7


  • Учителю
  • Тарбие сагат такырыбы Ауылым

Тарбие сагат такырыбы Ауылым

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы - Ауылым алтын бесігім

1-жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар 2-жүргізуші: Бармысыздар құрметті оқушылар 1 жүргізуші:-Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы -Бұдан артық рахат табылмайды -Бұлдырмасын өткен күн сағымдай -Бір әңгіме басташы ауыл жайлы 2жүргізуші:-тоқта тоқта,Бұл Мұқағали атамыздың ауыл жайлы өлеңі емеспе 1жүргізуші:-дұрыс айтасың бүгінгі кешімізде ауыл жайлы болмақ 2жүргізуші:-Тұра берсек аялдама,айта бексек баяндама болып кететін түрі бар 1жүргізуші:-Ендеше неғып тұрмыз кешімізді бастайық 2жүргізуші:-Біздің кешіміз 3-бөлімнен тұрады 1жүргізуші:-Алғашқысы «Тарихыңды танып біл» 2жүргізуші:-Ал екіншісі «Ой қозғау» 1 жүргізуші:-ал соңғы бөліміміз «шығармашылық жұмыс» 2жүргізуші:-Ендеше не тұрыс 1-ші бөлімімізді «бастаймыз» 1жүргізуші:-шақырады ойнасақ гүл даламыз -туған жерден нәр алып нұрланамыз -нөмірі 13 мектеп те оқып жатқан -7 ә сыныбын қарсаламыз 2жүргізуші:-сахнада хор «Тұздыбастау» 1жүргізуші:-Ауыл қазақтың,алтын бесігі,күре тамыры.Сөз өнерін айшықтап жырдан кесте төккен ,ақын жазушыларымыз да,көкірегіне ән қонған әнші де,аты аңызға айналған даналарымыз да, тіпті депутат,министрлеріміз де,сол қарапайым ауылда өскен 2жүргізуші:-сахнада Бейбарыс дайындаған слайдымызды тамашалайық. 1-жүргізуші:-Мың бұрала билеген -аруды кім сүймеген -күміс көмей аруларға -кімдер басын имеген - дей отыра сахнаға 7ә сыныбының бишілерін шақырамыз 1жүргізуші-осымен бірінші бөлімімізде соңына таяпта қалыпты 2жүргізуші-ендеше екінші « ой қозғау» атты бөлімімізді бастайық 1жүргізуші-«өнер десе тоймайтын,өлең десе жырлайтын»дей келе сахнаға 7-ә сынып оқушыларын «ауылым» атты тақпақтарымен қарсы алайық 1-оқушы «Асылжан» -жүрегім жырым сенікі -кеңісті далам кең далам -Тудым өстім есейдім -ен далам -анам,мен балаң 2-оқушы «Амина» -Ауылым ырысы мол құт-мекенім -Мәңгіге ақ бесігін тербетемін -Саяңда ойнап,осіп,білім алам -Алаңсыз асыр салып ер жетемін -Ер жетіп үмітіңді біз ақтаймыз -Жеріңді ұлтарақтай біз сақтаймыз -Қасиетті жер-ана ауыл-елді -Көркейтетін болашақ -біз жастармыз 3-оқушы «Есболат» - Ауыл десем мал елестер көзіме -Ауыл десем дән елестер көзіме -Ауыл десем ер саламын кұр атқа -Ауыл десем ән естілер құлаққа 4-оқушы «Үкілім» -Тұздыбастау туған елім ,туған жерім -Ешқандай ел жетпейтін менің жерім - Жазық дала,кең дала жайылымды - Адамдары сыпайы,қайырымды -Суы қандай тәтті су бал татыған -Мектебім бар зәулім сарай мақтанардай - Міне осындай ауылым менің мақтанарлық. 5-оқушы «Әділ» «Ауыл деген кең дала Жап жасыл ғой айнала Ауыл қандай тамаша Ой салады оңаша Жан анам мен жан әкем Осы ауылдан шыққан ғой 6-оқушы «Саят» Бір кездері ауылымның тоз-тозы шығып кетіпті Енді бүгін сол ауыл мәресіне жетіпті Себебі біздің елбасы көңіл бөлді ауылға Техника мен несие бөліп берді қауымға. 7-оқушы «Дінмұхаммед» Жетістігін аулымның осылау біз мақтайық Ауылымыз ешқашан қалыс қалып қоймасын Берекемен бірлігі ауылыма таралар Ауылым менің көркейіп өркениетті ел болар 2жүргізуші- Қалай ойлайсың айтылған тақпақ-жырларымыз жүректен шықты деп ойлаймысың 1жүргізуші-әрине себебі бул ұлы даналарымыздың жыры емеспе 2жүргізуші-иа бұның рас-ақ 1жүргізуші-ендеше ауыл жайлы көріністі тамашалаңыздар 2жүргізуш- Ұмытып кетіппіз ғой біздің 3-ші бөліміміз бар емеспе 1жүргізуші-Я я меніңде есімнен шығып кетіпті ғой ендеше «шығармашылық жұмыс» атты бөлімімізді бастайық 2жүргізуші-Сахнада ауыл жайлы оқушы ойлары 1-оқушы «Дариға» -Біздер жас ұрпақ,қазақ елінің ертеңіміз.Сондықтан мен де,менің достарым да,білімді,иманды,байсалды болып ер жетуі тиіс.Мен елімнің ,туған ауылымның болашағы зор екеніне сенемін.Өйткені біздің елде татулық та,достық та,байлық та бар.

2-оқушы «Мирас» Мен өзімді,және жазира кең жерімді сүйемін.Адам асқақ арманына туған ауылын,жерін,отанын,сүйсе ғана қол жеткізе алады.Мен оған сенемін 3-оқушы «М.Аружан» Қазақтың ұлы ақындары Абай да,Мұқағали да,ұлы жазушы Мұхтар да ауылдан шыққан,ал батыр Б.Момышұлы ауыл баласы,сонымен қатар Қасым Қайсенов,тіпті елбасы Нұрсылтан Назарбаев атамызда ауыл перзенттері. 4-оқушы «Бейбарыс» Біздің Отанымыз -Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала,шексіз жазира дала елестейді.Яғни,дала бейнесі көз алдыңа келеді.Бұл-кең дала-қазаққа қымбат дала

5-оқушы «Сұлтан» Ауыл деген сөзді естігенде менің бойымды қуаныш кернейді.Өйткені, ауылдың ауас таза суы тұнық шөбі көк майса боып келеді.Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ ірімшік,сүт,айран,құрт,шұбат мол.Ауылда менің атам-апам тұрады.Біз демалыста ауылға барып тұрамыз. 6-оқушы «Мадина» Ауылда қозы ,лақ маңырап құлын-тай тебісіп балалар қуысып шуласып жатады. Ауылда қаладағы сияқты сәулет өнері дамымаса да ауылдың қаладан көркемдігі ерекше Ол өзінің төрт түлік малдарымен,ауасының тазалығымен,көк майса шөбімен ерекшеленеді. Жәнежазық жерлердіде кездестіруге болады. Мен нағыз байлықтың бәрі ауылда деп ойлаймын 1-жүргізуші 2-жүргізуші ауыл шіркін керемет қой Таза ауа табиғатын айтсаңшы 1-жүргізуші ия Дидар сен армандай тұр ал қазір тақпақтарға кезек берейік 1-оқушы «Төле би» Мен жаныммен сүйемін осы «ауылды Мен қаныммен сүйемін осы « ауылды» Қалай ғана сүймеймін, қалай ғана Кіндігіммен кессе ол тұсауымды Сүйем оның құмын да,қыратын да Сүйем оның қасиетті бұлағын да Қалай ғана сүймей,қалай ғана Бала кезде бір қызын ұнатқаным 2-оқушы «Аяулым» Осы ауылда тербелген бесігімде Осы ауылда қойылған есімімде Араздасып қалғанда ара-ағайын Ақсақалы жүгіреді кешірімге Көріп өстім таң атып кеш батқанын Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын Қалай ғана сүймеймін Бейіт болып Осы ауылда жатыр ғой қымбаттарым 3-оқушы «Данияр» -О,туған жер,кең пейіл,құшағы кең Саған көңіл бұлқынар күш ағынмен Сағынышты қанат қып саған қарай Балапандай талпынып ұшармын мен 4-оқушы «Шұғыла» Сен де тас та қастерлі аспан да алау Сен де жанды тербетер дастан бар ау Менің мына өмірге құштарлығым Сені жақсы көруден басталған ау

2-жүргізуші Ай-хой шіркін Тұздыбастау ауылы Ата-ана құрбылар мен бауырлар Қиындыққа мойымаған әр уақыт Қайран өсіп өнген ауылым

1-жүргізуші Сенімді жолмен бастаған Халқымның алып батасын Аттанған жаңа заманға

Ауылым менің жасасын-дей отыра бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал