7


  • Учителю
  • 'Қош бол алтын ұя мектебім' 11 сыныптарға арналған тәрбие сағаты

'Қош бол алтын ұя мектебім' 11 сыныптарға арналған тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Қош бол, алтын ұя мектебім, аяулы ұстаздар!»

Мақсаты: Ұстаздардың әр шәкірт үшін орнының ерекшелігін, білімнің көзі тек осынау, асыл жандар арқылы оқушы жүрегіне берілетінін түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету, түлектердің ұстаздарға деген ризашылығын білдіруге баулу.

1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, ата-аналар, 2012 оқу жылының түлектері!

2-жүргізуші: «Қош бол алтын ұя мектебім» атты салтанатты соңғы тәрбие сағатына қош келдіңіздер! (ҚР әнұраны орындалады)

3-жүргізуші: Міне тағы да оқу жылы аяқталып, мектебіміздің 68 түлегі, сыныбымыздың 20 түлегі балалықпен, мектеппен қоштасқалы отыр.

4-жүргізуші: Құрметті қонақтар, қарсы алыңыздар, ортаға 11 «Б» сынып оқушыларын шақырамыз.


2-жүргізуші: Сыныбымызда 20 оқушы. Олар: Компьютер шебері, сынып жанашыры, беделдісі Құрманғалиева Назерке, суретші, информатика пәнінің жоба жүлдегері, Мұстафинов Нариман, мектебіміздің «Жай жүрсін бе?» КВН командасының белсенді мүшесі, болашақ актер Дүйсенбаев Даурен, режисер, анасынын сүйеніші, сынып белсендісі Искаков Нұрсұлтан, дзю-додан спорт мастері, оқу екпіндісі, сүйкімді қызымыз Азбаева Айнұр.

3-жүргізуші: Қайратты, сымбатты да, білімді Төкенов Думан, Мазенов Арслан, спорт жанкүйері Бекбаев Даурен, суырып-салма ақындар, сынып жанашырлары Саякупов Жанібек, Шакенов Мұхаммед

4-жүргізуші: сүйкімді де инабатты, сынып жетекшісінің көмекшісі Қасенова Камилла, дзю-додан 1 дәрежелі спортсмен, әнші, әрі биші Азбаева Гүлнұр, ағылшын тілі пәнінің шебері, әншіміз Байбулова Гүлмариям, ашық мінезді, келбетті Рахимханова Диана, сыныбымыздың операторы, ағылшын тілі шебері Байғанова Әсем.

1-жүргізуші: салмақты да сымбатты, мектеп және сынып жанкүйерлері Бапишев Қадырғали, Құсайынов Манат, спортсмен, АӘД сабағының жетекшісі Омарханов Еділ, сынып екпіндісі, еркесі Қайырбек Нұрбек, сүйкімді, тартымды, нәзік қызымыз Тоқтарова Шырайлым

5-жүргізуші: Қарап тұрсақ , сыныбымызда әншілер көп екен. Соларды тындап корсек қалай қарайсың:

6-жүргізуші: Әрине қарсы емеспін. Қарсы алыңыздар, ән «Жан досым», орындайтын

3-жүргізуші: Мектебіміз 11 жыл бойы күнде қарсы алып жүретін еді, енді міне қоштасар кез келіп жетті. 11 жылға созылған осы бір белестердің тез өте шыққанына сенер емеспіз.

2-жүргізуші: Осы жолда әрине бізге көмегін өздерінің жүрегін, білімін, ақылды кеңестерін берген, жетекшілерімізге, ұстаздарға, біздің пән мұғалімдерімізге ризашылығымызды білдіреміз!

1-жүргізуші: Қадыр, осындай көптеген күндердің біріне қайта оралып, алғаш рет мектеп босағасын қалай аттағанымызды еске түсіріп көрейікші.

2-жүргізуші. Біз қандай едік? 1 сыныпқа келгенің есіңде ме? (сұрақ Б. Дауренге)

3-жүргізуші: Алғашқы ұстаз несімен есіңде қалды? Ол кім? (Еділ, Диана)

4-жүргізуші: бастауыш Бастауыш сыныпта ең бір есіңде қалған қызықты оқиғаңды айтып бере аласың ба?

5-жүрг.: Арманың қандай еді? (Айнұр, Гүлнұр)

6-жүрг.: Қандай маман иесі болуды қалап едің? Ол кездегі ойың мен қазіргі ойың үйлесе ме:

1-жүрг.: Ортада «Ұстазым» әнімен.

2-жург.: Сен қалай ойлайсың, ҰБТ деген не? Осы біздің сыныптастарымызға походқа барайық десең ҰБТ, қыдырайық десең ҰБТ, не айтсаң да ҰБТ деп шығады.

3-жүрг.: ҰБТ? Мына сөзді менен басқа ешкім естімей-ақ қойсын. ҰБТ деген... Ұмытшақтың Білімдерін Тексеру деген сөз емес пе, білмесең менен сұрап алмайсың ба?

4-жүрг.: Мен бір өлең шығарып едім, тыңдаңыздар:

ҰБТ, үйге келсең ҰБТ, сыныпқа келсең ҰБТ

ҰБТ деп ұйықтайсын, ҰБТ деп тұрасын,

Тамағың да ҰБТ, сабағың да ҰБТ

Бәрі-бәрі жан-жақтан ҰБТ, бәрі-бәрі ҰБТ, о - е - е - е - е - о

1-жүрг.: тыныш-тыныш, Жанібек келе жатыр.

5-жүрг.: Жақсы шәкірт азамат атанады, халқынан, ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, ортаға шақырайық ата-ананы. Ата -аналарға сөз беріледі.

6-жүрг.: Құрметті ата-аналар, бізді аялап, мәпелеп, осы күнге жеткізгендеріңізге алғысымыз шексіз!

1-жүрг.: Ұстазсыз шәкірттерге бақ келген бе? Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе? 11 жыл сыныбы үшін жанын салған, сөз кезегін береміз жетекшіге.

2-жүрг.: Сөз кезегін сынып жетекшісі Жұмагүл Қабдрахманқызына беріледі.

5-жүрг.: Ән «Мектебім менің»

3-жүрг.: Құрметті қонақтар, осымен бүгінгі салтанатты соңғы қоңрауымыз соңына да келіп жетті.

4-жүрг.: Уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін көп рахмет!

Сынып жетекшісі,ағылшын пәні мұғалімі Құтанбекова Ж.Қ. № 16 орта мектеп .Семей қаласы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал