7


  • Учителю
  • Мультфильмдер еліне саяхат (жаңа жылдық бағдарлама)

Мультфильмдер еліне саяхат (жаңа жылдық бағдарлама)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мультфильмдер еліне саяхат (жаңа жылдық бағдарлам
предварительный просмотр материала

№5 орта мектеп


"Мультфильмдер еліне саяхат" атты Жаңа жылдық бағдарлама



Өткізгендер: 5 «в»Демесинова Г.Қ.

5 «г» Сағынбаева М.Ж.

6 «б» Аетова Г.Е.

6 «в»Махмут А.


2014-2015 оқу жылы

Фанфары. Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады. Оқушылар вальс билеп залға кіреді. "Ертегілік вальс"

1 жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер! "Мультфильмдер еліне саяхат" атты жаңажылдық бағдарламаға «5в», « 5г», « 6б», « 6в» сынып оқушыларының қатысуымен болмақ.

2 жүргізуші:

Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
1-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 жүргізуші

Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Монтаж 5 класс оқушылары

1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.
2 - жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
Хоровод: "Жаңа Жыл" Дәрібаевтар

Жүргізуші: Ендеше, балалар "Мультфильмдер еліне саяхатымызды бастайық."

Ортада шырша. Қабырғаларда мультфильмдерден үзінді кадрлар бейнеленген. Әр кадрдың қасында кейіпкерлер қатып қалған күйінде тұрады.

Ақшақар шыршаны безендіріп жатады. /Қолында сиқырлы таяғы болады.

Ақшақар сөзі:" Шырша қандай керемет, оқушылар бұл ғажап шыршаны көріп таңырқайтын болды."

Свет сөнеді. Мыстан кемпір залға кіреді, қайтадан свет жанады.

Мыстан сөзі: "Мына Ақшақардың қолындағы таяғын ұрлап алып, бұл кешті қайткенде де болдырмауға тырысуым керек."

Сол таяғын шыршаға тигізген кезде шамдар жанып шыршаға көрік береді. Осының бәрін сырттай Мыстан кемпір карап тұрады/. Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғына қызығып, өз айласын асырып, таяғын ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар сиқырлы қасиетінен айрылып, күші жойылып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады. Қолына сиқырлы таяқ тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады. (Қап, бәлем қоян!) музыкасы жүреді. Алдынан Қоянды қуып келе жатырған Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.

Қасқыр: Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?

Мыстан кемпір: Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.

Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.

Қоян: Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба?

Қасқыр: Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуміз бір-бірімізді қуалап жүргенде Мыстан кемпір Ақшақардың сиқырлы таяғын ұрлап кетіпті. Кел, екеуміз көмектесейік.

(Қоян қорқа-қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады).

Қасқыр: Мыстан, сен неге олай жасадың. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сен бәрінің берекетін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Біз саған жұмбақ жасырамыз. Сен осы жұмбақтың шешуін тапсаң сиқырлы таяқ өзіңде қалады, ал шеше алмасаң сиқырлы таяқты бізге бересің.

Мыстан кемпір: Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер.алдымен "5 в" сынып оқушыларының «Санта Клаус» биін тамашалаймын.

"5 в" сынып оқушыларының «Санта Клаус» биі

Қасқыр мен Қоян жұмбақ жасырады.

Жұмбақ:
Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып

Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясы

Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке

Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың

Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен

Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ

Теңіздің суы неліктен тұзды? Жауабы: Балықтар иістеніп кетпеуі үшін

Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Жауабы: Ұзынағашта

Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, жұмбақтың шешімін тауып алады. Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянға ашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып, Қоянды қуа жөнеледі. Қоян одан әрмен қашады.

Мыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді би билеп жүрген Арыстан мен Тасбақаға жолығады.

ән: Досболов Ернұр

Хоровод "Шырша жыры"

Үнемі ашулы, айбат шегіп, қаһарынан қан тамып жүретін Арыстанның көңілді-күйін көріп, Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп қарқылдап күледі.

Арыстан мен Тасбақаның сөзі:

Тасбақа: Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Арыстан ағам сияқты жаман қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың таяғын қайтарғаның дұрыс болар.

Мыстан кемпір: Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем!

Тасбақа: Біздің сізге қояр бір шартымыз бар.

Мыстан кемпір: Шарт дейсіндер ме?! /қарқылдап күледі/ Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып, жұмбақ жасырып еді. Енді сендер не істемексіңдер?

Тасбақа мен Арыстан жарыса сөйлеп: Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз. Біз жеңсек, сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың.

Мыстан кемпірдің биі

" 5 г", би "Break dance"

/Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап етеді/.

Арыстан мен Тасбақаның биі:

«6б» сыныбыбының флешмоб биі

Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап шығады.

Әділ шешімін ала алмаған Арыстан мен Тасбақа ұнжырғалары түсіп, өз жөндеріне кетеді.

Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға кездеседі.

Мыстан кемпір жолында кездескендердің бәрін алдап келе жатырғанын, өзінің істеген істерін мақтан етіп, ән айтып келе жатады.

"6б" ән Жалғасов Саламат

Мыстан кемпір: Алақай, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға сән беретін шыршаларыңның шамдары жанбайтын болды. Ол шамдарды жағатын айдай сұлу Ақшақардың сиқырлы таяғын мен ұрлап алдым. Енді барлық сиқырлы күш менің қолымда, - деп қарқылдап күледі.

Өз анасындай қамқор болып жүрген аю Мыстан кемпірден тентек Машаны қорғамақ болып, бауырына жасырады.

Аю: Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы сіздің қолыңыздағы сиқырлы таяқта болып тұр ма?

Мыстан кемпір: Әрине. Шыршаларыңа жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың сиқырлы таяғы менің қолымда тұрған жоқ па?

Аю: Енді түсіндім мән-жайды. Олай болса Маша қызым екеуміздің саған қояр талабымыз бар. Бізбен бірге ойын ойнайсыз. Ойында жеңіске жетсеңіз, онда сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға қайтарасыз.

Мыстан кемпір: Жарайды, ендеше ойынды бастайық.

Ойын ойнату. оқушыларға арналған ойын.

1. «Күлдіргіш»
Әрбір ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз, ойыншық, қар, шырша т.б. Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды: «- Сен кімсің? - Шырша. - Бүгін қандай мейрам? - Мұз. - Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) - Ойыншық. Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады. Оған қоса, жауап бергенде, күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады. Жеңілгендерге түрлі жаза тағайындалады: өнер көрсетеді, бір нәрсе алып келеді, жасап береді т.с.с.

2. Әліппе ойыны. Жүргізуші: «Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?» - дейді. Ойыншы «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау тіркестер айтады. Мысалы, А - Ақшақардай сұлу болайық. Ә - Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б - Бақыт тілеймін. Ең күлкілі тіркес айтқан ойыншы жеңімпаз атанады.


Бұл ойында да жеңіске жеткен Мыстан кемпір әндетіп келе жатып ауылға аты белгілі болған атақты Алдар Көсе ауылына табан тірейді.

Пародия Ресей жұлдыздарына « 5 г» сынып оқушылары.

Қора-қора қойы, өрісі толы малы, матау-матау түйесі бар ауылдың атақты байы ерігіп кемпірімен дауласып отыр екен. Екеуінің дауын естіген Мыстан кемпір мен Алдар Көсе екеуінің әңгімелеріне араласады.

Мыстан кемпір: Екеуіңнің дауларыңды шешетін менің сиқырлы таяғым бар.

Алдар Көсе: Елдің бәрін шулатып жүрген сенсің бе?

Мыстан кемпір: Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде-біреуі менен айласын асыра алмады. Керім болсаң, мына менің қолымдағы құдіреті күшті сиқырлы таяқты алып көр.

Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын жасайды.

Алдар Көсе: Әлемді аузына қаратып, ел-жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе жатқан ең сұлу, ең ақылды жан сіз сияқтысыз, - деп мақтауын жеткізіп, Мыстанның қалтасындағы таяқты байқатпай суырып алады.

Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір Алдардың қармағына түскенін байқамай қалады.

Алдар Көсе: Кел, ендеше екеуміз бәстесейік. Мына көп таяқтардың ішінен өз таяғыңды тауып алсаң, менің Алдар деген атым құрысын, - деп миығынан күледі. Ал таба алмасаң, сеннен зардап шеккендер мен Ақшақардан кешірім сұрайсың.

Мыстан кемпір әр таяқты бір ұстап, қанша іздесе де, өз таяғын таба алмай Алдар Көседен ұтылып, кешірім сұрауға бел буады.

Ал Алдар Көсе Бай мен Кемпірді татуластырып, барлығы қосылып шыршаның жанына келеді.

Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар Көсе сиқырлы таяқты Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың даусы естіледі.

1-жүргізуші: Бұл не дабыл, балалар? Біздің көптеп күткен қонақтарымызда келіп жеткен сияқты.

Бұрыннан болған екен Аяз ата

Тосады екен балалар қысқы уақытта

Ақшақарды қасына ертіп алып

Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай.

Кәне,бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!


Есіктен Ескі жыл мен Жаңа жылды қасына ерткен Аяз ата келеді. Көрермен ән айтып, Аяз атаны қарсылап алады. Атасын көптен күткен Ақшақар қуанып ән айтып береді.Қой жылы бірге келеді.

6 класс монтаж айтады.

6в класс "Испан биі"

Сөз кезегін Ескі Жылқы жылы алады. Мектеп жетістіктері айтылады.


Аяз атаның сөзі:

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

Жыл сайын сендердің жарқын жүздеріңді көріп, мен жасарып, бақыттан бал-бұл жанып тұрмын. Бір жыл бұрын Ұлуға үлкен үміт артып, сеніммен сендердің алдарыңа келген едім. Шүкір, Жылан немеремнің бағындырған белесі, шыққан шыңы, алған асуы аз емес. Жылқы жылға ризамын. Елімізде соғыс болмай, тыныштық болды. Осының өзіне тәуба дейміз. Енді қасыма ілестіріп, ер қанаты, қазақы болмыспен, мінезбен шендестірер, адам баласына пайдасы көп Қойды әкеліп тұрмын. Бұл баламнан да үлкен үміт күтемін.

Жылқы жылының сөзі: Менің жылымда жеткен жетістіктердің санына жету мүмкін емес сияқты. Шәкірттеріміз биылғы жыл түрлі байқаулардын, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары атанды.

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгіннен ертең ғаламат.

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат.

Қой сөзі: - Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.

1-жүргізуші: Аяз ата, сіз келгенге дейін балалар біраз өнерлерін көрсетті. Сізге "Жаңа жылға барамыз" хорын айтып бергіелі тұр

Аяз атаға балалар өнерлерін көрсетеді

Хоровод "Жаңа жылға барамыз"

Аяз атаның қоштасу сөзі: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).

1жүргізуші:

Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Саған әзір жаңа жыр
Елге табыс, жақсылық
Ала келші жаңа жыл!

2 жүргізуші: Міне, жаңа 2015 жыл да келді. Ал 2015 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын. Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үін беркелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

1-ші жүргізуші: Бізге аяз ата сыйлықтар тастап кетіпті, қане барлығымыз сыйлық алайық.

Сыйлықтар беру.

2-ші жүргізуші: Балалар біздің мерекелік жаңа жылдық бағдарламамыз осымен тамамдалды.

Балалар: Сау болыңыздар!

Хоровод "Жаңа жыл".

Топ болып, би билеу


Кейіпкерлер:

Қасқыр -Орынтай Мейрімханов,

Қоян- Қазбеков Дархан

Жолбарыс- Телағыс Диас

Тасбақа Байтешов Ануар

Маша -Гүлнұр Жұма

Аю- Азамат

Алдар Көсе -Мария Жайбергенқызы

Мыстан -Гүлжаған Аетова

Тасбақа- Шамаран Олжас

Жүргізушілер: Махмут А.Демисинова Г

Жаңа жыл кешін өткізу программасы 5-6 класс :

Залға кіру. Хоровод «Жаңа жыл» (Дәрібаевтар)

Монтаж 5класс оқушылары

снежинки

Мыстан уілі

5 «В» класс «беребом» биі

Мультфильм әуен «Қап, бәлем қоян!»

Хоровод «Шыршы жыры»

6 «В» класс оқушысы Досболов Ернұр «Жұмбақ әлем»

Мультфильм әуен «я на солнышке лежу»

5 «Г» класс оқушылары «Break dance»

6 «Б» «Флеш моп»

Мультфильм әуен «Маша и медведь»

Оқушылармен ойын

Хоровод «Шыршаға бардық»

Алдар көсенің шығуы

5 «г» сынып оқушылары пародия Ресей әншілеріне

Телефон гудок

Аяз атаны қарсы алу

Монтаж 6класс оқушылары

6 «В» «Санта клаус биі»

6 «б» класс оқушысы Жалғасов Саламат « Жаңа жыл »

Хоровод «Аппақ, аппақ жапалақтап»




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал