- Учителю
- Валютаны айырбастау 7 класс
Валютаны айырбастау 7 класс
Тақырыбы: Валютаны айырбастау
Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушылардың ақша пайда болуы, атқаратын қызметтер, мемлекеттер арасындағы есеп айырылулар тәсілдері туралы білімдерін қорытындылай отырып, проблемаларды шешу құзіреттілігін қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың экономикалық мәдениеттілігі мен ақшаның іс-әрекеттері арқылы өмірде қолдана алуды қалыптастыру
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, үнемділік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, дуние жүзі картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Математика, география
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс
-
Ақша. Ақшаның шығу тарихы
-
Ақшаның атқаратын қызметі
III. Ақша жүйесі тарауына қайталау
-
Білуге құштарлар үшін
-
Практикалық бөлім
-
Бекіту
IV. 1. Білуге құштарлар үшін
а) Инфляция. Дефляция
б) Валюта. Валюта түрлері. Ұлттық валюта
в) Тауардың ақпараттық белгілері
2. Практикалық бөлім
а) Сен тауардың бағасын білесің бе?
б) Үнемді сатып алушы (топ жұмыс)
в) Ойласаң шешімін табасың (жағдаят)
г) Әлемдік саудаға қатысушы елдер валютасы
(сәйкестендіру)
д) Ақша айырбастау (іскерлік ойын)
V. Дүниежүзілік картадан берілген валюта белгілерін қай елде
қолданатынын анықтау
VI. Бекіту. Ақша қандай болу керек?
VII. Үйге тапсырма
-
Ертеңгі валюта бағамын анықтау
-
Тауарлардың ақпараттық белгілерін анықтау
Оқушыларды бағалау
ІҮ. Білуге құштарлар үшін.
Инфляция - бұл ақшаның құнсыздануы, халықтың сатып алушылық қабілеттерінің төмендеуі.
Дефляция - бағаның төмендеу процесі.
Валюта - тауар құнының мөлшерін өлшеу үшін қолданылатын ақша бірлігі.
Валюта түрлері:
-
Тұйық валюта;
-
Еркін валюта.
Ұлттық валюта - бұл белгілі бір елдің сыртқы экономикалық байланыстарында және басқа елдермен халықаралық есеп жүргізуінде қолданатын ақша бірліктері: Қазақстанда - теңге, АҚШ-та - доллар, Ресейде - рубль.
Тауардың ақпараттық белгілері (сызықтық код)
00-09 АҚШ және Канада 54 Бельгия, Люксембург
30-37 Франция 690 Қытай
400-440 Германия 789 Бразилия
460-469 Ресей 80-83 Италия
484 Украина 84 Испания
489 Гонконг 869 Түркия
45, 49 Жапония 880 Оңтүстік Корея
-
Ұлыбритания 890 Индия
1 Елдің коды
2 Өнім шығарушының коды
3 Тауар коды
4 Бақылау белгісі 1 2 3 4
Бұл белгілердің нені білдіретінін есіңе сақта!
- экологиялық таза өндіріс.
- осы тамақ өніміндегі әр түрлі қосымшалар рұқсат етілген, адамға зиянсыз мөлшерде дегенді білдіретін нұсқау.
-қайталама шикізаттан жасалған (әдеттегідей орама материалдарда, пакеттерде, ыдыстарда).
- нәзік (сынғыш).
- жууға болмайды.
- химиялық тазартуға болмайды.
- үтіктеуге болмайды (немесе көрсетілген температураға дейін қыздырылған үтікпен үтіктеу).
2. Практикалық бөлім: