7


  • Учителю
  • Разработка урока казахского языка в 5 классе на тему ' Согласные звуки'

Разработка урока казахского языка в 5 классе на тему ' Согласные звуки'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Открытый урок казахского языка в 5 "А" классе СОШ имени В.И.Чаптынова по теме " Согласные звуки". Нетрадиционный урок  - в форме путешествия по Кош-Агачскому району. Повторяя пройденные темы о гласных звуках знакомимся с видами согласных звуков : катаң , ұяң , үнді. Цель данно
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік -өткен тақырыптарды пысықтап, дауысты дыбыстар туралы оқушылардың білімдерін толықтыру. Дауыссыз дыбыстар түрлерін меңгерту.

б) дамытушылық - логикалық ойларын дамыту, дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру. Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеп, шығармашылық қабілетін дамыту.

в) туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, талдау, ойын, әр түрлі тестер, әзіл жұмбақтар, грамматикалық ойындар, суретпен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал туғызу.

Қосағаш туралы видео көріп, сабақтың мақсатын айттқызу.Керуенмен Қосағаш ауылдарына саяхат жасап, сабағымызды өткіземіз. Жаңа тақырыпқа кірер алдында не істейміз? Дұрыс, өткен тақырыптарды пысықтап кетейік.

ІІ. Өткен сабақты қорыту. Ал саяхатымызды бастайық, Қосағаштан данышпан атамыздың сұрақтарына жауап беріп, сапарымыз сәтті болсын деп, жолға шығайық.

1. Фонетика нені зерттейді?

  1. Орфография деген не,орфоэпия деген не?

  2. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

  3. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?

  4. Қанша дауысты дыбыс бар?

  5. Дауысты дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді?

  6. Оның түрлерін ата.

Таңдау тесті

1 Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

А) түркі;

Б) славян;

С) роман;

D) мемлекеттік.

2 Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А) 42;

Б) 41;

С) 40;

D) 27.

3 Ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) қыс, күз, көктем;

Б) атақ, ұлт, өкіл;

С) қант, бұлт, кілт;

D) ана, әке, бала.

4 Жуан дауысты дыбыстарды көрсет.

А) а,е,ү,ұ;

Б) о,у,а,е;

С) а,о,ұ,ы;

D) а,и,і,ү.

5 Берілген сөздердің қайсысында жіңішке дауысты дыбыс бар?

А) ақпарат;

В) келешек;

С) тәуелсіз;

D) керемет;

Қатені табыңдар

Айақ, қойан, баяндауыш, ойу, хайуан, айаз, қариа, тайақ, қою, айуан, тақиа, байандама, бойа

Ал аман- есен Қосағаштан шығып, Төбелер ауылына келдік. Осы ауылдың тұрғындары бізге тапсырмалар дайындап қойыпты, бәріміз бірлесе отырып соның бәрін орындап шығайық.

III. Жаңа сабақ.

Тірек әріптер арқылы жаңа тақырыбымызды ашайық, не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

Б, Ғ, Ж, Р . Дұрыс , дауыссыз дыбыстар және оның түрлерін өтеміз.

Қарашаның жиырма сегізі

Дауыссыз дыбыстар түрлері

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды;

Дауыссыздар сөздерді буынға бөле алмайды;

Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар дейміз.

п,ф, к, қ, т, с, ш, щ, ч, х, ц

Үн мен салдырдың қатысуынан жасалып, үннен салдары басым болатын дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды

б,в,г,ғ,д,ж,з,һ

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыздар дейміз.

р,л,й,у,м,н,ң

Алфавиттік жатжазу

Балбұлақтың басына

Бұлан, бұғы келіпті.

Дулат ұзақ ойнады,

Допты қуып тоймады.

Жылқышылар жайлауда

Жорға мініп жүр мұнда.

Қақпан құрып Қоғабай

Қасқыр қырды

Енді Жаңа Ауылға келдік.

Кітаппен жұмыс

Өнерім менің өзегім

Алтай, орыс өз елім.

Қазағымды еске алсам,

Сарқырап құяр өзенмін.

Шетінде жатқан Ресейдің,

Он мың қазақ біз елің.

Әніме қосып айтайын,

Қосағаш, Шүйдің ел жерін.

Сақтап қалған тілін де,

Мұсылман ағзам дінін де,

Ғасырлар сыртта жүрсек те,

Қазақпыз сақтар ділін де.

Сөздік жұмысы

Өнерім- дарыным

Өзегім - байлығым, қазынам

Ағзам - таза

Ғасыр - век

Ділін - дін

Шекара - граница

Азық- түлік- тамақ

Әріп жұмбақты шешу

1.Оқуда бар,
Жазуда жоқ
Далада бар,
Жағада жоқ
2.Шегеде жоқ,
Таста бар
Ғарышта бар,
Сайыста жоқ

3.Шанада бар,
Әнде жоқ

Торғайда бар,

Алауда жоқ

Толықтыру тесті

  1. Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды ............................................................. дейміз.

  2. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, .............................................. пайда болады

Ал енді Моңғолиямен шекарадағы Тошанты еліне келдік.

Ауызша суреттеу жұмысы. Чорос -Гуркиннің « Кочевье в горах», Кастеевтің « Бие сауу» суреттері бойынша

Ребустар шешу

Сәйкестілік тесті

Дұрысын сызықшамен белгілеңіз

  1. Қатаң а) п, т, с, к.

  2. Үнді в) в, г, ғ, ж, з

  3. Ұяң с) р, л, м, ң.

  4. Ашық а) о, ө, ұ, ү, у

  5. Жіңішке ә) а, ә, о, е

  6. Еріндік б ) ә,ө, і, е

Сергіту сәті ( мультиктағы аюдың « Қара жорғаны» билеуі)

Жаңа Белтірге келдік.

Адасқан әріптер

О, Т,О,Л,Ы,Қ, Р ( Ортолық)

Е, Л,У,А,Х,Б ( Белуха)

Ғ А А Д Қ А Л С Р ( сарғалдақ)

Талдау жұмысы

Жылда Қосағаш ауылында жәрмеңке өтеді (сөйлем мүшелеріне талдау)

Қосағаш сөзіне (дыбыстық талдау)

«КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны. Көңілді шумақтар

2-ЕКІ



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал