7


  • Учителю
  • Открытый урок класному руководителю на тему 'Адамдық қасиетке жастан жармас'

Открытый урок класному руководителю на тему 'Адамдық қасиетке жастан жармас'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Бекітемін»

Тәрбие ісі меңгерушісі: Е.Алтыбаев

Сыныбы: 7 Күні: 02.11.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Адамдық қасиетке жастан жармас.

Сабақтың мақсаты: балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Нақыл сөздер:

1. Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі - ысырапшылық күнәсімен бірдей.

2. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.

3. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру..

2. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Адамгершілік - асыл қасиет». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек.

- Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? - деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітемін.

Рух - деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың - «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Шәкәрім.

Рухтың мекені - адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты - асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі - ақыл дейік. Себебі ақыл - рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам - ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген Күннің суретіне қараңдаршы.

Жарық-күн - көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.

Кәне бірінші бұлт. Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?

Бұлттағы бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше баладан ойлаған ойлары сұралады).

- Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.

- Аңсаған оқуыма түссем екен.

- Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады.


Мұғалім:

- Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.

92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде автоколонка бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.

1-ші бұлт ашылды - қайырымдылық қасиетін білдік.

Екінші бұлтты сейілтеміз.

Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, тақпақтар айту.

1. Абай. «Ғылым таптай мақтанба».

2. Адамшылық. Шәкәрім.

3. Абайдың 14-ші сөзі.


Мұғалім:

- Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.

- Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінен, оқушылық өмірлерінде сендер ақ түсті аңғармай, адам бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайшы айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын ғана көрсек, неге оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан гөрі, дау-дамай, қылмыстар жайында рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын» деп жауап бере қой делінген пайғамбар хаддистерінде. Сондықтан, балалар, жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның ұстаздарыңның тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар:

Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.

Үшінші бұлтты сейілтсем:

Рухани - адамгершілік қасиет - сүйіспеншілік. Ата - анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты:

Отанға сүйіспеншілік ,ата-анаға сүйіспеншілік, махаббат, достық.

Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ айтасыңдар. (Тақпақтарын тыңдаймыз.

Осы жерде мейірбан аналарға арналған ән тыңдайық.

Төртінші бұлтқа таядық. Тест тапсырмасы.

1. Сынып ішіндегі баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің?

А) Ештеңе білмегендей боласың.

Б) Достарыңмен бірге мазақ қыласың.

В) Достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасқың келеді.

2. Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?

А) Үлкен ағаш болғанда.

Б) Көшет кезінде.

В) Тал кезінде.

3. Сенің үлкен әпкең шешесіне құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер шешең сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің?

А) Бұл жайында ештеңе білмеймін деймін.

Б) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың.

В) Шыныңды айтасың.

Бесінші бұлт: Аталы сөздің жалғасын табу

1. Әділін айтсаң - әдемі айтсаң.

2. Адамдықтан үлкен ат жоқ Наннан үлкен ас жоқ.

3. Елгезек екі айтқызбайды.

4. Сыпайылық даналықтың белгісі.

5. Ізеттінің інісі көп

6. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.

7. Адалдық - ана сүті.

8. Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.

9. Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.

Балалар, осы әдептілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Аталарымыз әдептілік туралы бізге қандай өсиет қалдырды екен?

Алтыншы бұлтты сейілтемін, осы тапсырманы орындаған соң Күн күлімдеп шығады.

Ол тапсырма - сұрақтарға жауап.

1. Сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің?

2. Аманат деген не?


Аталарымыз сөйлесу мәдениеті туралы бізге қандай өсиет қалдырды екен?

Адамгершілік туралы «Атамның өсиеті» деген өлең бар:

Әдеп сақтап әманда, Ынтымаққа қосыл да,

Әрбір адал адамға Ықылас қой досыңда.

Жасасаң бір жақсылық, Ар-мақсатың нық болсын,

Қайтарады саған да. Ақылыңнан тосылма.

Кішілерді аяла, Ақылы бар баласың,

Кісілерден аянба. Айтқан тілді аласың.

Адамдығың көрінсін намысты боп өссең сен,

Анадай жан саяңда. Нағыз адам боласың!

Адамгершілік - деген ұлы сөз. Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулық-осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті.

(Күн ашылды.)

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі сағатта аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлай отырып, ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.

1-ші түсі. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

2-ші түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.

3-ші түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңды, еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.

4 - ші түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.

5 - ші түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

6- шы түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.

7 - ші түсі. Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі деген нақыл сөз жаныңда жүрсін.

Жаратылыс табиғаты.

Өсиет әңгіме.

Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», -дейді.

Қорытынды.

Қымбатты, балалар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен ,бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол - адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал