- Учителю
- Адамгершілік шуағы сөнбесін тәрбие сағаты
Адамгершілік шуағы сөнбесін тәрбие сағаты
Адамшылық шуағы сөнбесін
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату:
Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар бүгінгі бізідң өткізгелі отырған тәрбиелік іс-шарамызға хат келіпті. Хатта тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбы мен тапсырмалары бар екен. Хатты оқиық.
-
Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Сендер бүгінгі тәрбиелік іс- шарамызды «Адамшылдық шуағы сөнбесін» деген тақырыпта өткіздіңдер! Іс -шарамызды «Адамшылдық деген не?» сұрағынан бастадыңдар! Ол үшін Рух деген не соны тыңдаңдар!
Рух деген - адам бойындағы бір қуат. Ол барлық игі істердің қайнар көзі. Жаратылыс қарама -қарсы екі нәрседен тұрады. Ақ пен қара , күн, мен түн, ыстық пен суық жақсы мен жаман. Адам денесі біреу ғана болғандықтан оның ішінде осы екі қуат күресіп жатады. Соғанбайланысты Шәкәрім атамыздың мына сөзін еске ескеріп аламыз:
«Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын шайтанның таласы.
Рухтың мекені -адамның жүрегі»
Жүректің жылуы, ар -ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылдық,барлығы жүректен туындайды.
Рухани бай адам -әділ , шыншыл, мейірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Сондықтан да, адамшылдық дегеніміз - жақсылық, мейірімділік , аяушылдық, ерінбей еңбек ету, білім алу, елімізді сү, оның бір жақсы азаматы болу деген сөз.
Ендеше адамгершілік туралы біраз сұрақтарды оқып өтейін.
-
Бір минут уақыт ішінде кім қанша жақсы қасиеттерді санамалап айта алады.?
-
Өнер -білім, адамгершілік туралы нақыл сөздер. Тақпақтар айтыңдар?
-
Туған жер, туған ел, ана тілі туралы мақалдарды естеріңе түсіріңдер.
Олайболса, тапсырмаларды орындауға көшейік.
1 -тапсырма. Бір минут уақыт ішінде кім қанша жақсы қасиеттерді санамалап айта алады екен?
- Балалар бірінші бұлтты аштыңдар. Не білдіңдер, не үйрендіңдер? Барлық уақытта тек осындай жақсы қасиеттерді бойларыңа жинай білдіңдер!
2- тапсырма. Өнер - білім, адамгершілік туралы нақыл сөздер, тақпақтар айтыңдар! Қане кімнің айтқысы келеді?
- Балалар екінші бұлтты аштыңдар. Не білдіңдер, не үйрендіңдер?
Барлығымыз жақсы нәрсені көре біліп, тек жақсы істерді үйренсек, ол да адамның адамгершілік қасиеті екен, яғни жақсылыққа ұмтылуы, жақсылық жасауды үйрендіңдер!
3 - тапсырма. Туған жер, туған ел, ана тілі туралы мақалдарды естеріңе түсіріңдер!
- Балалар, сонымен, үшінші бұлтты да аштыңдар! Не үйрендіңдер? Сүюді жақсы көруді. Себебі, рухани адамгершілік қасиет - туған жерге, туған елге ана тілімізге деген сүйіспеншілдік. Көңілдеріңе қаяу түспесін, жүрегіме дақ түспесін десеңдер, адал болыңдар, адамгершілік жақсы қасиеттерді бойларыңа жинай білдіңдер. Пейілдерің таза болмай, жүректеріңе дақ түссе, оның қайтадан орнына келуі оңайға сыоқпайды. Мысалы, бір құрбыларыңның жаман қасиеті бар. Ол ұры, сабақты нашар оқиды т.б. Егер сендер оны қаралап , даттай берсеңдер, ол өмірден түңіліп , өмірге қызығушылығы төмендей бастайды. Сендер шын дос, сыныптас боласаңдар, оның түзу жолға түсуіне көмектесіп, тәрбиелеңдер.
Қорытынды. «Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.