7


  • Учителю
  • Конспекты ' Дарындылар додасы' сыныптан тыс жұмыс

Конспекты ' Дарындылар додасы' сыныптан тыс жұмыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныптан тыс жұмыс 3-А сыныбы

Тақырыбы: « Дарындылар додасы»

Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін тереңдете отырып, білім-білік дағдыларын

қалыптастыру. Логикалық ойлау , пәнге деген

қызығушылықтарын арттыру. Зеректігін қалыптастыру

Құрал-жабдығы: интерактивті тақта, мақтау қағаздары

Түрі: интеллектуалды сайыс


Жұмыс барысы:

І Кіріспе бөлімі:

Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір-бірімен жатқан шулап , жалғасып

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар , арпалысып алға шық.

Өмір деген мәңгі гқл деп жататын

Құштарлықтың толғағы мен толқыны -деп Т. Айбергенов ағамыз айтқандай өмірдің өзі- сайыс, өмірдің өзі- ойын .

Құрметті ұстаздар , оқушылар бүгінгі біздің «Дарындылар додасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

3-А сынып оқушылары қазір алдарыңызда күш сынасып , өздерінің білім деңгейлерін көрсетпекші. Олай болса , ойнымызды бастайық!

Шақырамыз , келіңдер жарысуға

Күш , өнер , білімменен алысуға .

Бар өнерді салайық ортамызға

Қанеки , кім шығады , сайысуға?

Сайыскерлер ортаға шығады


Әділқазы алқасына сәлем

Әділ қазы , ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем .

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

(алқа мүшелерімен таныстыру)


ІІ Негізгі бөлімі:

Сонымен құрметті сайыскерлер іске сәт!

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

  1. Іріктеу кезеңі « Қас -қағым сәт»(пәндер бойынша сұрақ-жауап)

16 оқушы

  1. «Бес саусақ» 5 оқушы берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды

  2. «Ғажайып үштік» 3 оқушы өзіне тиісті сұрақққа жылдам әрі нақты жауап беру керек

  3. «Талантыңмен таныл» шешуші кезеңде оқушылардың шешендік , тапқырлық өнерлері байқауға түсіп , жеңімпаз анықталады


Түзу жолмен жүрейін,

Тізбектерді көрейін.

Білімге біз сенейік

Кедергіні жеңейік!


І кезең ( оқушылар білімдерін ортаға салып, ұпайы көп оқушы келесі кезеңге өтеді)

Математика -10

Шынар 18 тұшпараны ағасы Еркін мен оның екі досына тең бөліп салып берді . Әр адамға неше тұшпарадан келді? (6)

Математика-20

Бозторғайлар 9 болса , сарышымшықтардың олардан 3-і артық. Барлық құстардың үштен бірі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті? (7)


Математика-30

Бір сазбалшықта Бақылдауық бақа мен анасы тұрыпты. Бақылдауық бақа түскі тамаққа 16 шыбын, ал анасы 7-і кем шыбын жеді. Кешкі тамаққа Бақылдауық бақа 15 шыбын , анасы одан 5-і кем шыбын жеді. 1 күнде барлығы неше шыбын қажет болғанын тап ? (50)


Математика-40

Оқушылар мұражайға бару үшін 3-3-тен сапқа тұрды. Айғаным , дүйсен , Айқын -үшеуі өздерінің алдыңғы жақтан санағанда 7-ші , арттан санағанда 5-ші қатарда тұрғанын байқады. Мұражайға неше бала барған? (33)


Қазақ тілі-10

Сөйлемдегі « нені?» сұрағына жауап беретін сөзді тап :

Қылкеңірдек батыр

Тау көтеріп жатыр. ( тау)


Қазақ тілі-20

Маржан мен Бейбіт анасына қолғабыс көрсетті. Сөйлеміндегі «мен» сөзі сөйлемнің мүшесі бола ала ма , неліктен? ( жоқ , өйткені ол-шылау)


Қазақ тілі-30

« Басшыларға» сөзін сөз құрамына талда


Қазақ тілі-40

Сызба бойынша сөйлем құра:

------ ------- ------- ------сызықша ------ --------.


Ана тілі-10

«Күмән» әңгімесіндегі өтірік айтқан оқушы ( Рақила)

Ана тілі-20

Өлеңді жалғастыр

Бейнеті мен зейнеті

Ырыс болып құйылған.

Маржаны мен меруерті

Туған елге бұйырған.


Ана тілі-30

Кімнің сөзі:

-Қой , бәйбіше, дау тудырма бекерге (нағашы)

- Ата, біз сіздерге көмектесуге және күздің кереметін көруге келдік (Жағыпар)

- Ең бірінші бақытым - Халқым менің ! (Мұқағали)

- Ал енді бұйымтайыңды айт, менен не қалайсың? ( Жаяу Мұса)

- Атқыштар сапына құралайды көзіне атқан он сегіз мерген қосылса , өздері және қылшылдаған жас жігіттер болса, бұған қалай қуанбайын (Комбат Мойсеев)

Ана тілі- 40

Мына сызба сендер жаттаған қай өлең?

---- ------ - ----- ------- - ------ ------!

----- ------ - ----- ------ - ----- -----!

----- ------ - ------ ------ - ----- -----!

------ ------ - ---- ----- - ------ ----!


Дүниетану-10

Астың өңделуі қай жерден басталады? ( ауыз қуысынан)


Дүниетану-20

Эпидермис, дерма, гиподерма деген не? ( терінің сыртқы, негізгі қабаты, тері шелмайы)

Дүниетану -30

Табиғатты бүлінуден сақтайтын , қорғайтын мамандық иесі? ( эколог)


Дүниетану-40

Судың мөлдір , сүттің ақ екенін қалай дәлелдейсің?

Ұпайы көп 5 оқушы келесі кезеңге өтеді

Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл қарындаш пен қаламды .

Айыра біл соқпағын да өмірдің

Айыра біл тапсырмаңды алдағы .

ІІ кезең « Бес саусақ»

Бас бармақ ------Бұл кімдер? Бірнеше портреттер тұрады, бала аты-жөндерін айту керек


Балан ұйрек ------ Қазақтың қара есебі


« Төрт тентек » есебі.
Мөңке би бала кезінде бір бай жоқ сұрау үшін көш алдында келе жатып, еру ауылдың жанында асық ойнап жүрген бір топ балаға жолығыпты. Балалардың бірі байдың атын үркітіпті. Оған бай ашуланып, әлгі баланы қуалайды. Байдың мінгені асау тай екен, баланың желбіреген көйлегінен үркіп мөңкиді. Мөңкіп жүргенде байдың басынан бөркі үшып кетеді. Байтал одан бетер тулап, байды жығып кетеді, бай қаза табады. Содан кейін байдың тумалары және елінің игі жақсылары жиналып келіп, балалардың елінен құн сұрайды. Екі ел келісе алмай кеңес бірнеше күнге созылады. Мөңке сол ауылдың баласы екен, жиналған көпке келіп, былай депті: «Ия, ағалар-билер, сіздер бұл кеңесті ұзаққа создыңыздар ғой және бір шешімге келе алмадыңыздар. Осының билігін маған берсеңізер, мен тез бітірер едім», -депті. Көпшілік баланың ықыласына риза болып бір ауыздан: «Билікті бердік, ал айта ғой», -депті. Сонда Мөңкенің айтқаны: «Бұл шалдың өліміне кінәлі ел емес, тентек. Ал, мұнда тентек төртеу. Менімше сол төрт тентек құнды бөліп төлесін және ердің құны жүз жылқы болсын!»-депті. Бұл билікке екі жағы да түсіне алмай: «тентек кімдер?»-деп сауал қойыпты. Мөңке жұртқа түсіндіріпті. Ақыры, екі жағы да осы билікке разы болып, балалардың ауылы кұнның төрттен бірін жиырма бес жылқы төлеп құтылыпты. Мөңке баланың би болуына осы билік себеп болыпты. Мөңке-қырғыз Қайдауыл батырдың жиені екеніне де көңіл аударамыз.

Сұрақ: Мөңкенің айтқан 4 тентегін тап


Жауабы. Мөңке бала тұжырымы. «Бірінші, мың жылқыдан бір жуас таба алмағандай, асау байталға мінген және елде адам құрығындай асық ойнаған балалардан жөн сұраған бай тентек; екінші, адам көрмегендей, баладан үркіп тулап байды жығып өлтірген байтал тентек; ұшып түскен бөрік тентек; төртінші байталды үркіткен бала тентек.


Ортаңғы терек ------Өлеңді жалғастыр

Ала мысық тырнала,

(Тырнағаның бола ма?)

Мұғалім - біздің анамыз

( Айтқан тілін аламыз)

Мен-кішкентай баламын

( Кітап оқи аламын)

Мысығым , менің мысығым

(келе қойшы пысығым)

Туған күнім бола берсе

( Үйге қонақ тола берсе)


Шілдір шүмек -------- мақал құрастыр

  1. Еңбек түбі---- (күлкілі смайлик) қуаныш

Сауда түбі-----( ренжулі смайлик) реніш

  1. 40 шыдаған

41 шыдайды ( қырқына шыдыған қырық біріне шыдайды)

  1. О---- и----- қ---- қ (оқу -инемен құдық қазғандай)

  2. Ас атасы-нан ( астың атаның наннның суреттері)

  3. Атың шықпаса , жер өрте ( аттың ,жүруге тыйым салынады , жер, от)

  4. Көп күлген бір жылар ( күліп тұрған бірнеше смайлик , жылап тұрған 1 смайлик)

  5. Қызы саған айтам

Келінім сен тыңда ( қыз, ерін, келін , құлақ )

  1. Ойыннан от шығады ( ойыншық, от)

Кішкентай бөбек ------ Бұл нешеу?

  1. Адам денесіндегі сүйек (200)

  2. Қазақ тіліндегі сөз табы( 9)

  3. 6-дан 40 санына дейін 8 саны нешеу ? ( 4 рет)

  4. Разъезд ----сөзінде дыбыс нешеу? ( 6)

  5. 33-ті 4 рет қосқанда ( 132)

  6. 4 тәулікте сағат нешеу? ( 96)

  7. 11 адамдағы саусақ нешеу? ( 110)

  8. Мына өлеңде сөз нешеу?

Үлпілдеген аппағым

Өзім күтіп баптадым

Күзде сыймай қапшыққа

Айла , амал таппадым ( 11 )


  1. Қажымұқанның медалі нешеу? ( 56)

  2. Мына өлеңде Д дыбысы нешеу ?

Дәмді шөпті таңдаған,

Дәмді шөпті толғаған.

Дағдысына Дуадақ ,

Даланы еркін шарлаған.


Келесі кезеңге ұпайы көп 3 оқушы өтеді


Күшті болсаң -арттағыны жеткізбе

Күшті болсаң -шоқалаққа сүрінбе

Күшті болсаң- тайғанама көк мұзда

Күшті болсаң- бөгеттерді бұзып өт

Күшті болсаң -заманыңды көктеп өт -деп келесі кезеңге де келіп жеттік

ІІІ кезең « Ғажайып үштік»

  1. Тік бұрыш неше градусқа тең? (90 )

  2. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ 20 мин ұшады, ал кері қарай 80 мин ұшады. Бұл қалай? ( 1 сағ 20 мин -----80 мин)

  3. 1 таңб санға дәл сондай санды тіркеп жазса , сан неше есе артады? (11 есе)

  4. 1937-1938 жылдары қазақ даласында қандай оқиға болды? ( қуғын -сүргін)

  5. Тоқырау ----(қиын жағдайға тап болу)

  6. Абай қай медреседе білім алды? ( Ахмет Риза)

  7. Оны барып көруім керек деп -ойлайтын мүше ? ( ми)

  8. Тіл неден тұрады? ( бұлшық еттен)

  9. Бұлт неше буынды сөз? ( 1 )

  10. Сөйлемнің негізгі мүшелері? ( бастауыш , баяндауыш)

  1. 12 сағат ішінде сағат тілі неше рет тік бұрыш жасайды ? (4 рет)

  2. Шаршының қабырғасы 9 см . Периметрі неше см? (36см)

  3. Қосындысы 8-ге , айырмасы 2-ге , көбейтіндісі 15-ке тең екі сан? (5,3)

  4. 1930-1932 жылдары Қазақстанда қандай оқиға болды?(аштық)

  5. Бөкебай-----( басқа жамылатын шәлі)

  6. Шоқанның оқыған кадет корпусы? ( Омбы)

  7. Мен жақсылықты сеземін -дейтін мүше ? ( жүрек)

  8. Тіс неден тұрады? ( сүйектен )

  9. «Рельс» неше буынды ? ( 1)

  10. Бастауыш пен баяндауыш арасында қандай жағдайда сызықша қойылады? ( бастауыш та баяндауыш та зат есемнен болған жағдайда)


  1. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір)

  2. Миллионда неше нөл бар? ( 6)

  3. Миллионнның ширегі? ( 250000)

  4. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? ( 1941-1945)

  5. Пешене---- (тағдыр )

  6. М. Жұмабаев оқыған медресе? ( Уфадағы Ғалия)

  7. Миға оттегі жетіспесе адамда қандай әрекет пайда болады? ( есінеу)

  8. Шаш неден тұрады? ( қылшықтан)

  9. «Бешпент» неше буынды? (2)

  10. Қаратпа сөз сөйлем соңынды келсе, (оның алдына үтір қойылады)


2-оқушы келесі кезеңге аяқ басады

Ойла-ойла тереңнен

Жақсы емес көп бөгелген .

Заңдылықты білмесең

Өте алмайсың көпірден .



ІҮ кезең Талантыңмен таныл ( оқушылардың шешендік , тапқырлық өнерлері байқалып, жеңімпаз анықталады)

Бауадат дейтін жігіттің сұрақтарына Назым деген қыздың берген жауаптары:

Балдан тәтті не? ( бала)

Қылыштан өткір не? ( тіл)

У-дан ащы не? ( әдепсіз адамның аузынан шыққан сөзі)


ІІІ Қорытынды бөлімі:

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды ,

Демеңіздер бір өнерді аяп қалды.

Әділқазы сіздерге сөз береміз

Жеңімпаздар кім болып сарапталды?


Әділқазы алқасына сөз беріледі:

ІІІ орын

ІІ орын

І орын Мақтау қағаздары

« Дарындылар додасының жеңімпазы» медальоны табысталады


Алдымызда жайнаған жүздер әні ,

Сіздермен кездесеміз біздер әлі .

Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз ,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі !!!!!!!!!!!!!!!

Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сайыс аяқталды , сау болыңыздар!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

Б.К Мергенбаев атындағы №226 гимназия

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: « Дарындылар додасы»

Сыныбы: 3-А

Сынып жетекшісі: Имбетова А.Қ


2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал