7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты толеранттылыұ қарым -қатынас ережелері 11сынып

Тәрбие сағаты толеранттылыұ қарым -қатынас ережелері 11сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:

Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан
Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық
және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ситуациялық тапсырмалар бере
отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын
кеңейту.
Күтілетін нәтижелер: а) Толеранттылық мәдениеті туралы біледі.
б) Қазақстанда тұратын өзге халықтардың салт- дәстүр
ерекшеліктерін таниды.
в) Діни, мәдени дәстүрлерге баға береді

Сабақ әдісі: Слайд арқылы түсіндіру, топтық тапсырмалар.
Тапсырмалар: топтық тапсырмалар, диалогтық оқыту.
Керекті жабдықтар: компьютер,проектор,флипчарт,маркер,стикер,тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жазбаша сұрақ., келесі сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

1) Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар?

2) Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер?

ІІІ. Танысу. Екі жұппен жұмыс. «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар. Енді сіздерге 2 минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып, не білдіңіздер сол туралы айтасыздар.

Тезистер:

  1. Толеранттылық-жеке қасиет.

  2. Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.

  3. Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге, оны түсіне білетін адам.

  4. Абсолютті толерантты әлде толерантсыз адам болмайды.

Ситуациялық тапсырмалар.
1-ситуациялық жағдай.
Мен қалада тұрамын.Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім, есіктің қоңырауы соғылды.
Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс ) Пасха мейрамымен құттықтай келгендіктерін айтты.
Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу еді.
Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.
Бұдан кейінгі менің әрекетім:
• Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып шығарып салар едім.
• Ашуланып, үйден қуып шығар едім.
• Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім.
Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар едіңдер?
2-ситуациялық жағдай.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Сен Тибет еліне саяхатқа бардың. Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай жауап қайтарар едің?
Қорытынды
7 минут

«Толеранттылық ағашын» жасау. Оқушыларға А4 қағазын үйлестіріп өз ойларын бейнелеп ағашты безендіреміз.

Қорытынды. «Техастік құшақ». Бәрі бір-біріне қыстырылып тұрады, қолдарын иықтарына қойып, алға оң аяқтарын созады, сосын жүргізушінің айтуымен ішке бір қадам жасайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал