- Учителю
- 'Отбасым-бақыт мекенім'тәрбие сағаты 8 класс
'Отбасым-бақыт мекенім'тәрбие сағаты 8 класс
Тақырыбы: Отбасым- бақыт мекенім
Мақсаты: Отбасы татулығы, ата-ананың баласының тәрбиесіндегі ролі, баласы арасындағы байланыс, бір-бірімен бірлесе отырып, ұжымдасқан түрде, белсенді қабілеті мол үлгі көрсетерлік түрде бәсекеге қабілетті отбасын сайыс барысында бағалап, түрлі номенациялармен марапаттау.
Әдісі: Ата - аналар мен балалармен сайыс түрлері өтеді.
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Олай болса бүгінгі ортаңғы топ арасында өткізілгелі отырған «Ынтымақты отбасы» сайысына хош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз.
1-топ:...................
2-топ:...............
3-топ:...............
Әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.
Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады
1. Таныстыру
2. Отбасындағы жағдаяттар
3. Салат әзірлеу.
4. «Дизайн.ер» боламыз ба? Берілген плакатқа сурет салу, жабыстыру, әртүрлі апплекациялық жұмыстар арқылы 5 мин ішінде ОТБасым бейнелейміз.
5. Менің жұлдызды отбасым.(үйден әр топ сурет көрмесін әзірлеп келеді)
6.Оқушы шығармашылығынан (оқушылар отбасы туралы өз беттерінше өлең шығару,эссе жазу, шығарма жазу т.б.)
7."Күлкі көңілдің ажары"
Жүргізуші:
Отбасының ордасын,
Періштелер қорғасын
Тіккен әр бір отауға,
Тәңірің жақсылық жолдасын.
Асқар тауы -сүйеніші әкесі
Мөлдір бұлақ тіреуіші анасы
Жасыл құрақ- келешегі баласы
Бірге олар болады мықты отбасы- деп сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық.
І - бөлім . Әр топ өздерін таныстырады.
Жарайсыңдар, барлығың да өренім,
Асып бір төселсінші кемелің.
Риза болып, біздер қане көрелік,
Тамашалап отбасының өнерін.
ІІ- бөлім. Жағдаятттар.
1. Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаңыз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
2. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3. Мектептен келген балаңыз. «Мен ертең мектептен бармаймын , апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4. Мектептен келген қызы мамасына «Мама сізге қызық нәрсе айтамын. Бүгін мектептен ..... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Мамасы : «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма!» деді.
Ән : ............................
ІІІ-бөлім:Салат әзірлеу.
ІV-бөлім:"Дизайнер"боламыз ба? Берілген плакатқа сурет салу, жабыстыру, әртүрлі апплекациялық жұмыстар арқылы 5 мин ішінде ОТБАСЫН бейнелейміз.
V- бөлім. "Менің жұлдызды отбасым."(үйден әр топ сурет көрмесін әзірлеп келеді)
VІ-бөлім.
VІ тур. «Күлкі - көңіл ажары». Кәне, бір күліп алайық!!! Бір әріп таңдап, сол әріп бойынша жауабын беріп отырады.
• Жарыс ұнап жатыр ма?
• Сағат неше болды?
• Шаршадыңдар ма?
• Үйге асығып тұрмыз ба?
• Қонақтарға не айтасыңдар?
• Әділқазы шаршады ма екен?
• Үй тапсырмасына көмектесесіңдер ме?
• Мектепке қандай көңіл-күйде келдіңіз?
• Жиналысты ұнатасызз ба?
• Қонаққа мені шақырасыздар ма?
• Қандай ас ұнатасыздар?
• Мектеп ұнай ма?
• Үйге қалай барасыздар?
• Туған күнге не сыйлайсыз?
• Билеп аламыз ба?
• Шайға не қосып ігесіздер?
• Сұрағым өте көп пе?
• Үйді кім жинайды?
• Төсекті ше?
• Асты кім пісіреді?
• Каникулда не істейміз?
• Қуанғанда не істейміз?
• Ренжіткен адамға не айтасың?
• Сұрақтар қашан бітер екен?
Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, отбасының ар - намысын сақтауға, сырын шашпауға, бір-біріне адалдыққа тәрбиелеген.
Бүгінгі тренингті Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезімжақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
VІІ. «Тренингтен алған әсерім»
Қорытындылау. (5 минут)
Құремтті қонақтар, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазып, мына «Тілек ағашына» ілулеріңзді сұраймын.
Өз тілектерін оқып, ағашқа іледі.
Адамның ең басты шаттығы болып саналатын - бала.
Әр бала бір жұлдыз.
Әділқазы алқасы әділ бағаларын беріп, әр отбасыға «Дизайнер отбасы», « Бақытты отбасы», «Көңілді отбасы» номенацияларымен түрлі сыйлықтармен марапаттайды. Бүгінгі «Отбасым -бақыт мекенім!» атты ашық тәрбие сағатымыз жабық деп жариялаймын!!!