7


  • Учителю
  • Планирование на тему 'Менің елім Қазақстан' (6 класс)

Планирование на тему 'Менің елім Қазақстан' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 01 қыркүйек 2015 жыл

Сынып: 6 «А»

Тақырыбы: Менің елім-Қазақстан
Мақсаты:Оқушыларды өз отанын,туған жерін,туған тілін сүйіп,құрметтеуге тәрбиелеу;
Тәуелсіздіктің мәнін түсіндіру;
Отанына деген сүйіспеншілігін,мақтаныш сезімін арттыру.
Көрнекілігі:Нақыл сөздер жазылған плакаттар,интерактивті тақта,магнитті тақта,постер
Жоспары:
І.Амантасу
ІІ.Оқушыларды топқа бөлу
ІІІ.Сайыс шарттарымен таныстыру.
1. Таныстыру.
2.Кім көп біледі?(мақал-мәтел сайысы)
3.Менің Отаным-Қазақстан
4.Тапсырмалар
5.Кім жылдам?(мақал құрастыру)
ІV.Топтарды бағалау
V.Марапаттау.

Елімнің аты, жерімнің аты -
Өзіңмен биік, Республикам !
Жақсының аты, ғалымның хаты
Өзіңмен биік Республикам!
Білімді ұрпақ, білікті маман,
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң, ары сау адам -
Мерейің сенің, Республикам!
Бәсеке деген оңай сын емес,
Ұшпасын бағың, Республикам!
Қазақтың атын, қазақтың затын -
Тұмар ғып тағын, Республикам!
Алтын күн шуағын көк байрақ шашатын
Жатсынбай әлемге құшағын ашатын
Қазақтың төрінен нәр алған даласы
Тәуелсіз бейбіт ел мәңгіге жасасын.!
Сайысымыздың шартымен таныс болыңыздар:
І.Таныстыру.
ІІ.Кім көп біледі?мақал-мәтел сайысы.
ІІІ.Қазақстан-кең байтақ Республика
Іv.тапсырмалар
5.Кім жылдам?
І.Бөлім-таныстыру бойынша
1.Елім менің тобын ортаға шақырайық
2.Астана
3.Көк байрақ
4.Туған ел
(Әр топ өздерін таныстырып шығады)
Әділқазылар алқасынан таныстырудың бағасын сұраймыз.
Біздің халқымызда Атамекенді ардақтау сезімі өте терең,олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез.Біздің мақал-мәтелдеріміз туған жерді, отанды қорғауға толы. Ендеше,
ІІбөлім-кім көп біледі? Кезеңіне кезек берейік .Таңдап алынған мақал- мәтел бойынша әр топ топпен айтып шығады.
Мақал-мәтелдің бағасын берсеңіздер
Әйнегі күн шатыры аспан,
Кең дала төсі толқыған егін,
көлдері көке күмістер шашқан
Қазақстан-Республикам менің
Иә, Егемен болмай ел болмас,тәуелсіз болмай жер болмас,-дегендей,қазіргі таңда егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық.Қазақстан өзінің табиғи байлығына ,жеріне ие.Қазіргі таңда еліміздің 14 облысы бар.Осы облыстар жөнінде кеңірек тоқталу үші нсайысымыздың үшінші кезеңіне кезек берейік,Әр топ 3 облыстан қорғайды. .
әр топ дайындала берсін ,оған дейін көрермендермен жұмыс жасайық Оқушылар,сендерге сұрақ:
1.Танытып айбын өр үнін
ТАҢ ҚАЛДЫРҒАН ЖЕР ЖҮЗІН
Кім айтар қазақ елінің
Егемен алған мерзімін?1991ж.16-желтоқсан.
2.Нұрын төккен арай көк
Иесі ұлы төріңнің.
Аталады қалай деп
Мемлекеті еліңнің? Қазақстан Республикасы.
3.Қол жетпей келген ең басты
Сырын ашқан ғажаптың
Кім айтады алғашқы
Ғарышкерін қазақтың?/Тоқтар Әубәкіров/
4.Халқы үшін мынау өмірдің
Татқан тұщы,ащысын
Кім айтады елімнің Мемлекеттік басшысын?/Н.Әбішұлы Назарбаев./
5.Аталды кеше дүркіреп
Болды мереке,ғажап күн.
Кім айтады қай күні
Президент күні қазақтың?1 желтоқсан.
-Жарайсыңдар,ендеше тұңғыш президентімізге арнап ән жолдайық .Нұр аға әні Хормен.
Кезекті сайыскерлерімізге берейік.
Әр облыс бойынша түсіндіріп кетсе..
Әділқазылардан бағасын сұраймыз.
1.Елім менің тобын ортаға шақырай
2.Астана
3.Көк байрақ
4.Туған ел
Әр топ облыстарды айтып шыққан соң,
Мұғалім:
Иә, қазақ жері осындай!
Шартымыздың 4-бөліміне де келіп қалдық. Тапсырмалар бөлімі. Сіздерге тапсырма :қиылған суреттерден тұтас бір сурет құрастыру және сол жөнінде әңгімелеп беру.Кім бірінші құрастырады. Елтаңба,ту,Ақорда,Бәйтерек.суреттері бөлшектелген .
Әділқазылардан бағаларын сұрау.
Ендігі шартымыз кім жылдам деп аталады.
Мақалдың жартысын құрап айту.
1-топқа:
1Отан-қуат,отбасы-------(шуақ)
2Елің-панаң, жерің--------------(анаң)
3дұшпаныңның қуанышына досыңдай -------(-қуан)
2-топқа
1----------үшін отқа түс,күймейсің(отан)
2Елің панаң,жерің-------------(анаң)
3құт,берекең---------атаң қымбат(атаң)
3-топ
1-----иілгені-сынғаны (емен)
2жігіт көркі---------(өнер)
3Өнерлі --- ----- (өрге)-жүзер
4-топқа
1-----азбайтын тон(ақыл)
2 Әлі келген ------та жығады,шалып та жығады (алып)
3есектің еті арам,еңбегі----------(адал)
Бағалау. Марапаттау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал