- Учителю
 - Урок на 1 сентября 'Менің Отаным - Қазақстан'
 
Урок на 1 сентября 'Менің Отаным - Қазақстан'
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. 
 Міндеттері: 
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 
 2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 
 3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 
 Түрі: саяхат
 Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап.
 Көрнекіліктері: интербелсенді тақта 
 Сабақтың барысы: 
 І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Құрметті оқушылар сендерді бүгінгі мерекелеріңмен, оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Басқан қадамдарың оң болсын!
Тапсырма: «Отан» сөзінің тұсына, неге теңейтіндерін ойлап жазу.
Отан-
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. 
 - Балалар біздің Отанымыз қалай аталады? 
 - Біздің - Отанымыз Қазақстан. 
 - Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. 
 ІІ. Негізгі бөлім.  
Топтық жұмыс. Балалар суретті жинау арқылы топ құрады.
 Тапсырмалар бөлімі: қиылған суреттерден тұтас бір сурет құрастыру және сол жөнінде әңгімелеп беру. 
Елтаңба, ту.суреттері бөлшектелген . (Мозайка)
1.Танытып айбын өр үнін
Таң қалдырған жер жүзін
 Кім айтар қазақ елінің
 Егемен алған мерзімін?1991ж.16-желтоқсан.
 2.Нұрын төккен арай көк
 Иесі ұлы төріңнің.
 Аталады қалай деп
 Мемлекеті еліңнің? Қазақстан Республикасы.
 3.Қол жетпей келген ең басты
 Сырын ашқан ғажаптың
 Кім айтады алғашқы
 Ғарышкерін қазақтың?/Тоқтар Әубәкіров/
 4.Халқы үшін мынау өмірдің
 Татқан тұщы, ащысын
 Кім айтады елімнің Мемлекеттік басшысын?/Н.Әбішұлы Назарбаев./
 5.Аталды кеше дүркіреп
 Болды мереке, ғажап күн.
 Кім айтады қай күні
 Президент күні қазақтың?1 желтоқсан. 
-  
Қазақ хандығына- 550 жыл (видео)
 
Физминутка
III. Қайталау
-  
Балалар сендер даярлық тобында қандай пәндерді үйрендіңдер?
 -  
Сауат ашу сабағын есімізге түсірейік.
 
-  
Слайдтағы сөздерді оқу
 
-  
Математика сабағын еске түсіру.
 
-  
Слайдтағы тапсырмаларды орындау.
 
Тілек.
- Ал, балалар күніміз ашық болсын деп елімізге тыныштық тілеп, ортадағы күннің көзіне тілек шоғымызды қойып, күннің шуағын жинайық.
 1-бала: Достық болсын.
 2-бала: Бірлік болсын.
 3-бала: Аспанымыз ашық болсын.
 4-бала: Әрқашан күн сөнбесін.
 5-бала: Бейбітшілік болсын.
 6-бала: Ынтымақ болсын.
 Қорытынды: Ал, балалар айтқан тілектерін қабыл болсын және де сабақтарыңды 5-ке оқып, елімізді бетке ұстар азаматтарының бірі болып өсулеріңе тілектеспін! Мерекелерің құтты болсын! 
 
 
 
Ақшиман негізгі білім беретін мектеп
 
 
 
 
1 сынып
 
Каймолдина Ардана Кайырганатовна
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақшиман 2015