7


  • Учителю
  • Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызы жайлы айту. Қазақ тілі туралы өлең, мақал-мәтел, нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар ! Бүгінгі 8 «А» - 7 «А» сыныбының Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер дей отыра, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!

1 Жүргізуші: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2 Жүргізуші: Армысыздар, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! "Тілім барда тірімін мен, мәңгімін…" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

1 жүргізуші: Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің-тілім менің тірлігім!

2 жүргізуші: Ана тілім- тірлігімнің тірегі

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам-өлі мынау дүниеде,

Түсініксіз тылсымменен бір еді.

Ана тілім-әрекетім азығы,

Бар ғаламды танушылық қазығы,

Ой-сананың өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.

1-ж: Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас - деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.

2-ж: Ия, Тіл - халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.

1-жүргізуші: Қазақ халқының дархандығы, қонақжайлылығы, кеңдігі мен жомарттығы жырланған өлең-жырлар қаншама.Сол өлеңдерді 8»А» және 7»А» сынып оқушылары сіздерге ұсынбақ.



Бауыржан:

Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің.

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.



8А:

Кейбіреулер туған тілін білмейді.

Білмесе де білгісі олар келмейді,

Туған тілін түсінбеген азамат

Өз ұлтының қасиетін сезбейді.

Қате болар туған тілін білмесе.

Тілін сатып өзге тілге бой берсе,

Тілін сатып деп айтпасам не дейін?

Туған тілін білгісі де келмесе!

Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.

8 А:

Отан тілі әркімге ыстық бір арман,

Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу

Бізге аманат қалған мирас бабадан.

Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі

Өзге тілмен араласып жүрмеуі.

Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.

Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі

Меруерт: «Мұқағали Мақатаев»

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста :

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!



1-ж: Тіл мәдениеті - халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл саясатын да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін жаңғыртатын мүделлі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін , болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз.

2-ж: Біз бүгін тіл тағдыры - ел тағдыры екенін нақты мойындадық, сондықтанда елімізде ана тіліміздің жан - жақты дамуына бар мүмкіндік жасалуда.

1-ж: Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.

Жанеля : «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы - бәрінен де сеніді байлық»

Ғабит Мүсірепов

8А: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту»

Бауыржан Момышұлы

Жарқын: «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Ғабит Мүсірепов

1-ж: Қымбатты ұстаздар,оқушылар! Тіл мерекесіне орай әр түрлі шаралар мектебімізде өз кезегімен өтіп жатса, біздің сынып оқушылары да қалыс қалар емес.Олай болса сыныбымыздың әдеби-театралдық қойылымды тамашалаңыздар.

11-оқушы: ТІЛ:

--Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім.Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.Мен не көремедім?

Маған әкеліп араб пен парсыны қосты.Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күдері мен мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды.Өліде ұшбағы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды.Мен жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.

12- оқушы:

Төле би: Жасыма!

Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар,

Тай көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер!

13-оқушы: ТІЛ:

Төңкеріске шейін көрмегенім жоқ.Төңкеріс болмаса бейшара қазақ мене айырылатын да шығар деп едім.Төңкеріс болды.Қазақтың көзі ашылды.Қазақтың көзі ашылған соң "Менің де күнім туды ғой" деп қуанушы едім. "молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болужан құтылым ғой" деп ойлаушы едім. Оның үстіне "Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын "деген заң шықты.Төбем көкке төрт елі жетпеді.Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін…

14-оқушы:

Қазыбек би: Налыма!

Біз қазақ деген, мал баққан еміз.Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзі асырмаған елміз.

15- оқушы: ТІЛ:

Жанның бәрі теңдік алып жатқан Кеңес Үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып кім көрінген созғылай бастады.Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады.

16- оқушы:

Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да.

Уақыты жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

1- Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

2- Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

3-Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

4- Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

Бірге: Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!





1-жүргізуші: Тіл -халықтың жаны.Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл - халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы.

2-жүргізуші: Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол - қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. "Тіл туралы" заңда "Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі" делінген.

1-жүргізуші: Тіл - халық тарихы, тіл - ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР-ның Тіл туралы Заңы қабылданды. Қазақ тілі ҚР-ның мемлекеттік тілі болып жарияланды.

7А сынып окушылары : би «Қара жорға»

2-жүргізуші:

"Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше мемлекеттік органдарға, қызметкөрсету саласында, құқық қорғау саласында, сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды.Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар, өз функцияларыңды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. " Н.Назарбаев

1-жүргізуші: Филлипова деген ханым қазақ тілі туралы былай деген екен: "Қазақ тілі жақұт моншақ тәріздіжіпке тізіп жарқырата таққандай." Өзге ұлттың өкілі менің тілімді жақұтқа балап тұр ғой. Бұл деген тамаша теңеу емес пе?

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиынан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп- тегіс, жұмыр келсін айналасы,- деп ана тілін жүрегімен сүйген Абай да тіл сұлулығын сақтаған.



2-жүргізуші: Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.Қазақ тілі - қазақ халқының тілі.Оның негізгі мекені -Қазақстан.

1-жүргізуші: Әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынығ нәр алатын кіндік тамыры, ол- ана тілі.

1-ж:Құрметті ұстаздар,оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! Тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз! Ел аман, жұрт тынышта кездескенше!

2-ж:Келгендеріңізге,көргендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал