7


Тәрбие сағаты: 'Бұрымды ару'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Бұрымды ару

Сабақтың мақсаты: қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт- дәстүрді білуге, талғамын қалыптастыру, халықтың әдеп пен өнерді дәріптеуге, ұзын шаштарын мақтан етуге үйрету

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, плакаттар, шар, гүлдер, слайд т.б

"Қыздың жолы жіңішке», «Қыз- өмірдің қызғалдағы»,

"Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі"т.б

Жүргізуші:

Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,

Бүгінгі бізде мереке аса мәнді

Қуанып зер салайық, ей, халайық!

Аруларды қошеметтеп қарсы алайық! - деп кеш иелерін қошеметпен ортаға шақырап, кеш жоспарымен таныстырады.

Жүргізуші:

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын

Таныстырайын әділ қазы алқаларын.

Аруларымыздың өнері мен өнегесін бағалайтын қазылар алқасымен таныстырады.

Жүргізуші: Жоспары:

Таныстыру (өздерін таныстыру)

Білгенге маржан (сұрақ -жауап)

Ел іші-өнер кеніші (өз өнерлері)

Жарнама (қазақтың ұлтық бұйымдарын жарнамалау)

Өлең- сөздің патшасы... (мәнерлеп өлең оқу)

Иықтан шашың... (шаш үлгісі )

Дастархан (қазақтың ұлттық бір тағам түрін әзірлеу жолын көрсету)

Жүргізуші:

Білгенге маржан

1.Қазақтың ұлттық бас киімдерін атаңыз?

2.Оюдың қандай түрлерін білесіз?

3.Жеті қазынаға нелер жатады?

4. Қазақ халқының сүттен жасалатын тағамдары?

5. Қазақ қыздарының шаштарына таққан әшекей бұйымдарын ата?

6. Киіз үй бұйымдарын атаңыз?

7.Қазақтың ұлттықбас киімдерін атаңыз?

8. Қазақтың үш биі?

9.Үш арсызды ата?

10. Қазақ халқының тұңғыш опера әншісі?

бұрымдыларымыз өз өнерлерін ортаға салады.

Жүргізуші:

Жарнамаға кезек берейік, «аруларымыз қазақтың қандай ұлттық бұйымдарын

жарнамалайды екен?».

Жүргізуші:

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп -тегіс жұмыр келсін айналасы, - деп келесі кезекте аруларымыз ақын аға- апаларымыздың өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу.

Жүргізуші:

Иықтан шашың, төгіліп жерге.

Күмісті шашбау жарасып белге- деп бұрымды аруларымыздың шаш үлгісіне кезек берейік.

Жүргізуші:

Әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер

Ешқайсысы жоқ сияқты

Бір бірінен кем түсер - дегендей келесі кезекте Дастархан

(қазақтың ұлттық бір тағам түрін әзірлеу жолын көрсету)

Жүргізуші:

Қорытынды: қазылар шешіміне кезек беріледі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал