7


  • Учителю
  • Сценарий по мини центру на тему 'Наурыз мерекесі'

Сценарий по мини центру на тему 'Наурыз мерекесі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Балапан» шағын орталығы Мерғалым ауылы 2015 жМақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру: ұлттық киімдер, ойындар , тағамдар туралы білімдерін кеңейту. Ұлтымыздың дәстүрлерін , мерекелерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Жүргізуші: Хош келдіңіздер ата-ан
предварительный просмотр материала

«Балапан» шағын орталығы




Мерғалым ауылы 2015 ж

Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру: ұлттық киімдер, ойындар , тағамдар туралы білімдерін кеңейту. Ұлтымыздың дәстүрлерін , мерекелерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Хош келдіңіздер ата-аналар , қонақтар , балалар !!! Сіздерді келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз !!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!! Жан ұянызга тыныштык және бакыт тілейміз табыстарыңызга жұмыстарыңызга жеміс тілейміз!

Жүргізуші: Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз,арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын ! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын !

Жүргізуші: Балалардың Наурыз мейрамына арнаған мерекелік бағдарламасын тамашалауға шақырамыз !

Жүргізуші: Наурыз келсе , құт келгені халайық !

Есік ашып , шашу шашып ,

Ел боп қарсы алайық.

Той пернесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойындар,

Бұдан кейін ойын бар. ( шашу шашылады)


Жүргізуші: Бақыт тілеп жолдастарға,

Жаңа жылды қарсы алайық.

Ақ көңілмен , ақ тілекпен ,

Асқақтата ән салайық.

Балалардың орындауында ән : « Наурыз тойы»

Жүргізуші: Балалар білесіңдерме ? Наурыз тойының өзіне тән улкен ырым асы-Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық , молшылық , татымды өмір болсын деген ырымды , тілекті паш етеді.

Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады.Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

Сондықтан да, тойшылар бір-біріне « ақ мол болсын» , «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қадыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп ,жақсылық шашады екен.

-Балалар ,бізге Қадыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсейік қайтеді ?

Тапсырмалар: 1) -Дүниеде не тәтті? Не жұмсақ ?

-Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер ?

Малды теппе - Ақты төкпе - Отты шашпа- Күлді баспа- Бүйіріңді таянба-Жағыңды таянба - Бос бесікті тербетпе - Бесікті ашық қалдырма

2) Жеті атанды ата.

Әке, бала, немере , шөбере , шөпшек , немене , туажат.

3)Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Айран , сүт, ірімшік , құрт,қатық,шұбат, қымыз,қаймақ,май, іркіт т.б.

4)Ұлттық ойындарды ата.

«Алтыбақан», «Қыз құу», «Көкпар», «Бәйге», «Тоғызқұмалақ», «Ақсүйек», « Арқан тарту» т.б.

Жүргізуші: Отыз күн мен, отыз түн,

Жібек тойы тойлансын.

Жиналған халық құанып

Арқан тарту ойналсын !

Ұлттық ойын : «Арқан тарту»

Жүргізуші : Ән салайық келіңдер,

Жырдан моншақ теріңдер.

Көтерейік көңілді,

Мың бұралып билеңдер!

Султанов Аңсар, Әлжан Әлем және Алишева Назеркенің орындауында би «Қара жорға»


Қазақтын салт-дәстүрі « Тұсау кесу

Аламан болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін.

Қас батырдай көрікті,

Ғұмыры болсын берікті.

Азамат болсын ардақты,

Мінезі болсын салмақты,

Өнері болсын жан-жақты.

Осы айтқанның бәрі қабыл болып,

Тәңірім берсін зор бақыт !!!


Сахналау « Бауырсақ ертегісі»

Жүргізуші : Таң шапағын қарсы алып наурызда,

Құт -береке тілейміз аулымызға.

Ұлыстың Ұлы күнінде ән жолдайды,

Ортамызға шақырамыз қошеметпен,

Назерке сәнді әншімізді.

Алишева Назеркенің орындауында ән « Бала тілегі»

Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар бүгінгі салтанатты мерекемізбен құттықтауға шетелден келген қонақтарымызды қарсы алайық !

Бірінші қонақтарымыз - Ресей Республикасынан келген « Матрёшкалар тобы».

Матрешкалар тобын қошеметпен қарсы алайық.

Би « Матрешкалар биі» ( Оразбек Аяулым, Қожахан Інжу, Кондратьева Алина)

Келесі қонақтарымыз Корея халқы Республикасының тұрғындары өз билерін назарыңызға ұсынады. Қарсы алыңыздар !

Би «PSY-Gentleman» ( Әлжан Әлем, Темірболат Ислам, Темірболат Темірлан)

Келесі құттықтау Саудовская Аравия Республикасынан келген қонақтарымызды қарсы алайық !

Би «Bellydance» - Арабская музыка ( Султанов Аңсар, Қаиса Данеля, Умарова Аделя)

Ақырғы қонақтарымыз сонау Африкадан келген папуастарды қарсы алайық !!!

Би « Мадагаскар» ( Зайров Мансур, Жунусова Диана, Жумажанов Рахим, Қанатқызы Аружан)

Тәрбиеші: Қонақтарымыз қандай тамаша !!!

Ұлттық ойын « Қыз құу»

Мазмұны: Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды ( ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.

Тәрбиеші : Наурыз күні бар үйлерде дастарқан жайылып тұрады. Осы күні адамдар қазақ ұлтының тағамдарын әзірлеп, қонақтарды қарсы алады.

-Сіздерді Ұлыстың ұлы күніне дайындаған дастарқанға шақырамыз !

«Тойбастар» салт дәстүрін өткізу.


Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына салынсын !

Әумин!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал