- Учителю
- Қарттар күні мерекелік іс шара 5 сынып
Қарттар күні мерекелік іс шара 5 сынып
«Қайнар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен»КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Көп жасаған қария - ақылы теңіз дария»
Жауапты: Абдрахманова Т.А
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Қариям -қазынам».
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата - бабасын ұмытпай есінде сақтау үшін және салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
1-қазан - Қарттар күніне арналған «Қариям - қазынам» атты
тәрбие сағатының сценарийі .
Әуен ойналып тұрады.
-
Слайд
-
Амандасу.
Арада жылдар жөңкіліп,
Алыстап кеттім біртіндеп.
Айтамын ауыз толтырып,
«Ассалаумағалейкум!»- деп.
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде, тау мүсін,
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман - саумысың ?
- Армысыздар, ардақты аталар мен әжелер, қымбатты ұстаздар!
- Халқымыз «Қария - даналы қазынамыз», деп айтады; ал Ана- үйдің
алтын қазығы, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің;
Қария болса - ағып жатқан дариямен тең.
- Дана халқымыз «Қарты бар үйдің- қазынасы бар» дейді. Осылайша,
қазақ халқы көнеден бері, қарияларын асыл қазынаға теңеп, қадір
тұтқан. Бұл дәстүр ұмытылмай, бүгін де әр қазақ шаңырағы қартын
құрметтеп отырады.
- Құрметті, тақиялы аталар мен ақ жаулықты апалар! Қарттар күніне
ұйымдастырылған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Көп жасаған қария-
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі- нәр.
-
Әдеби монтаж
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
- Құрметті әкелер, әжелер,қасиетті қариялар сіздердің бүгінгі
мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән-шашу таралғы еткелі
отырмыз, қабыл алыңыздар
4. Хор «Ата-әже»
Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай.
Отырады үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!
Қастерлейік әке даңқын, ана салтын,
Ұмытпайды ұрпағың дархан халқың.
Қабыл ал, ұрпағыңның аманатын,
Жыр боп келді, саған деген махаббатым!
Уақытты босқа өткізбе, қылып шығын,
Жақсылық құр кетпейді, осыны ұғын.
Ұлағатты үлкендер тұрған жерде,
Инабатты кішілер болары шын!
орысша тақпақ
-
Қойылым.
Әкелер!
Мәңгі өшпейтін атақ - даңқың,
Жүрегімнің лаулатып отын жақтың.
Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.
Аналар!
Қарыздармын өзіңе мен,
Қайыспай қиындыққа төзе білген.
Жүздеріңді әжімдер басқанымен,
Баяғы бәз жүздерің өзгермеген
орысша тақпақ
-
Әжелер сайысы.
-
Флешмоб
- Иә, қарты бар үйдің қазынасы бар. Саялы бәйтерек, данагөй тұлға қарттарымыздың өмірімен еңбек жолдары өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі өнеге болса, біздің міндетіміз «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый» екенін ешқашан естен шығармай, «Қарттарым аман сау жүрші» деп қарттарға құрмет көрсеткіміз келіп отыр.
Сыйлық тапсыру.
- Құрметті ата - әжелер, кешегі күнсіз келешек жоқ дегендей,
бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-
бабаларымыздың ән, күй , билерімен сусындату біздің міндетіміз.
Сағынып талай жыр туар,
Мадақтар әлі сан жыршы.
Даламның иісі бұрқырап ,
Қарттарым аман сау жүрші!-дей отырып,сіздерге ең бірінші денсаулық,
бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге
тілектеспіз. Келгендеріңізге зор алғысымызды білдіреміз!
Сау- саламатта болыңыздар!
\
Мұқағали Мақатаев
«Қариялар азайып бара жатыр
</ Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,
Айтысың да басылмас, ылаңың да.
Араздасып ағайын кетер еді,
Бір қария болмаса бір ауылда.
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала - шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта - қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.
Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Тәттілерін сақтайды,
Нәзеркеме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.