Жүрек» тобқа бөлеміз.

Мұғалімнің сөзі: Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі - бейбітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі - табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай - қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір -бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі, адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы, әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім - тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан - ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді.

Жүргізуші: Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңым менен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл - қызы да болу керек дарынды, - деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

Шарамызды бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, соған мына суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік.

Ой - қозғау сәті. (сұрақ - жауап бойынша)

  1. Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?

(«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т. б.

  1. Абайдың қандай күйлерін білесіңдер?

( «Желдірме», «Май түні», «Торы жорға»)

Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»

3.Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағын басып шығаруға атсалысқан тұлға?

Әлихан Бөкейханов - қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан тұлға. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.

Жүргізуші: Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім - ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез - құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.

Абай атамыздың қара сөзін өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы ғып ізденіп жүрген 10 «а» сыныбының оқушысы Мәлікова Айгерімді (жетекшісі: қазақ тілінің мұғалімі Ф.Фаузия)ортаға шақырып, қара сөздің маңызы туралы бізге айтуды жөн санадық. ( шараның барысында түсінбеген, білгісі келген сұрақтар болса осы апайлардан білеміз деп ойлаймыз.)













Абай атамыз туралы :

Диана:- Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді:

«Әкем балаларын 7 - 8 - ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қарасөзбен жазған кітабы екен».

Нұрхат: Қара сөздерінде Абай әңгіме - сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады.

Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М. Әуезов еді. «... Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов. 20 - том).

Жүргізуші: Шараны жалғастыру үшін

Дискуссиялық карта. . «Пікірі жоқ адамнан қорық» деген шығыс даналығы бар. Әрбір адамның өзіндік мені, өз пікірі болуы керек. Абайдың қарасөзін тыңдай немесе оқи отырып, Абайдың айтқан пікіріне біздің тәрбиеміздің «+» және

«-» тұстарына талдау бере аламыз ба?

</<font face="Times New Roman, serif">Электронды оқулықтан «отыз бірінші» қара сөзін тыңдату. (3 мин.) ( постер құру арқылы ой бөліседі)

Жүргізуші: (Ортаға Майда апаны шақырып Абай атамыздың бір өлеңін тыңдасақ.)

Мәтіндік тапсырма. ( топпен жұмыс)

1 - топқа:

Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: ----------------------------------------------------------- болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ---------------------------- керек, көңілденіп, тұшынып, -------------------------------------------- керек;

2 - топқа:

үшінші - сол нәрсені ішінен ------------------------------------------------------- көңілге бекіту керек;

төртінші - ------------------------------------------ --------------------- керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: --------------------------------------- секілді. Бұл төрт нәрсе - --------------------- мен ------------------------ тоздыратұғын нәрселер.

3-топқа:

Адам ата -анадан туғанда --------- болмайды:--- ,----, -----, татып ескерсе, дүниедегі ---,---- таниды -дағы, сондайдан білгені ,көргені көп болған адам болады.



Тәрбиелік түйіні: «Үш жақты күнделік»Оқушының түйінді ойы

Ата- ананың түйінді ойы

Мұғалімнің түйінді ойы











Қорытынды: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу

Жүргізуші: Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы - халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай... Абайдың өлеңдері өнеге,қарасөздері өсиет. Абай өсиеттерінен тағылым алып, елімізге пайда келтірер елеулі азамат болып жетіліңіздер демекпіз. Абайды тану арқылы біз әлемге қазақ елін танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттың ұраны болуға тиіс. Бүгінгі тәрбие сағатына келіп пікір айтып,ой бөліскендеріңізге алғыс айтамыз.































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал