7


  • Учителю
  • Егемен елдің Кемеңгер басшысы Сыныптан тыс шара

Егемен елдің Кемеңгер басшысы Сыныптан тыс шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл орта мектебі





















Тәрбие сағаты





Класы: 1

Күні:

Өткізген: Төлегенова Н.Н.

































2014-2015 оқу жылы.

Егемен елдің кемеңгер басшысы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру. Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп оқушыларды Отанын, халқын, жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаев портреті, слайд, нақыл сөздер.



Барысы.



Мұғалім:

Ел болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Нұрсұлтан-ер тірегі, ел намысы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым,

Жүсем егер дүние кезіп.

Бақыт, бірлік-күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады

Қазақстан әнұраны!



Әнұранмен басталады.

Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек Елбасы ойға оралып, нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз нұрын шашады. Олай болса «1-желтоқсан-тұңғыш Президент күні» баршаңызға құтты болсын.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Іле Алатауының бөктеріне жақын орналасқан Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан отбасында дүниеге келген. 1940-45 Ұлы отан соғысы жылдары. Соғыс қарсаңында туылған ұрпақ тағдыр тауқыметін арқалады. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Үшқоңырды шыр етіп көзін ашқан сәтінен бастап бозбала шағына дейінгі өмірде көргендерін Елбасы өз кітаптарында нанымды түрде баяндап берген. Енді назарымызды слайдқа аударайық. Балалық шағы, жеткен жетістіктеріне тоқталып бір көз жүгіртейік.

Келесі кезекте оқушылардың Елбасы туралы тақпақтарына берсек.

Нұрқасым

Шарықтай бер, Нұр аға,

Тік ұста бойды әр кезде.

Қамын жеп елдің қашанда,

Үлгі бол жас ұрпаққа.

Қайрат

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді перзиденттер кезегімен.

Елбасы, Назарбаев-егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен.

Аружан

Нұр аға сенің өмірің

Біз үшін қызық, сара жол.

Жас ұрпаққа қашанда

Өмір жолың қызық қой.

Фархат А

Жиырма үш жылдай еліңді

Сүріндірмей келесің.

Ес білгелі естіледі

Нұрсұлтан деген ер есім.

Фархат Х

Жайқала бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам.

Көбейткен достың қатарын

Нұр аға-біздің ұлы адам!

Мұғалім:

Тұратұғын болашақтың үні кеп,

Тартылар күй, айтылған жыры көп.

Ерекше бір еркіндейік, бауырлар,

Басшымыздың мерекелік күні деп.

Әнге толсын барлық қала, ауыл бар,

Қағылсын бір барабандар, дабылдар.

Елбасының мерекесін ардақтау-

Бәріміздің борышымыз, бауырлар.



Тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал