7


  • Учителю
  • ҰСтаздар күніне арналған мерекелік кеш

ҰСтаздар күніне арналған мерекелік кеш

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Мерекелік кеш ұстаздар күні

Жүргізушілер: Назым, Нұркелді
1 - жүргізуші Нұркелді : Назым, мына отырғандар тойға келген бе, үйлену тойы дейін десем, жас жұбайлар жоқ, әлде Нағима апайдың 58 жас мерейтойы ма екен?
2 - жүргізуші Назым: Жоқ, Нұркелді таппадың.
1 - жүргізуші: Назым, Назым, әлде бүгін шілдехана тойы ма?( қуана) дұрыс па, ендеше кеттік тойды бастайық.
2 - жүргізуші: Жоқ, Нұркелді қайдағы шілдехана тойы ? саған не болған, сен тойға жалданған асабамысың? ( пауза) Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады Аруна

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

"Ұстаз" деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Бүгінгі той - кәсіби мереке ұстаздар күні! (дауысын көтере)

"Мерекем" әні. Орындайтын: Әбдіраманов Мадияр

1 - жүргізуші: Бүгінгі мереке біздің аяулы ұстаздарымыздың, ұлағатты мұғалімдеріміздің , ардақты оқытушыларымыздың күні!
2- жүргізуші Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі мереке ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

1- жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

2- жүргізуші

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның, Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,

Ұстаз деген - анасы ол адамның. Бар әлемге еңбегімен еленген.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Сен де одан адам болып жаралдың. Ол да бірге қуанышқа кенелген.

1-жүргізуші

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,

Ол өзіңнің орындалған арманың. Қасиеті бас иелік мәңгілік!

1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Жеңіскүл Аманбайқызын шақырамыз.

2-Жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

"Ұстазым " әні сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

1-жүргіуші:

Сен қалай ойлайсың, Назым? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші:

Нұркелді, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы -

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!

2-жүргізуші

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған


1- жүргізуші

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүргізуші: Нұркелді, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Назым, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

2- жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

1- жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)

Баян : Құрметті ардагер ұстаздар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы - ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған әнімізді қабыл алыңыздар Ұстазым әні: Орындайтындар Шұғыла,Нұрайым

1-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1 -жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің кішкентай бишілерін ортаға шақырамыз.

Мэриндо биі Орындайтын: 3- сынып оқушылары

1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Аруна: Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

- Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, - дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

- Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

- Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

- Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

- Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Аруна: Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің аяулы ұстаздаымызрды шақыруларыңызға болады.

2- Жүргізуші: Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы мерекені пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді? Ол үшін ортаға мектебіміздегі жас мамандарды шақырсақ қайтеді?

1- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымыз бен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік. Ақерке:-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1. Домбырада - жетеу, сырнайда - алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

Ақерке: Аяулы ұстаздар, мына қолдарыңызға берілген қағазға жазылған сөздердің мағынасын ашып айтсасңыздар.

Жақсы, жауаптарыңызды қабылдаймыз.Алайда қазіргі жаңадан қолданысқа енген түсіндірме сөздікте бұл сөздерге сипаттама былай берілген екен:

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

Каникул - жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика - мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін "жаңғақ".

Дос - бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы - әжеме айтатын басты сылтауым.

"Апайға айтам" - қыздардың негізгі қаруы.

1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

2-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!

Ана туралы ән.

1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын

Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Сарқылса мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін.

Ән «Ұстазыма» орындайтын ……………………………………………………………

2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.

Оқитын …………………………………………………………………………………………..

2-ЖҮРГІЗУШІ: Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті мақал-мәтелдерге берсек. Бұл біздің мектебіміздің оқушыларына арналады. Сенің сүйікті мақалың қандай?

1-ЖҮРГІЗУШІ: Менің ең сүйікті мақалым: Оқу-күрекпен құдық қазғандай / инемен

Мен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін. әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай?

Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер.

1. Қына басқа бітеді / тасқа

Білім шашқабітеді /басқа

2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал

3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле

4. Көрмес - шошқаны да көрмес /түйені

5. Өнер алды - ұзын тіл /қызыл тіл

6. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге

2- Жүргізуші: Қадіріңді кезінде

Білмепті ғой ұланың.

Қазір әрбір сөзіңе,

Елеңдейді құлағым.

Бірдей етіп ұстадың.

Демей бізге бөтенсің.

Кейде акылын ұстаздың,

Сағынады екенсің.

Сол ұстазға жаны нұр,

Демек үлкен адаммын.

Есейсек де бәрі бір,

Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)

М -мейірімді

Ұ- ұлағатты

Ғ-ғазиз

А-ақылды

Л- лайықты

І-іскер

М- маман

Көңілді күй, сахнада оқушылар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

Тіршілік- арман, бәрімізге де орын бар,

Күш -қуат бойда,жігер менен жалын бар

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің,Бәрің де аман болыңдар! - дей отырып, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз.

1-жүргізуші:Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!

1-жүргізуші:

Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерін оқытқан,

Келіп тұр жолдап сәлемін

Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.

География пәнінің мұғалімі оқушыдан:
- Картадан Астананы көрсетуін сұрайды.Сонда оқушы: «Білмеймін ағай оны мен алғаным жоқ»,-дейді. Мұғалім қайталап сұрайды. Оқушы тағы сол жауапты береді. Ашуланған мұғалім оқушының әкесіне барады.Сенің балаңа картадан Астананы көрсет десем, мен алған жоқпын дейді,-депті.Баланың әкесі:Біздің бала ондайды алмайды»,-дейді.Ашуланған мұғалім үйден шығып бара жатып, көршісін көреді. Сонда көршісі:
- Жай жүрсіз бе?-дейді. Мұғалім болған жайдың барлығын түсіндіріп айтып береді. Сонда көршісі:
- Бұл үйдегілердің барлығы алғанын ешқашан мойындамайды»,- деген екен.

***

Ұйқышы мұғалім

Сабақ үстінде байқамай ұйықтап қалған мұғалім ояана келсе оқушылар күліп отыр екен.
Мұғалім: -Неменеге күлесіндер, бүгін түс әлемінің патшасымен кесдесуім бар еді, сонда барып келдім- депті.
Ертеніңде бір оқушысының ұйықтап жатқанын көрген мұғалым ұрсып оятып жібереді.
Мұғалім: -Ұятсыз, сабақ үстінде қалай ұйықтауға дәтін барады.
Оқушы: -Кешіргейсіз, түс әлемінің патшасымен кесдесуім бар еді
Мұғалім: - Ееее солай де, ол патша не айтады.
Оқушы: -Кеше сізді көрмедім, келген жоқ дейді.

***

Мектептің тұсынан өтіп бара жатқан әкесі жанындағы баласына: - Сен осы мектепте оқисың ғой, иә дейді. - "Иә" дейді баласы. - Осыдан 20 жыл бұрын мен де осы мектепте оқығанмын. - Ә, онда директордың маған кеше неге олай дегенін енді ұқтым. - Директор не деді? - "Дәл сендей топасты көрмегеніме 20 жыл болды!" деді.... ******** Үш талапкер тарих пәнінен емтихан тапсырып отыр. Біріншісі жақсы баға алу үшін өгіз беріп қойса, екіншісі қой берген. Ал үшіншісі жағдайы нашар болғандықтан, ештеңе бермеген. Ұстазы біріншісінен: - Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылды? - Жапонияда - Бес! Екіншісінен: - Алғашқы атом бомбасы қай елде жарылды? - Жапонияда - Қай жылы? - 1945 жылы. - Бес! Үшіншісінен: - Қай қалада? - Херасимода. - Өлген адамдардың саны қанша? - Екі жүз тоқсан төрт мың. Ұстазы сасқанынан: - Өлгендердің атын атап шық, - депті. ******** Филология факультетінің үшінші курсында оқитын спорт шебері емтихан тапсырып отырса керек. - Айналайын, ең болмаса қарапайым сұраққа жауап берші! Лев Толстой деген классикті білесің бе? - Ағай-ау, мен классикамен емес, еркін күреспен айналысамын ғой... ******* Оқушы мұғалімге: - Ертең сабаққа келмей-ақ қояйыншы. - Неге? - Мама, өзіңіз ғой кеше ертең ауылдан апам келеді деген. - Екеуіміз бірдей келмесек, ұят болар... ****** Мұғалім оқушысын тақтаға шақырады да: - Мен Шығайбайға бір алма беремін де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын. Сонда әр балаға қандай бөлік тиеді? - Ешқандай. - Отыр, екі. Математиканы білмейсің. - Ал сіз Шығайбайды білмейді екенсіз. ******** Мұғалім оқушыға: - Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды? - Шешемнің қолы тимейді. ****** Екі жігіттің әңгімесінен: - Темекіні зиянды қасиеттері туралы кітап оқыдым, қоятын шығармын... - Темекіні ме? - Жоқ, кітап оқуды. ****** Емтиханда: - Сұраққа жауап беріңіз, студент. - Ойлауға кішкене уақыт беріңіз. - Уақытың баяғыда бітіп кеткен. - Онда залдың көмегіне жүгінейін, болмаса досыма телефон шалайын. ****** Бір адам көзілдірік сатып алайын деп дүкенге кіріп, көзілдірікті киеді де, кітапқа қарайды. Тағы бірін алып, тағы кітабына қарайды. Сөйтіп көзілдірік біткеннің бәрін қарап, бәрін жақтырмайды. - Бұл қалай? Мына көзілдіріктерің дәнеме танып, оқып болмайды ғой. - Жарықтығым, сен өзің оқуды білуші ме едің? - Егер оқуды өзім білетін болсам, сенің көзілдірігіңнің маған не қажеті бар? ******* Екі студент әңгімелесіп отыр. - Егер декан маған айтқан сөзін қайтып алмаса, онда мен университеттен кетемін. - Ол саған не деп еді? - «Университеттен жоғал» деген! *********** Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы аййналып құлап қалады. Қасына бір келіншек келіп, айналасындағыларға: - Су әкеліңдер, су әкеліңдер, - дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке: - «Аналарға сумен қоса нанға май жағып ала келіңдер» деп айта салыңызшы, - дейді сыбырлап. ******** Мұғалім оқушыдан : - Аққұтан жылы жаққа неге ұшады? - деп сұрайды. Оқушы: - Жүре алмаған соң ұшады. ***** Баласының күнделігін тексеріп шыққан әкесі ашуланып: - Балам, мұның қалай, биологиядан ғана екі алмапсың ғой? - Әке, ашуланбаңызшы, өйткені биологиядан әлі үй тапсырмасын тексерген жоқ. ***** Оқытушы : - Айдаров, лекцияға неге кешігесің? - Кешіріңіз, ағай, ұйықтап қалыппын. Өй, сен үйіңде де ұйықтайсың ба?! ****** Студент емтихан тапсыруға келіп тұр. Оқытушы: - Билет алыңыз. - Ағай, менде «проездной» ғой. ***** Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор: - Сіздің аты-жөніңіз? - Бектұров (студент жымиып күледі). - Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың? - Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын. ***** Әкесі мектепте оқитын баласының күнделігін тексеріп жатыр: - Физикадан - 2, математикадан - 2, географиядан - 2, тарихтан - 2, ән сабағынан - 5... Әй, сен неменеңе жетісіп ән салып жүрсің-ей? ****** Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы: - Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым. - Не дейсің? - Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Жетінші сыныпта қайта оқитын болдым.
Исто1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

2-жүргізуші: Әзіл - қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, - дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

1-жүргізуші: Мектеп -өмірінен алынған сөздерге түсінік беріп өтсек:

Каникул - жылдың ең қысқа күндері.

1-жүргізуші: Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

2-ж:Математика - мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін "жаңғақ".

1-ж:Дос - бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

1-ж:Сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

2-ж:Спорт секциясы - әжеме айтатын басты сылтауым.

1-ж:"Апайға айтам" - қыздардың негізгі қаруы.

2- Жүргізуші: Әдемі, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

1- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

1-Жүргізуші:-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1. Домбырада - жетеу, сырнайда - алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

2-жүрӘзілдер - Мектеп

[ ]

08.12.2008, 00:26

Апаймен байланыс

- Алло салеметсизбе булким?
- Мен Акмаралмын. ал сиз кимсиз?
- Мен сиздин баланыздын апайымын
- Менин балама не болп калыпты алде сабагын окымай журме
- Жок... Мен ремонттын акшасын сурайын деп едим
- телефон сондирули телефон отключен

-------------------------------------------------------------------------

Подшибниктер қайда?

Жаңаарқа ауданы, Сәкен Сейффулин атындағы мектепке Қарағандыдан тексеріс келеді деп өздерінше пысықсып Сәкен бабамыз туралы бір қойылым қойып берейік деп Сәкеннің орнына менің Қанат деген бауырым, тікірейген шашын артқа қайырып түні бойы әлекке түсіп гельдеп содан не керек қойылымның кезі келгенде образға кіріп қанша дегенмен трогедия болғансоң түр деген серезный Қарағандылық қонақтар түгелдей жиналған қойылм басталып кетті, бір кезде орыстың офицері атып шығып большевектер қайда! дегеннің орнына подшибниктер қайда деп айғай салғанда Сәкеннен бастап Қарағандылық қонақтарға дейін қыран топан болып күліп, тексеруші қонақтардың басшысы бұндай трогедияны коммедияға айналдыра білу кәсіпқой актерладың қолынан келмейтіндігін мойныдап, біздің тексерісіміз осы мен бітті деп сол күлген қалпында Қарағандыға қайтыпты .
-------------------------------------------------------------------------

Тәулдік жалғауы

-Оқушылар! Бүгін біз Сіздермен /Тәуелдік жалғауын/ өтеміз. Ал, қарапайым мысал:
Менің қарындашым; Сенің қарындашың,
Сіздің қарындашыңыз; Оның қарындашы. Ал, Арман, менің айтқан мысалыма сәйкес мысал келтірші.
-І-і-і... Қысқасы, жалғыз қарындаш бәрінікі :)
-------------------------------------------------------------------------

Қол қою

-Әке, Сіз қолыңызды көзіңізді жауып тұрып қоя аласызба?
-Ия.
-Онда менің күнделігіме көзіңізді жауып тұрып қол қойып көріңізші...
-------------------------------------------------------------------------

Тудым.

Бірде орыс сыныптарында қазақ тілі болып жатыр.Мұғалім оқушыларды топқа бөлу үшін тесттік сауалдарға оқушылар өз бетімен жауап беруде.Бәір тесттің тапсырмасы :
-Тудым -сөзіне дұрыс тіркесті таңда:
а)мен
б)сен
в) ол
Бір оқушы сұраққа дұрыс түсіне алмай:
- Апай, мен не ражаю, мен еркекпін ғой ,- депті.
-------------------------------------------------------------------------

Шешесiнiн есiмi

Мугалiм окушыдан сурап жатыр:
- Маманнын аты кiм?
Окушы ундемей турып калыпты. Мугалiм кайтадан:
- Ай, маманнын аты кiм деймiн?-дептi.
Екi-уш рет сурап жауап ала алмаган мугалiм ашуланып:
- Ай, осы сенiн уйiнде акен шешендi не деп шакырады?-десе, алгi окушы:
- Е, БЕРI КЕЛ Е!!! деп айкай салыпты :-)
-------------------------------------------------------------------------

Кіріспе

-Балам, оқу жылы басталып кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!
-Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, "Кіріспе" деп тұрады, сосын кіріспей жүрмін!
-------------------------------------------------------------------------

ТЕРЕЗЕ ЖАҚТАУЛАРЫ

Мектеп директоры Арманға мектептің төртінші қабатындағы терезелерді сырлауды тапсырады. Бірнеше сағаттан соң Арман мектеп директорына келіп былай депті:
- Ағай, жақтауларында сырлайын ба ???
-------------------------------------------------------------------------

мектеп Директоры

Баласы анасына:
-Мен енді мектепке бармаймын!
-Неліктен?
-Да ную...Сулейменов тағы да рогаткамен атады,Серіков-кітаппен басымнан соғады,Дүйсенбаев-подножка қояды...Бармаймын!
-Жоқ,Думанжан,сен баруың керек.Біріншіден,сенің жасың қырықта,екіншіден сен мектеп директорысың!
-------------------------------------------------------------------------

Қаламсап

Сыныпта диктант жазып жатқан оқушылардың бірінің қаламсабының сиясы таусылып қалса керек, қасындағы досынан ақырын ғана:
-Қаламсабым жазбай қалды, ұштағышыңды бере тұршы,-депті.
-------------------------------------------------------------------------

По семь

Болған әңгіме: қазақ-орыс аралас мектебі, асхана буфетінде ұлты орыс сатушы әйел тағамдарын сатып жатыр. Алдында тиін ұстаған қолдарын созып, 3-4 сыныптың балалары - "дайте по семь, дайте по семь" - деп, 7 тиын тұратын песочный коржикты бір бірімен таласа, сатып алып жатыр. Сонда "дайте по семь, дайте по семь" деген сөздердің арасынан бір бала - "по семь по чём" дегені бар ма.
-------------------------------------------------------------------------

Қаламсап

Сабаққа Айбек келді.Диктант жазып жатқан кезде қаламының сиясыбітіп қалды.Апайы неге жазбай отырсың дегенде,қаламсабымның бинзині бітіп қалды депті
-------------------------------------------------------------------------

Жаңа Жыл

Жаңа жылдық шыршадан беті қолы жырым жырым болып келген баласына әкесі шошып Не болды деп ашуланыпты. Сонда баласы: Шырша дәәәу екен? ал балалар аз. Бізді қол ұстатып айналдырып қойды депті.
-------------------------------------------------------------------------

Ермек

-Ермек, бері кел! Кане бізге Абайдың бір
өлеңін ок,ып жіберші
-Кешіріңдер, мен оқи алмаймын...
-Неге?
-Абай атамыздың өзі жазып кеткен ғой,
«Мен жазбаймын өлеңді Ермек үшін...»
деп...
-------------------------------------------------------------------------

математика сабагы

математика сабагы,
мугалим тактага 3:3 деп жазып
-бул ненi бiлдiредi дейдi.
-3 де 3 бен тенестi.(футвол)
-------------------------------------------------------------------------

Бала қырғыны

Мектепте Асхатқакүнде бір бала тиіседі екен.Бір күні ұрайын деп жатқанда:
-Ағама айтып қоямын,спортсмен!
-Ағаң қандай спорт түрімен айналысалы?
-Шахмат.
-------------------------------------------------------------------------

ҰБТ-тесті

Оқу орннына түсу үшін тест тапсыру аяқталды.Төртінші пәні география болған оқушы Құдайға жалбарынып тұр:
-О,Құдай Мәскеуді Қытайдың астанасы қыла гөр.
-------------------------------------------------------------------------

Бермеймін

Мұғалім сабақтан қайтып келе жатса, алдынан тонаушы тап береді.
-Сағатыңды әкел!
- Бермеймін, өзім де жарты ставкада жүрмін.
-------------------------------------------------------------------------

Кіріп келді.

Бірінші класта сабақ жүріп жатыр. Кешігіп қалған Әділет есікті қақпай рұқсатсыз кіріп келді.
Мұғалім:
-Әділет, сыртқа шық та, үйге кешіккен әкең қалай кіреді, сен де солай кір,- дейді.
Әділет шығып кетіп, 5 минуттан соң, есікті бір теуіп:
-Не, күткен жоқсыңдар ма!- деп кіріп келіпті.
-------------------------------------------------------------------------

Түк болмайды


-Егер мен алтын сақинамды қышқылға салсам, не болады?
-Түк болмайды.
-Оны қайдан білесің?
-Егер бірдеме болатын болса, сіз сақинаңызды қышқылға салмас едіңіз.
-------------------------------------------------------------------------

солтүстікте


-Жер бетіндегі ең ыстық аймақ қайда?
-Солтүстік полюсте.
-???
-Енді... барлық оңтүстік желдері солтүстік бағытында соғады деп өзіңіз айттыңыз ғой.

-------------------------------------------------------------------------

Орыс тілі сабағында

- Сәрсен, сен неге шиколад деп жазғансың?
- Жи, ши пишется через и деп үйреткен өзіңіз ғой.

-------------------------------------------------------------------------

Оқушылар шығармаларынан үзінділер

* Егер фараон жаман болса, оны өлтіретін, ал егер жақсы болса, одан мумия жасайтын.
* Құлдардың негізгі кәсібі құлдық болатын.
* Некрасовтың шығармаларынан шаруалар өз өмірлерінің нашар екенін оқып білетін.
-------------------------------------------------------------------------

СУЫРЫП...... КӨРСЕТУ

Апайы оқушыларға үйге кішкентай балалардың қалай пайда болатынын біліп келуге тапсырма береді. Арман үйде әкесінен сұрағанда, картоптан ойып жасағанын айтады. Таңертең Арман бір картопты портфеліне салып, мектепке келеді. Сабақта апайы үй тапсырмасын сұрап жатыр:
- Айгүл, сен айтшы ?
- Балаларды ләйлек алып келеді.....
- Ал Арман сен айтшы ?
Арман:
- Менің суырып....... көрсетуіме болады ма ?
-------------------------------------------------------------------------

Бір күні мұғалім жұмыстан қайтып бара жатса,алдынан бір ұры шығып қалыпты.Ұры мұғалімнің сөмкесін ақтарып,ештеңе таппапты,сосын қолындағы сағатына жармасыпты.Сонда мұғалім сасқанынан:
-Өтініш,сағатыма тиіспеңізші,сынып жетекшілігімді алыңызшы,- депті зуші:Көп рахмет сіздерге, ұс2 - жүргізуші: Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!
ІІ жүргізуші: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары -
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
І жүргізуші: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!
ІІ жүргізуші: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас - тартысу -
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
І жүргізуші: Махабатты: бала және Отаны,
Сүйікті ісі: Қағаз - кітап қопару.
Демалысы: шәкірттерге хат жазу,
Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

ІІ жүргізуші: Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,
Қашан көрсең күліп бара жатқаны.
Күлетіні: бақыттылық нышаны,
Байлықтары: шәкірттердің хаттары!
І жүргізуші: Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

таздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

2-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.


3-оқушы:

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

4-оқушы: Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

1 жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!


Неге бармайсың?

Баласы шешесіне айтады:

- Мен енді мектепке бармаймын!

- Неге бармайсың?

- Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын!

- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.

"Суретші"

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.

- Сіз оны айтасыз, - дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.

* * *

Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

Асан:

- ???

Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

- Асан:

- ???

- Мұғалім:

- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?

Асан:

- Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал