- Учителю
- Жеке бас гигенасыын сақтау. (6 класс)
Жеке бас гигенасыын сақтау. (6 класс)
№19 орта мектебі
«Жеке бас гигенасын сақтау»
дөңгелек стол
Класс: 6 «А»
Өткізген: класс жетекші: Жанұзақова Н.Ж
медбике: Смайлова Э.С
2015-2016 оқу жылы
Күні:
Тақырыбы: Жеке бас гигенасыын сақтау.
Мұғалім: Құріметті оқушылар , адамның денсаулығы - қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Денсаулықты күтуді ең алғаш жеке бас гигенасынан бастаған жөн.
Гигиена грек сөзі - Gugieinos - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі.
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. Шаш күтіміндегі негізгі мәселе бұл шаштың битеуі мен сіркеліп кетуі. Шаштың бұл мәселесінің алдын алуды және битеген жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін мектеп медбикесі айтып береді.
Медбике: Бит (Anoplura) - адамның және қанын сорып тіршілік ететін ұсақ отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттің түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан (сіркесінен) шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады
Биттің 300-ге жуық түрі белгілі. Олар 3 тұқымдасқа бөлінген: 1) гематопид тұқымдасына (Hacmatopііdae) , сиыр, , , шошқа, т.б. жануарлар биті жатады; 2) тікенекті Биттер суда тіршілік ететін омыртқалы жануарларда кездеседі, мысалы, Биті; 3) педикулиттер тұқымдасына жататын Биттер, тек адамдар мен маймылдарда масылдық етеді. Адамда Б-тің 3 түрі кездеседі: бас биті (Pedіculus capіtіs), киім биті (P. vestіmentі) және шап биті (Phthіrus pubіs). Сүтқоректі жануарлардың Биттері адамға ауыспайды және олар әр түрлі өзіне ғана тән болады. Бит денені қышытып мазасыздандыруымен қатар, аса қауіпті (, ,,) қоздырғыштарын таратады. Биттеуді () болдырмау үшін тазалық сақтау қажет.
Мұғалім: Оқушылар биттің денсаулық үшін қаншалықты зиян екенін білдіндер ме? Медбикеге қойылатын қандай сұрақтарын бар?
Аида: Бит неден пайда болады?
Медбике: Жеке бас гигенасын дұрыс сақтамандықтан және бұрын биттеген адамдардан жұқтырудан пайда болады.
Адилет: Шаштың битегенін қандай белгілер арқылы білуге болады?
Медбике: Бастың шашы биттеген кезде қатты қышытады, бұл қотырға, одан кейін теренің іріңді зақымдануының тұғызады. Киім-кешек биті көбінесе төсек-орын қоймасында өмір сүреді және теріге қоректену үшін өтеді.
Венера: Егер биттеген жағдайда қандай ем қолданған жөн?
Медбике: Емі бас битын жиі тарақпен тарап арылтады. Еркектер мен балалардың шаші алынады. Битті құрту үшін керосин, сабынды керосинді эмульсия, жасыл сабын пайданылады.
Ерхан: Биттен қалай сақтануымызға болады?
Медбике: Биттен сақтандыру жолдар: халықтың материалдық және мәдени өмірін, санитарлық білімін көтеру, монша-кір жуу қызметін жақсарту мен қол жеткізіледі. Сонымен қатар денені жиі жуу және төсек жаймасын ауыстыру, бастың, әсіресе балалардың басын тісі жиі тарақпен тарау, биттеген адамдармен қатынасты шектеу арқылы жүргізіледі
Мұғалім: Балалар бит жайлы маңызды мәлеметтер білдік. Бізге осындай маңызды мәлеметтермен бөліскені үшін мектеп медбикесіне алғысымыз шексіз!
Ислам: Бізге толық мәлімет бергеніңізге көп - көп рахмет. Біз жеке бас гигенасын мен тазалықты сақтайтын боламыз!
Медбике: Жеке бас гигенасы тек қана шаш күтімі емес. Дені сау, сымбатты болу үшін тазалық ережелерін орындау маңызды. Тазалықты орындау аз ғана нәрседен басталады: сұлулық және қол, аяқ, тіс, шаш, тырнақ тазалығына қамқорлық жасаудан. Сырттан келгенде, тамақ жеу алдында қол жууды, ұйықтар алдында және таңертең тіс тазалауды, күнде кешкілік душ қабылдауды күнделікті әдетке айналдыру керек.
Мұғалім: Уақыт бөліп келгеніңізге рахмет. Бүгінгі тақырып бойынша көп мәлімет ала алдық деп ойлаймын. Осымен «Бит пен сіркенің пайда болуы?» тақырыбындағы дөңгелек столымыз аяғына жетті. Сау болыңыздар!